Изотерапия – бұл сурет салу өнерінен тұратын арт-терапия бағыты. Ол үлкендер, балалар мінез-құлқын түзету жұмыстарында да тиімді терапия



бет12/13
Дата16.08.2022
өлшемі60,42 Kb.
#148095
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Изотерапия психологтарга
личко типы акценту, «Адам – Ағаш – Үй» проективті тесті, 444 Шульте-Горбова, v2100024429.16-09-2021.kaz, Инновация 2, аутоагрес, 666 10 сөз вариант 1
Талдауға сұрақтар:
1. Қиын жағдаятта сізде қандай бейнелер туындады?
2. Сіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды қандай бейне бейнелейді?
3 Алдағы уақытта сіздің күшейтіп, дамытқыңыз келетін сезімдерді, жай-күйлерді қайсы бейне көрсетеді?
4. Сізге екінші суретте қиын жағдаяттан шығуға қайсы бейнелер, ассоциациялар көмектеседі?
5. Сіздің ресурстарыңызды анықтауға қайсы бейне көмектеседі?
6. Сіздің қайсы әрекеттеріңіз өзіңізді қолдап, өзіңізге сенуге көмектеседі?
7. Аяқталған жұмыстан соң бойыңызды қандай сезім билейді?
Эмоционалды күйіңізді 10 ұпайлық шкаламен бағалаңыз.


АКВАТИПИЯ ТЕХНИКАСЫ
Бұл техника диагностикалық болып саналады. Сана мен бейсана арасында диалог орнатуға көмектеседі. Бұл техникада суретті бояулармен емес, сезімдермен, эмоциялармен салады.
Материалдар: 10×10 см әйнек немесе пластика, А3 форматындағы қағаз, қылқалам, гуашь, су құйылған сауыт, қалам.
К. Юнг айтқандай, «Ақылмен айтып, түсіндіре алмайтынымыздың жауабын қолымыз табады».
Акватипия – бұл сулы (сұйық) боямен суреттерді басып шығару.
Акватипия техникасы мынадай қызмет атқарады:
- адамды жағымсыз эмоциялардан арылтып, жеңілдетеді;
- психологиялық денсаулықты жақсартады;
- шығармашылық, абстрактылы, ассоциативті ойлау түрлерін дамытады;
- адамның баса мән бере қоймайтын өмірдегі маңызды аспектілерін түсінуге көмектеседі.
Акватипия практикасының мәні:
1. Бастапқыда біз ішкі бақылауға жол бермей, кішкентай балалар тәрізді бояуларды кесектеп алып жағамыз. Бұл бейсаналы жүреді.
2. Осы бейсаналы жұмысымыздан бейнелерді (образдарды) көреміз. Бұл өте маңызды кезең. Себебі, біз өзімізге маңызды, қажетті болып саналатындарды санамызға шоғырландырамыз, жинақтап, зейінімізді аударамыз. Бейнелер контурын суреттегенде, яғни байқаған бейнелерді бөліп көрсеткенде (қара немесе күлгін түспен) шығарылған бейсаналы бейнелерді ұғыну, түсіну үрдісі жүреді.
3. Саналы ұғынылған, түсінген бейнелермен жұмыс жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет