Жүргізуші:
- Құрметті, жыр сүйер қауым!
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетіп қалды. Осы сайыс барысында сіздер ақынның жырларын оқып, тыңдап қана қоймай, өмірі мен шығармашылығы туралы аз да болса мәлімет алды деп ойлаймыз.
Ән сал, жаным!
Әніңмен тербет мені
Бір сәтке тынсын, тіршілік жер көктегі
Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды. Оның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ендеше, әділқазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарғанша ақынға тағзым, ақынды еске алу ретінде «Есіңе мені алғайсың» әнін барлығымыз бірге шырқайық.
Ән: «Есіңе мені алғайсың».
Жүргізуші: Бүгінгі «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты мәнерлеп оқу сайысының қорытындысын жариялау үшін әділқазылар алқасы төрайымы Шамшагул Базарқызына сөз берейік...(Қатысушыларды марапаттайды).
«Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған» - деп болашақ ұрпаққа жол сілтеген
Мақатаев жырлары, бүгінгі кеш барысында балаларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдеміз.
Олай болса, бүгінгі сайысымызға белсене қатысқан топтар мен тәрбиешілерге алғысымызды білдіреміз. Көріп, тамашалағандарыңызға көп рахмет! Қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |