Измухаммедова Сарсенгул Мустафаевна Маңғыстау облысы білім басқармасының «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақшасы»



бет4/6
Дата01.07.2018
өлшемі0,89 Mb.
#45212
1   2   3   4   5   6

3. «Арулар» - Ергазиев Жансерік.

Жүргізуші: Рахмет балалар! Өнерлерің өрге жүзсін!

Әрі қарай сайыскеріміз – 8 топ бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.



1. «Отан» - Алисеев Ермұханбет.

2. «Анашым!» - Асылбекова Арайлым.

Жүргізуші: Мұқағали Мақатаев шығармашылығына шолу жасасақ, атамыздың адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер туралы терең толғаған 650-ден астам лирикалық өлеңдері, “Ару-ана”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Отаным, саған айтам”, “Аққулар ұйықтағанда” атты поэма-толғаулары бар.

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы халықтың наным-сенімін, әдет-ғұрпын жаныңмен ұғып, санаңа сіңіруді көздеген туынды. Ақын бұл поэмасын бір түнде жазып, ертеңіне Ғабит Мүсіреповке келіп, оқып беріпті. Ғабит Мүсірепов поэманы мұқият тыңдап, Мұқағалидың арқасынан қағып: «Өте жақсы»,- деп бағасын беріпті, ақынға алтын қалам сыйлапты. Ендеше осы қасиет пен қасіреттің белгісіне айналған поэмаға назар аударайық.

Поэмадан үзінді «Аққулар ұйықтағанда»

Жүргізуші: Сайысымызды әрі қарай жалғастырамыз. Келесі қатысушы 5 топ бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.

1. Алмазұлы Санжар - «Дос».

2. Жеңіскериева Гүлназым - «Сап-сары жапырақтар».

3. Наврузбай Нұржан - «Мен өскен лашық – бір бөлме».

4. Мырзағалиева Аянат - «Жолұзақ».



Жүргізуші: - Рахмет балалар! Өнерлерің өрге жүзсін!

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, - деп жырлаған атамыздың шығармашылығына бүлдіршіндермен қатар тәрбиешілерімізде қызығушылығын танытып, сіздерге ақынның өлеңінен үзінді оқып бергісі келеді.

1.Тәрбиеші Ләззат Тельманқызын

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет