Телефонхат - телефон я радио арқылы жолданатын хабарламалық сипаттағы құжат.
Телефонхат - телефон я радио арқылы жолданатын хабарламалық сипаттағы құжат.
Телефонхат үшінші бір мекеменің қатысынсыз тікелей мәлімденеді. Қабылдаушы жақ ақпаратты жазып алады.
Телефонхаттың формуляры: хабардың аты, нөмірі, күні, қабылданған уақыты, байланысты жүзеге асырушының аты-жөні, телефон не рация нөмірі.
Телефонхатты қабылдаған адам ақпаратты тиесілі адамға шұғыл жеткізуі міндетті.
Телефонхаттың жеделхаттан айырмашылығы сіз үшінші бір мекеме қызметіне жүгінбей өз ақпаратыңызды телефон я радио арқылы алушыға тікелей мәлімдей аласыз. Ол байланыстың келесі бетінде тұрып сіз айтқан ақпаратты жазып аласыз. Телефонхаттың мәтіні аса күрделі болмауы керек.
Телефонхаттың формуляры: жіберілген хабардың аты, нөмірі, жіберілген күні және қабылданған уақыты жөніндегі мәлімет, байланыс жүйесін іске асырган адамның аты-жөні, телефон я радио нөмірі.
Телефонхаттың, радиограмма мәтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға жазылады, оған мекеме бастығы немесе жауапты қызметкер қол қояды.
Бұл құжаттың ерекшелігі оның мекемеге бірден келіп түсетіндігі. Телефонхат басқа қызметтік құжаттар сияқты есептеледі, қабылданады, сақталады.