Изотерапия – бұл сурет салу өнерінен тұратын арт-терапия бағыты. Ол үлкендер, балалар мінез-құлқын түзету жұмыстарында да тиімді терапия



бет11/13
Дата16.08.2022
өлшемі60,42 Kb.
#148095
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Изотерапия психологтарга
личко типы акценту, «Адам – Ағаш – Үй» проективті тесті, 444 Шульте-Горбова, v2100024429.16-09-2021.kaz, Инновация 2, аутоагрес, 666 10 сөз вариант 1
Жүргізу барысы:
1-кезең. Қазір жұмыс жасағыңыз келетін жағымсыз, қиын жағдаятты еске түсіріңіз және өзіңіздің эмоционалды күйіңізді 10 ұпайлық шкаламен бағалаңыз.
Енді, сіздің қиын жағдаятпен ассоциацияланатын түстегі борды (қарындашты) таңдаңыз. Алдыңызда А3 форматындағы қағазды қойыңыз, борды қолыңызға алыңыз. Көздеріңізді жұмып, музыканы сезіне отырып, өзіңізді сол жағдаятта (сол жағдаят үстінде) жүрмін деп елестетіңіз, яғни ұнамсыз сезім, күйзелу, жайсыздық (дискомфорт) тудыратын жағдайда жүрмін деп ойлаңыз. Қорықпай сол ұнамсыз ойларға, ұнамсыз әсерлерге, сезімдерге, эмоцияларға оралыңыз, олардан қорықпаңыз. Осы музыка арқылы өзіңіздің барлық эмоционалды күйіңізді, жағымсыз сезімдеріңізді қағаз бетіне шығарып тастаңыз. Жайсыздық тудыратын жағымсыз сезімдерді, эмоционалды күйіңізді шимайлармен қағаз бетіне шығарыңыз.

  1. -кезең. Салынған суреттен (шимайлардан) 7 одан да көп бейнелерді тауып, оларды ұнатқан түстегі бор немесе қарындаш алып, контуры бойынша бөліп көрсетіңіз және оларға 5-6 сөзбен эмоция, сезімдермен ассоциация жасаңыз.

3-кезең. Енді, өзіңізге қорған, жанашыр адамды елестетіңіз; Мейірімді, күшті адам сізге жақындап, сізді жылы құшағына алып, жұбатып жатыр, қолыңыздан алып, мәпелеп, аялап, қамқорлығын көрсетіп, сізді мейіріміне бөлеп жатыр. Сіздің қорқынышыңыз да сейілді, тіпті жоқ болып кетті деуге болады. Жанашыр, сізге қорған адамыңыздың аялы алақанынан, мейірге толы сөздерінен сіз ештеңеден қорықпайсыз, өзіңізді өте жайлы, алаңсыз, ыңғайлы сезінесіз. Сіз – толықтай қауіпсіз күйдесіз.
4-кезең. Тағы таза А3 форматындағы қағазына жұмылған көздеріңізбен жайлы, орнықты, үйлесімді, жеңіл күйді шимайлармен суреттеңіз (терапевт С. Рахманиновтың «Полька» шығармасын қосады).
5-кезең. Суретті аяқтаған соң салынған шимайлардың ішінен 7 және одан да көп бейнелерді тауып, ұнатқан түстегі бормен (қарындашпен) контурын белгілеңіз. Осы табылған бейнелерді 5-6 сөзбен сіздің жайлы, үйлесімді күйіңізбен, эмоцияларыңызбен ассоциациялаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет