Қызметтік хаттардың түрлері:
Өтініш хат
Ресми хат
Ұсыныс хат
Сұраныс хат
Жолдама хат
Баяндау хат
Ақпарат хат
Циркуляр хат
|
Шағым хат
Бас тарту хат
Хабарлама хат
Жауап хат
Ілеспе хат
Ескертпе хат
Талап ету хат
Түсінік хат т.б.
|
Қызметтік хаттардың құрылымы:
1. Кәсіпорынның атауы.
2. Кәсіпорын бөлімшесінің атауы (кейбір жағдайларда).
3. Кәсіпорын туралы анықтамалық деректер.
4. Күні, айы, жылы.
5. Тіркелім нөмірі.
6. Хатты алушы.
7. Мәтінге тақырып.
8. Негізгі мәтін.
9. Хат жіберушінің аты-жөні, қолы.
Қызметтік хаттарға қосымша
1. Қызметтік жеке хаттар. Бұл хаттардың ерекшелігі – айтылатын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелерге де арналатындығы. Дегенмен де, қызметтен тыс мәселелер, адамның өз қызметімен, ұйымның атқаратын қызметімен шеше алатын мәселелер өрісімен тікелей байланыста болады. Бұл хаттар жеке тұлға атынан жазылады.
2. Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкер- лерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақ- сатында жазылады. Хат мазмұнының негізгі құндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |