Изотерапия – бұл сурет салу өнерінен тұратын арт-терапия бағыты. Ол үлкендер, балалар мінез-құлқын түзету жұмыстарында да тиімді терапия


Изотерапияның негізгі принциптері



бет6/13
Дата16.08.2022
өлшемі60,42 Kb.
#148095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Изотерапия психологтарга

Изотерапияның негізгі принциптері
1. Баланың қалауы – сабақтың негізгі шарты.
2. Баланы мадақтау, алғыс білдіру.
3. Психолог, педагог баламен сабақ барысында бала және оның салған суреті жайлы қойылатын сұрақтарға «білмеймін» т.б. тәрізді берілетін жауаптарға өз жауап нұсқаларын ұсынуға дайын болуы тиіс.
4. Сәтті әрі нәтижелі жұмыс жасаудың басты шарты – психологтың өзі ұсынған жұмысқа тікелей қатысуы. Психолог балалармен бірге өзінің көңіл-күйі (сабақтың басында және соңында) туралы айтады, сурет салады, талқылайды, балаға берілген тапсырмалардың барлығын бірге орындайды. Осындай жағдайда ғана балада психологқа деген сенім орнайды.
Изотерапия сессияларын жүргізу, ережелер, әрекеттер
1. Баламен арт-терапиялық сабақты бастамас бұрын оның мақсатын анықтау керек.
2. Баламен әңгімелесу қажет.
Алғашқы арт-терапиялық сабаққа келген балаға сабақ барысында басшылыққа алынатын мінез-құлықтың 3 негізгі ережесі түсіндірілуі қажет:
1. Өзіне зиян тигізбеу.
2. Өзгелерге зиян тигізбеу: өзге балаларға тиіспеу, басқалардың суретін бүлдірмеу (топтық арт-терапия болған жағдайда).
3. Бөлмені және материалдарды ластамау.
Бұл ережелерді әрбір сабақтың басында ескерту керек.
Изотерапевтке болмайды:
1. Суретті және бала мінез-құлқын бағалауға (жағымды, жағымсыз) болмайды. Бала өзін бағаланатынын түсініп, саналы түрде арт-терапевтің көңілінен шығуға тырысып, жақсы бағалануға тырысады. Осылайша, процестің шынайы ағымы бұзылады.
2. Баланы асықтыруға және оның салған суретінен шыққан бейнені анықтау мақсатында тікелей сұрақтар қоюға болмайды (бала жауап беруге дайын болмайынша). Баланы алдын ала зерттеуге бірден тарту балада үрей, мазасыздық күйін тудырады.
Суреттерді интерпретациялауда мыналарға мән беру керек:
- Кейбір объектілердің неліктен ерекше салынып, қызықты (түсініксіз) көрінуіне мән беру.
- Суретті жетіспейтін немесе қалып қойған объектілер тұрғысынан зерттеу. Жетіспейтін элементтер маңызды болуы мүмкін, олар адамның осы өміріне ненің жетіспейтінін білдіруі әбден ықтимал.
- Суреттің ортасына салынған нәрсе көп жағдайда мәселенің мәнісін немесе осы адам үшін маңызды болып табылатын нәрсені меңзейді.
- Бейнеленген объектілердің, жануарлардың, адамдардың көлемі мен пропорциясының да маңызы зор. Тым үлкейтіліп салынған фигуралар әлдебір нәрсені күшейтеді, аса кішірейтілген фигуралар керісінше төмендетеді.
- Көбіне фигураның немесе объектінің қандай да бір бөлігінің пропорциясы бұрмаланып көрсетіледі. Бұл айрықша назар аударуды қажет ететін проблемалық аймақты білдіруі мүмкін.
- Суреттен қайталанатын объектілерге де мән берілуі керек. Қайталанатын объектілер бала (клиент) үшін үлкен рөл атқаруы мүмкін, олардың өткен, қазіргі және болашақ үшін маңызы болуы ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет