Техника нұсқауы және оны орындау барысы:
І кезең
1. 10×10 см әйнекке немесе пластикаға 5 түсті гуашты кесектеп алып, жағыңыз. Бояу көп болған сайын соғұрлым жақсы.
2. Бояу жағылған әйнекті А3 форматындағы қағазға қойып, басыңыз.
3. Қағазға басылып тұрған әйнекті үстінен басып тұрып сәл, аздап жылжытуға, бұруға болады, сонда бояулар қағазға жағылып, қозғалыс ээфектісін көрсетеді.
ІІ кезең
1. Қағаз бетінде шыққан суреттерден, іздерден бейнелерді іздеп, табыңыздар. Содан соң олардың контурын қара немесе күлгін түспен қоршап, бөліп көрсетіңіздер. Суретке әрбір жағынан қараңыздар (түстердің арасын, түстер арасындағы ашық, бос жерлерді т.б. Өзіңіздің жұмысыңыздан қанша бейне көріп тұрсыз? Суретті жақыннан, алыстан, оң жақтан, сол жақтан айналдырып қараңыз, осылайша бейне табыңыздар.
2. Енді, суреттен 7 түрлі (немесе одан да көп) бейнелерді жазып алып, әрбір бейненің жанына 3-4 сөз (сезімдерді, эмоцияларды, ассоциацияларды) жазыңыз. Ұзақ ойланбаймыз, ойға келгенді бірден жазамыз.
Үшінші бейне
| | | |
| |
| |
Төртінші бейне
| | | |
| |
| |
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Егер сіздің суреттегі бейнелеріңіз қазіргі сәттегі жүзеге аспаған, орындалмаған қажеттіліктеріңізді бейнелейді деп болжасақ, ол қандай қажеттіліктер?
2. Қалай ойлайсыз, қайсы бейне сіздің қазіргі күшті жақтарыңызды бейнелейді?
3. Сізді адамдармен қарым-қатынаста қайсы бейнелер сипаттайды?
4. Қайсы бейне мақсаттарыңызға жету үшін болашақта күшейткіңіз келетін сезімдер мен күйлерді көрсетеді?
5. Өміріңіз қызықтырақ болуы үшін жақын арадағы аптада қандай екі қарапайым әрекетті орындауға болады?
Бейнелер саны:
0-5 – эмоционалды қиындықтары бар;
6-9 – эмоционалды интеллектінің даму деңгейі орташа.
10-15 – психологиялық денсаулығы жақсы.
Акватипия бастапқыда эмоция тудырады, кейін ойландырады, ұғындырады, әрекеттендіреді.
Балаларға: картинаның ішінен ертегілердің кейіпкерлерін іздеп көрші. Ертегі құрастырайық.
«УМАЖДАЛҒАН ҚАҒАЗДА ЖҰМЫС ІСТЕУ» техникасы
Практика күйзеліс көзін ұғынуға көмектеседі, осы күйзеліс, қысымды басқару тәжірибесін үйретеді, эмоционалды интеллектіні дамытуға мүмкіндік береді.
Нұсқау: Сізде күйзеліс, ыза тудыратын (ол еске түскен кезде бойыңызды ыза кернейтін) жағдаятты еске түсіріп, тұжырымдаңыз, ол жағдаят әлсін-әлсін, белгілі бір кезеңдермен ойға орала береді.
- А3 форматындағы қағазды алыңыз. Осы тұжырымдалған проблема туралы ойлай отырып, парақты мыжып, умаждаңыз, парақтың умаждалуы үшін кез келген әрекет-қимылды жасаңыз.
- Енді, умаждалған қағазды үстелде тегістеп, жазыңыз да көлденеңінен қойыңыз. Осы умаждалған қағаздың диагоналы бойынша төменгі сол жақ бұрыштан оң жақтағы жоғары жақ бұрышқа дейін үш сурет салыңыз. Арт-терапияда мұндай бейнелермен жұмысты арт-терапиялық триптих деп атайды.
Үш сурет тақырыбы:
1. Ол менде күйзеліс, қысым тудырғанда басқа адамдар не сезеді?
2. Ұзақ уақыт күйзелісте болғанда мен не сеземін?
3. Күйзелістен шығу күйін қалай сеземін?
Клиент суреттерді дәл осы реттілікпен салады.
Сурет салу үрдісі аяқталған соң клиентке келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылады.
1. Күйзеліс бізге қандай зиян тигізеді?
2. Күйзеліске не үшін ерік бересіз? Одан айырбасқа не аласыз? Күйзелістің сіз үшін пайдасы бар ма? Күйзеліске түскенде не істемеуге тырысасыз?
3. Өміріңіздің қай саласында жиі күйзеліске түсесіз?
4. Жақындарыңыздың ішінде қанша адам күйзеліс күйіне жиі түседі? Ол сізге қалай әсер етеді?
5. Күйзеліске түскенде сіз оны қалай тоқтатасыз, білесіз бе?
6. Өмірде күйзелісті жеңуге және оған ұзақ уақыт берілмеуге не көмектеседі?
7. Өміріңізде күйзеліс сезімі азайса, қандай идеяңызды жүзеге асырар едіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |