Изотерапия – бұл сурет салу өнерінен тұратын арт-терапия бағыты. Ол үлкендер, балалар мінез-құлқын түзету жұмыстарында да тиімді терапия



бет8/13
Дата16.08.2022
өлшемі60,42 Kb.
#148095
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Изотерапия психологтарга

«ТҰЗБЕН СУРЕТ САЛУ» техникасы
Қара жылтырақ А4 қағазға ПВА клеймен найзағай, жұлдыз, салют сызып аламыз. ПВА клейдің үстіне тұз сеуіп шығамыз. Тұз клейге жабысқаннан кейін краскамен бояймыз.


ҮРЛЕУ техникасы
Палитраға сұйықтау қылып қоңыр гуашьтан смесь жасап аламыз. А4 сары қағаздың оң жақ бұрышына қоңыр түсті гуашьты үйеміз, палочкамен үрлейміз. Сонда бұтақтары бар түрлі бейнедегі ағаш шығады. Түрлі-түсті гуашьпен әрі қарай жалғастырамыз: қызыл түсті гуашьпен жеміс саламыз. Клиент тамағыма өксік тығылып тұр десе, қоңыр гуашьты «өксік» деп ойла да, сол айта алмай қалғанды сыртқа шығар дейміз.


ПУАНТАЛИЗИМ техникасы
Пуантализим – гипербелсенді балаларға қолдану тиімді. Зейінді бір объектіге шоғырландыруға, ойды жинақтауға көмектеседі. Пуант - точка дегенді білдіреді. Эго-ға көмектеседі.
А4 қағазға қандай да бір суретті қара қарындашпен жәйлап сұлбасын саламыз. Ватные палочкимен нүкте қою арқылы гуашьпен салып шығамыз.


ГРАТТАЖ техникасы
Граттаж – тырнап сурет салу дегенді білдіреді.
Балауызды бормен (восковые мельки) А4 қатты қағазды түрлі-түсті етіп бояймыз. Үстіне балауызды үйкелеп, тегіс әрі толық жағып шығамыз. Қара түсті гуашьты палитраға кусоктап салып аламыз, үстіне 2-3 тамшы шампунь немесе ыдыс жуатын құралдан құямыз, жақсылап езіп араластырамыз. Содан кейін қара смесьпен бояймыз, кептіріп қоямыз. Кепкен соң зубочисткамен сурет саламыз.
«МОНОТИПИЯ» сөзі гректен аударғанда «monos» - бір, себебі бұл техника бойынша бір ғана таңба, із алынады. Бұл сурет салудың сиқырлы жанры.
Жүргізілу барысы: А4 қағазды ұзыннан екіге қайырып бүктейміз. Жоғары жағына гуашьпен қанық қылып сурет саламыз. Пейзаж салған әдемі шығады. Гуашь кеуіп қалмау керек. Төменгі бөлігін қылқаламмен сулаймыз, оның астына көк түстен жұқалап фон береміз. Екі бетті бір-біріне жапсырамыз. Жіңішке қылқаламмен жоғары жағына салған суретті қайта бояп, коррекция жасаймыз.
Бұл сурет салу барысында бала өзін спонтанды түрде көрсетеді, сезімдері мен эмоциялары жандана түседі, күштенулер түседі, ойлау, қиял, креативтілік дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет