Изтилеуова А. Ш. 5В012000, 6В01450-«Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған



бет18/23
Дата05.09.2023
өлшемі5,44 Mb.
#180294
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Дәріс кілем

Бақылау сұрақтары:

  1. Тақыр кілемнің тоқылу ерекшелігі қандай.

  2. Эскиз бойынша өрнектерді қалай түсіреді?

  3. «Су» өрнектері мен шеттіктерді тоқудың қандай ерекшеліктері бар?

  4. Өрнектерді қалай кілемге түсіреді?

  5. Кілемнің оң, сол жақ қолтықшасын тоқу ерекшеліктерін ата.

  6. Кілемнің тоқылу барысын қайталау қалай жүргізіледі?


Дәріс №12. Тақырыбы: Тақыр кілемнің соңғы өңдеу жұмыстары.
Мақсаты: Тақыр кілемнің соңғы өңдеу жұмыстарын тоқудағы ақаулар қателіктер және оны түзету жолдарын әдістерін меңгерту .
Дәрісті өткізу түрі: Ақпараттық.
Тірек ұғымдар: «желі жіп», «күзу жіп», «түр жіп», «арқау», «шалу», «шатыс», «сирексіту», «адарғы», «белағаш», «тоқпақ».
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:

  1. Кілемнің шет суларын жүргізу әдісін түсіндіру.

  2. Қақпаларды қайталап түсіру.

  3. Ала-құртты жүргізу.

  4. Түйіндерін қайталап түю.

  5. Қажетті аралықта желі жіппен белгілеп, кілемнің екі басын теңдей қырқу.

  6. Шаңнан тазарту. Шашақ баулар әзірлеу.

  7. Ілгіштер дайындап тігіп, қабырғаға ілу.



Кілемді бастап тоқитын жағына симметриялы етіп аяқтаған соң, бітер жақ шетінің желі жіптері қайшымен қырқылады, сол кезде кілемнің басталған жағы босайды. Енді бастар жағын қырқамыз. Арқау жіптері тарқатылып кетпес үшін екі жағындағы шашақтарды үш-төрт жіптен біріктіріп байлаймыз. Ал ары қарай сәндік үшін байланған шашақтарды екіге бөліп өзара біріктіріп байласақ та болады.
Сонымен тықыр кілем желі және арқау жіптерінің айқасуынан, ал түкті кілем желі, арқау және түк жіптердің айқасуынан болады.
Міне осымен кілем құралы бітеді. Енді екі түсті жіпті бір-біріне байлап желінің бір шетінен бастап 4-5 жіптен алып арасынан астынан үстіне қарай алма — кезекпен өткіземіз. Мұны «алақұрт» деп атайды. Алақұрт түрлі-түсті жіптен жасалғаннан соң әсем көрінеді әрі кілемнің шетін мықтап ұстап тұрады. Бұл кілемнің екі шетін тоқудың алдында және тоқылып біткен соң жасалынатын іс .
Алақұрт өткізіліп біткен соң кілемнің тақтасы өткізіледі. Енді осы кезден бастап адарғыны қолданамыз. Адарғының екі басына жіп байлап кілемнің екі басына жіп байлап кілемнің екі шетінде отырған адам тартып итеріп отырады. Кілемнің тақтасы 1-6 рет өткізіледі (екі елідей болса болады). Адарғыны күзудің қасына дейін тартқан кезде желінің арасы ашылады, сол кезде арқау өткізіледі. (арқауға кез келген мықты жіпті пайдалануға болады). Ал келесі өткізгенде адарғы керісінше итеріледі, Бұл кезде желінің арасы ашылмайды, кілем тоқып отырған адам желіні қолымен қатты басып отырып арқау өткізеді. Бұл құбылыс кілем тоқудың басынан аяғына дейін қайталанады. Арқау - кілем тарқатылып кетпес үшін кілемнің екі шетін мықтап ұстап тұрады.
Тақыр кілем дайын болған кезде екі адам екі шетінен қарама-қарсы бағытта өткір қайшымен қырқады. Шашақты кілемнің шашағын қалаған ұзындықта қалдыруға болады. Қырқылған кілем қағып сілкінеді. Шаң-тозаң, жіп қырқындыларынан тазарған кілемнің екі шетінен есіп алақұрт салынады. Алақұрт екі түрлі жүннен немесе шашақ, жібінен ширатылып, есілген соң кілемнің шетіндегі түк тоқылыс үстінен жиек бастырғандай бастырылып тігіледі. Кілем иесінің қалауынша түюіне болады. Жаңа тоқылған кілемді ұзындығын жоймау үшін қабырғаға керіп іледі Неғұрлым жақсы тартылып керілсе, шеті шиыршықталмай қалыпқа түседі. Мұндай кілем қисаймайды да әрі формасып жақсы сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет