Изотерапия – бұл сурет салу өнерінен тұратын арт-терапия бағыты. Ол үлкендер, балалар мінез-құлқын түзету жұмыстарында да тиімді терапия



бет9/13
Дата16.08.2022
өлшемі60,42 Kb.
#148095
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Изотерапия психологтарга
личко типы акценту, «Адам – Ағаш – Үй» проективті тесті, 444 Шульте-Горбова, v2100024429.16-09-2021.kaz, Инновация 2, аутоагрес, 666 10 сөз вариант 1
АКВАТУШЬ
1) Қағаз бетінің бірінші қабатына ірі жағынмен гуашпен үлкен сурет салады.
2) Ол кепкен соң қағаз бетін (толықтай) қара тушьпен жауып бояйды.
3) Тушь кепкен соң суретті су құйылған ыдысқа (ванночка) батырады.
4) Суда гуашь шайылып кетеді, ал тушь – жартылай ғана шайылады. Осының нәтижесінде қара фонда контурлармен айғыздалған (су жырып кеткен) сурет қалады. (Ескерту: қағаз қатты, тығыз болуы керек). Бұл әдістен фотография эффектісі шығады.
Бұл үрдістің әрбір кезеңі балалардың қызығушылығын арттырады. Балалар акватушь көмегімен кезеңдер бойынша іс-әрекет жасауға қуанады, ал негативизм шығармашылық іс-әрекетке енуге түрткілендіреді, балалардың қорқынышы, мазасыздығы сейіледі.
КЛЯКСОГРАФИЯ – кляксо – дақ, «grafo» - жазамын деген мағына білдіреді.
1-нұсқау: А4 қағазды ортасынан екіге бүктейміз. Палитраға бір ғана түсті гуашьтан смесь жасап аламыз да, бүктелген қағаздың тура ортасына бояқты құямыз. Қайтадан қағазды бүктеп, үстінен алақанымызбен сипалаймыз. Қағазды ашамыз, со кезде қандай да бір бейне пайда болады. Бала сия тамшысына қарап одан қандай бейне, зат немесе жеке бөлшектер көргенін ажыратады, ал бұл балалардың қиялы мен ойлануының дамуына әсер етеді. Әрі қарай сұрақтар қою арқылы баланың ішкі жан дүниесіндегіні сыртқа сөз арқылы шығаруға болады.
Қосымша тапсырма (нұсқау) беруге болады: Енді тек қандай затқа ұқсайтынын тауып, жетпеген бөлшегін қылқаламмен толықтырып салса болады.


2-нұсқау: А4 қағазды ортасынан екіге бүктейміз. Палитраға үш түрлі түсті гуашьтан бөлек-бөлек смесь жасап аламыз да, бүктелген қағаздың тура ортасына бояқты құямыз. Қайтадан қағазды бүктеп, үстінен алақанымызбен сипалаймыз. Қағазды ашамыз, со кезде қандай да бір бейне пайда болады. Бала сия тамшысына қарап одан қандай бейне, зат немесе жеке бөлшектер көргенін ажыратады, ал бұл балалардың қиялы мен ойлануының дамуына әсер етеді. Әрі қарай сұрақтар қою арқылы баланың ішкі жан дүниесіндегіні сыртқа сөз арқылы шығаруға болады.
Қосымша тапсырма (нұсқау) беруге болады: Енді тек қандай затқа ұқсайтынын тауып, жетпеген бөлшегін қылқаламмен толықтырып салса болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет