«ЕКІНШІ КЕЗЕКТЕ», «ҚОСЫМША»
Кейде клиент сурет салып болған соң: «Суретіңізге тағы да көз жүгіртіп көріңізші... аса мән бере қоймаған жанама, қосымша бөліктерге қарап шығыңызшы...», - деп ұсынуға болады. Бұл не үшін қажет? Кейде клиенттер: «Суреттің бұл жерінде анау бар, мынау бар, бірақ олар мені қызықтырмайды» дейді. Алайда суретті «қосымша» қарап шығу маңызды, себебі ол клиентті толғандыратын құнды ойларды ашуға көмектеседі.
Мысалы, бір клиент суретіне жанамалай көз жүгірте отырып, шеткі жағынан екі доғаны көреді. Доғаларды мұқият қарап, олардан құстардың бейнесін көреді, құстарды еркіндікті, бостандықты аңсау деп түсіндіреді.
Изотерапия – сурет салу арқылы емдеу. Изотерапия сессиялары бейнелеудің әдеттегі құралдарымен (қағаз, қылқалам, бояулар) және оларды дәстүрлі қолдану тәсілдерімен шектелмеуі тиіс. Изотерапияда барлық көркемдік материалдарды қолданады: бояулар (акварель, гуашь, май, акрилды бояулар т.б.), балауыз борлар, пастель, әртүрлі фактурадағы, түстегі және өлшемдегі қағаздар, өлшемі мен қаттылығы әртүрлі қылқаламдар, грим, көмір, тұзды қамыр, саз-балшық, сусымалы өнімдер (жармалар, асбұршақ, фасоль, макарондар, күріш, қара құмық, тары, жасымық т.б.), кептірілген жапырақтар, тұз. Соңғы жылдары саусақтармен, алақанмен, пульверизатормен, ысқышпен (губка), мақталы таяқшалармен сурет салу, шыныда сурет салу, апликация т.б. кең таралып келеді.
СУРЕТТІ ТАЛДАУ
Суреттің парақтың астыңғы және үстіңгі бөлігіне жылжуы нені білдіреді?
Арт-терапияда (изотерапияда, инсталляцияда, құм терапиясында т.б.) арт-продукт жасалатын кеңістік интерпретацияланады.
Салынған суретті талдау:
Парақты көлденеңінен (горизонталды) талдауға алсақ: парақтың төменгі бөлігі – бұл адамның әрекет, жоспарлары, өмірдегі қозғалысы, бет алысы. Парақтың ортаңғы бөлігі – бұл сезім, эмоция, арман т.б. Парақтың жоғарғы бөлігі – ойларымыз, сеніміміз.
Егер сурет төменнен жоғарыға жылжыса, адамда (клиентте) әрекеттің әлдебір процесінің басталғанын аңғарамыз, яғни бұл әрекет ойлану аймағына ауысқанын (көшкенін) байқаймыз; яғни адамға ойлану, оқу, менталды процестерді іске қосу қажет болуы мүмкін.
Керісінше, көлденең орналасқан жоғары бөліктен қандай да бір суреттер немесе объектілер төменге қарай жылжыса, онда адамның ойлану аумағынан әрекетке көшкені деп болжауға болады (бұл астыңғы, үстіңгі, бөліктерде орналасқан суреттер ананы-мынаны білдіреді деп ашық айтпаймыз). Суретке сұрақтар қою арқылы интерпретация жасаймыз.
Мысалы, сіздің жағдаятыңызда сізге «бір нәрсе» жайында ойлану керек сияқты немесе ойыңызды, жоспарларыңызды басқаша қарастырып көрсек деп түсіндіреміз. Суретті немесе ондағы кейбір элементтерді одан әрі толықтырып, жалғастырып, аяқтауға болады деп ұсынамыз. Немесе өмірде кейбір мәселелерге байланысты білімдерді кеңейту, тиянақтау қажет шығар, қалай ойлайсыз деп клиенттің өз пікірін тыңдап, өзінің таңдау жасауына, өзінің шешім қабылдауына мүмкіндік береміз. Осылайша клиентке сұрақтар қою арқылы көмектесеміз. Жоғарыда аталғандар арт-продукт көлденең (горизонталды) болса интерпретацияланады.
Шығармашылық ресурсты, эмоционалды интеллектіні, ішкі «Меннің» жасырын эмоцияларын, ішкі ресурстарды анықтауға, бейсаналы бейнелерді түсінуге, жағымсыз эмоциялардан арылуға, өзіндік бағалауды жоғарылатуға т.б. мүмкіндік беретін изотерапиялық техникаларды ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |