Не істегің келеді? Осыны сен істеп жатқандай елестетші.
Қалай? Одан кейін не болады?
Бұл сұрақтар суретке баламен «бірге» енуге көмектеседі және терапевтік қатынастар орнату мен терапевтік үрдісті жүзеге асырудың әртүрлі жолдарын ашады. СУРЕТПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ АЛГОРИТМДЕРІ: 1. Процесс – қалай сурет салады? (нақтылау).
2. Осында және қазір.
3. Суретке қарағанда нені сезінесің?
4. Клиентпен кері байланыс.
5. Суретте әлдебір нәрсені өзгерткің немесе әлдебір нәрсені қосқың, не болмаса алып тастағың келе ме?
6. Суретті толықтыру, аяқтау – түзету.
НИТКОГРАФИЯ («жіп» және «grafo» - жазамын, яғни «жіппен жазамын» немесе «жіппен сурет саламын») – бұл жіптің көмегімен сурет салу.
Жүргізілу барысы: - 40-50 см жіпті гуашьқа (балаларға 30 см., үлкендерге 50-60 см.) батырып, бояуды сіңдіреміз;
- Бояу сіңген жіпті қалаған пішінмен А4 парақтың бетіне қоямыз, парақтың шетінде жіптің ұшын қалдырамыз;
- парақты тең ортасынан бүктеп (екі парақтың ортасында жіп қалады), бір қолмен парақтың үстін басып тұрып, екінші қолмен мұқият жіпті оң-сол жаққа тартып, суырып аламыз.
Парақ бетінде боялған жіптен ерекше, ғажайып із қалады, ол ізден қиялдап, өрнектер, иректер жалғап картина шығарамыз. Ниткография гипербелсенді балаларға қолдану тиімді.
2-нұсқау: үш жіпті үш түрлі гуашьқа бояу.