ЖАРМАМЕН (манная крупа) жұмыс:
- шығармашылық ресурсты белсендіреді, танымдық қызығушылықты арттырады;
- терапиялық потенциалы зор;
- мазасыздық деңгейін төмендетеді;
- агрессивті, гипербелсенді балалар жармамен жұмыс кезінде зейіні шоғырланады, тынышталады;
- шығармашылық ресурсты белсендіреді;
- тактильді қабылдауды, қиялды, есті, қимыл координациясын, төзімділікті, еңбекқорлықты дамытады.
Сондықтан да жармамен (манная крупа) жұмыстың:
- зияны жоқ;
- экологиялық таза;
- терапиялық қасиеті бар;
- балалармен де үлкендермен де қолдануға болады.
Жүргізу барысы:
1) Жұппен жасалады. Киндер ойыншықтарын жасырады, келесі қатысушы екі саусақпен іздеп табады (микрошаг).
2) Екі қолмен дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш, гүл салады.
«Шимайлау» техникасы көмегімен қиын жағдаяттан шығу
Мақсаты: клиенттің эмоционалды қысымын түсіру және жан дүниесінің үйлесімін қалпына келтіру.
Өзіміздің салған шимайларда – біз бейсаналы сурет саламыз. Біздің бойымызды кернеген күш, қысым түсіп, түйсік, сезімдерімізді қалыпқа келтіреміз, яғни өзімізді «жинап алғандай» боламыз.
Шимайлау техникасын қолдану терапевтке эмоционалды қысымдарды түсіруге және үйлесімділікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Шимайлау – бойымызға толған эмоциялардан арылуға, тынышталуға, ойымызды жинақтауға көмектеседі. оның үстіне сурет салу – жай ғана ең қолайлы, орынды қимыл-қозғалыс – неге қолайлы, неге орынды? Себебі біз мәжілісте, жиналыста, жиындарда керіліп, созылып, есінеп, түрімізді тыжырайтып отырмаймыз ғой. Қимыл-қозғалыстарды шектегенде қолымыздың спонтанды қимылдары біздің ішкі тырысып жатқан қысымымызды жеңілдетіп, түсіреді. Тіпті, ауа қақпағы ашылғандай боп, бу шығады, бойды кернеп, қызған қазандық жарылмайды.
Біз сурет арқылы қалауымызды білдіре аламыз, айналада болып жатқан жағдайларға немесе болған жағдаяттарға, болашаққа өз қарым-қатынасымызды білдіре аламыз.
Инвентарь: балауыз борлар немесе түрлі-түсті жұмсақ қарындаштар, А3 форматындағы қағаз 2 дана, музыкалық композиция («Сад Эдема» С. Рахманинов, Ф.Шопен).
Уақыты: 1,5 сағат. Қолдану жасы: 13-14 жас.
Достарыңызбен бөлісу: |