9. Талап ету хат мәтінін сатып алушы кәсіпорын міндетіне жауапкершіліксіз қарайтын жеткізуші ұйымға жолдайды. Мәтінде хат иесінің талаптары мен шағымдары көрсетіледі. Бұл талаптар негізделеді, қажет болған жағдайда, хат иесі өзіне аударуды сұрайтын соманың егжей-тегжейлі есебін көрсетеді. Хатқа ұйымның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
10. Түсінікхат – 1) негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның) жекелеген ережелерінің мазмұнын түсіндіретін құжат; 2) лауазымды тұлғаның қандай да бір іс-әрекетті, деректі оқиғаны түсіндіріп, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға ұсынатын хабарламасы. Түсінікхат қызметкер ішкі еңбек кестесін және еңбек тәртібі ережесін бұзған жағдайда (жұмысқа кешігіп келу, жұмыстан қалу, жұмыс орнынан табылмау және т.б.) жазылады.
Іскерлік хат – кəсіпорынның, ұйымның, мекеменің сыртқы əлеммен негізгі байланыс арналарының бірі. Хат арқылы алдын-ала келіссөздер жүргізіледі, кəсіпорындар арасындағы қарым-қатынастар анықталады, талап-шағымдар айтылады, ұсыныстар жасалады, өзара пайдалы ақпарат алмасу іске асырылады.
Хатты жылдам əрі сауатты дайындау үшін қазіргі кездегі ресми хат-хабар стилін жəне оған қойылатын талаптарды білген жөн.
Қызметтік хаттар – бұл іс құжаттарының ең көп тараған түрі. Хат басқа кəсіпорынмен немесе мекемелермен əртүрлі мəселелер бойынша жедел байланысу үшін жасалады.
Хат мазмұны жəне мақсаты бойынша ақпараттық, кепілдік, рекламациялық (наразылық), коммерциялық, сұрату-хаттар, шақыру
хаттар жəне т.б. болады.
Достарыңызбен бөлісу: |