Изотерапия – бұл сурет салу өнерінен тұратын арт-терапия бағыты. Ол үлкендер, балалар мінез-құлқын түзету жұмыстарында да тиімді терапия.
Изотерапия – психотүзету практикасында, арнайы психология және арнайы педагогикада кең қолданылады, әсіресе ол әртүрлі проблемалары бар балалармен, ПДТ, сөйлеу бұзылыстары, есту бұзылыстары, ақыл-ойы кем балалармен, аутизммен жұмыс жасауда жағымды нәтижелер береді.
Көптеген жағдайда сурет салу терапиясы психотерапиялық қызмет атқарады, балаға өзінің психологиялық проблемаларымен күресуге көмектеседі.
Изотерапия өзінің эмоционалды толғаныстарын, сезімдерін сөз арқылы жеткізе алмайтын балалармен жұмыс жасауда өте тиімді. Сондықтан, изо-терапевт көмегімен балалардың, үлкендердің айта алмай, іште тұйықталып қалған сезімдерін, жағымсыз эмоцияларын, ішкі толғаныстарын шығармашылық (сурет салу, мүсіндеу, музыка) арқылы шығарады.
ИЗОТЕРАПИЯ МАҚСАТТАРЫ 1. Жағымсыз сезімдердің, агрессивтіліктің шығуына мүмкіндік беру. Суреттермен, картиналармен жұмыс жасау - іштеі буды шығарудың, күштену, қысымды бәсеңдетудің қауіпсіз тәсілі.
2. Емдеуді жеңілдету.
3. Диагностикалық қорытынды жасау және интерпретациялау үшін материал алу.
4. Адамның үнемі басып, тыйып тастайтын сезімдерімен, ойларымен жұмыс жасау. Вербалды емес құралдар көп жағдайда күшті сенімдер мен ой-толғаныстарды, әсерлерді анықтауға көмектесетін жалғыз тәсіл.
5. Адам мен психолог арасында қатынастарды түзету. Көркемдік іс-әрекетке бірлесе қатысу – өзара қабылдауға, эмпатияға мүмкіндік жасайды.
6. Ішкі бақылауды дамыту.
7. Сезімдере зейінді шоғырландыру.
8. Көркемдік қабілеттерді дамыту, өзіндік бағалауды жоғарылату.
СУРЕТ ЖӘНЕ СӨЗ Сурет және сөз – екеуінің де терапиялық үрдісте маңызы зор және бірдей. Екеуінің біріне ғана назар салу – емдеу мүмкіндігін төмендетеді, сондықтан екеуіне де аса мән берген жөн.
Психотерапияда шығармашылық үрдіс пен оның нәтижесі маңызды.
Клиент сурет салғанда онда ненің салынғаны туралы сұрақтарды бірден қоймаймыз (Не салдың деп тікелей қоймаймыз), бастапқыда жай ғана сұраймыз:
- «Сурет салу барысында нені сезіндіңіз?» немесе «не сездіңіз?» – «бойыңызда қандай әсер болды?».
Егер клиентке сурет салу үрдісі (тітіркендіруші) қоздырушы немесе физикалық /эмоционалды әсер еткенін байқасақ, «Қазір өзіңізді қалай сезініп тұрсыз» деп сұраймыз. Суреттен клиент маңызды. Оның не сезінгені немесе не сезетіні маңызды. Кейде клиент барлық сезімдері, әсерлері туралы айтып жатқанда: «Осы сурет жайында айтып беріңізші», - деп сұраймыз.
Кейде клиент картинадан не маңызды екенін білмей, айта алмай жатады. Олар тіпті неден бастарын білмейді. Терапия басында клиент өзінің суреті жайында айтуға ұялады; ондай жағдайда: «Картинадан нені көріп тұрсыз?» деп сұраймыз. Бұл қарапайым сұрақ клиентті терапияға енгізуге көмектеседі, ассоциация, фантазия туындайды, ойлау әрекеті, эмоционалды / дене реакциялары (әсері) туындайды; әртүрлі мәселелер туралы ой қозғалады.
Адам табиғаты, жаратылысы бойынша біртұтас болып келеді: дене (сенсорлық және моторлық қабілеттер), жан (эмоцияларымыз) және рух (біздің когнитивті үрдістеріміз), олар бір-бірінен ажырамайды.
Адамның (дене-жан-рух (ақыл-ой) тұтастығының әрбір аспектісіне қатысты сұрақтарды келесідей қоюға болады: