Изтилеуова А. Ш. 5В012000, 6В01450-«Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған



бет21/23
Дата05.09.2023
өлшемі5,44 Mb.
#180294
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Дәріс кілем

Бақылау сұрақтары:

  1. Гобелен тоқуға қажетті жабдықтар атауларын ата.

  2. Гобеленге қажетті шикізат мөлшерін қалай анықтауға болады?

  3. Тоқу станогының құрлысын түсіндір.

  4. Гобеленнің құрылу әдісін,түр жіптерін дайындау ерекшеліктер қандай?



Дәріс №15. Тақырыбы: Гобелен түйінін шалу технологиясы. Гобелен тоқудағы арқау жіптің өткізілу маңыздылығы.
Мақсаты: Гобелен түйінін шалу технологиясын меңгерту,гобелен тоқудағы арқау жіптің өткізілу маңыздылығын түсіндіру.
Дәрісті өткізу түрі: Ақпараттық
Тірек ұғымдар: «Гобелен», «желі жіп», «түр жіп», «арқау», «шатыс», «үйректұмсық», «белағаш», «тоқпақ».
Жоспары:

  1. Гобелен түйінін шалу технологиясы.

  2. Гобеленнің суретін дайындаудың ерекшелігі.

  3. Гобеленді тоқу барысындағы тазалық-гигиеналық талаптар.

  4. Бұйымды тоқып аяқтау, тазалау жұмыстары.

Әдебиеттер
1. Райымқұлова А.Д. Түксіз кілем тоқудың әдістемесі. Әдістемелік құрал. Алматы.2007.-152 б.
2. Қасенова Қ., Шкляева Кілем мен тұскілем тоқып үйренеміз. Қолөнершілерге арналған оқу құралы. С.-Алматы, 2009.-112 б.
3. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері, Алматы:1989.
Гобелен тоқу үшін эскиз, құрылғы, түсті жіптер, желі жіп, қайшы, тоқпақ болу керек. Ал, гобелен тоқымасын тоқу үшін, алдымен шығармашылық ізденіс арқылы арнайы сурет салынады. Оның түр-түсін келтіру үшін эскизді әртүрлі диапозонда іздену қажет. Студенттердің өзін іздендіру арқылы қиялдарына қанат бітіруге, ойлап салуға немесе құрастыру арқылы сюжет шығаруға дайындалады. Суреттегі ерекше талаптарға мән бере отырып, үлкен ықтиярлықпен салу арқылы адам санасына біршама деңгейде психологиялық, эмоционалдық күйдің қалыптасуына әсер етеді. Сурет композициялық түрде бүтін бейнені береді.
Гобеленді тоқу үшін алдын-ала салынған эскиздердің біреуі бекітіліп, оны гобеленге орай шаблон дайындалады және қажетті материалдарын дайындаймыз. Шаблон дегеніміз гобелен композициясының эскиз суретіндегі идеяны таза көлемде қайталаған, тоқыма үдерісіне арналған – қалың қағаз немесе картон.
Гобелен тоқу әдістері ертеден белгілі. Тоқу принципінің түпкі бастамасы өте қарапайым. Гобеленді төрт бұрышты ағаш рамада тоқуға болады. Тоқылатын гобелен кілемінің көлемі ағаш рамасының өлшеміне байланысты. Дайын станокқа шахмат тәрізді етіп майда шегелер қағылады, оларға жіп кереміз. Жіптердің арақашықтығы 3-5 мм аспауы керек. Жіптерді нығыздауға шағын гобелен үшін тарақ қолдануға болады. Негіз жіптері жақсы ширатылған берік жіп болғаны дұрыс. Жіпті станокқа үзбестен ораған жөн. Түкті гобелен тоқу барысында жіптерді жазып және қиып отыру кезінде тарақ пен қайшы қолданылады.
Гобеленде қолданылған тоқылу техникасы негізі тықырда, композициясы түкті болып тоқылды. Әр түр жіпті, желі арасынан өткізген сайын тоқпақпен үстінен ұрып енгізіліп отырылады. Өйткені ұрылған жіп гобеленнің тығыздық массасын сақтайды. Тоқылу үдерісi бойынша жiптердi дұрыс таңдай бiлу керек. Тоқыма жіптеріне жүннен жасалған жіп, акрил жіптер, синтетикалық жіптер қолданылды. Жіп түрлерін, түстеріне қарай өзіндік түстік шешімдерін шеше отырып пайдалыныла білдік.
Алдымен, тоқыма құрылғысына бұйым көлеміне орай желі жібін жүргіземіз. Желі жіпке дайын күйіндегі арнайы тоқымаға арналған мақта жіпті пайдаланамыз. Осы жіптен шеткі жиекті шалып отырып, қақпасын тоқимыз. Алдымен тоқымаға қажетті түр жіптерімізді реттеп, тоқуға қажетті кішкене өлшемде 1-1,5 м түр жіптерді орап дайындап алынады. Енді алдын-ала дайындалған шаблонды желі арасына қойып бекітеміз де шаблон арқылы тоқуды бастаймыз. Олардың өрнегіне сәйкес бір ұшын желіге орап шаблондағы композиция өрнегіне байланысты тоқуды жалғастырамыз. Гобелен желісінің керілгенде арасы 3-5 мм-дей қалдырылып отырады.
Гобеленде қолданылған тоқылу техникасы негізі тықырда, композициясы түкті болып тоқылды. Әр түр жіпті, желі арасынан өткізген сайын тоқпақпен үстінен ұрып енгізіліп отырылады. Өйткені ұрылған жіп гобеленнің тығыздық массасын сақтайды. Тоқыма жіптеріне жүннен жасалған жіп, акрил жіптер, синтетикалық жіптер қолданылды. Жіп түрлерін, түстеріне қарай өзіндік түстік шешімдерін шеше отырып пайдалыныла білдік.
Гобелен композициясын құрастыру кезінде суретші нұсқаға қарап нобайлар жасайды, сұлбаларды айқындайтын өрнектерді таңдай отырып, олардан көркем композиция құрастырылады. Ыңғайландырылған, стилизацияланған бірнеше мәрте қайталану арқылы, ырғақты түстер түзеді.
Гобеленде картина сияқты сурет салуға болады. Бұл өнер әртүрлі толғандыратын ой-идея, образдарды бейнелеуге өте ыңғайлы.
Ал, гобелен тоқымасын тоқу үшін, алдымен шығармашылық ізденіс арқылы арнайы сурет салынады. Оның түр-түсін келтіру үшін эскизді әртүрлі диапозонда іздену қажет. Жасалынатын бұйымның тарихын, жасалу және даму ерекшеліктерін, қолданылатын материалын, түсін, безендіру жолдарын қарастырамыз. Көптеген ізденістерімізде өнер шеберлерінің көптеген репродукцияларымен танысып, бағыт-бағдар алу барысында эскиздер жасалынады.
Гобеленді тоқу үшін алдын-ала салынған эскиздердің біреуі бекітіліп, оны гобеленге орай шаблон дайындалады және қажетті материалдарын дайындаймыз. Шаблон дегеніміз гобелен композициясының эскиз суретіндегі идеяны таза көлемде қайталаған, тоқыма процесіне арналған – қалың қағаз немесе картон.
Дайындалған эскизіміз бойынша, осы шаблонға белгілі өлшеммен көшіреміз. Енді осы шаблонға байланысты желі жіпті және тоқыма жіптерді түстеріне қарай дайындаймыз .
Гобеленнің эскизін әзірлеу суретшіге алдымен кеңістіктегі ойлау қабілеті жоғары болады, сонымен қатар көркем өнерді және техниканы жақсы меңгеруі керек. Ізденіс эскиздерін салмас бұрын, алдын-ала көптеген тақырыпқа сәйкес ізденістер жасалынады. Ізденіс эскиздердің тақырыптық мазмұнын ашуда, бірнеше бағытта композицияларды қағаз бетіне бейнелеуде суретшінің білімі, қиялы, ойлауы, еске түсіруі, шығармашылық қабілеті, эстетикалық және көркемдік талғамы керек.
Қағаздағы эскиз композициясының дұрыс шығуына түстерін таңдаудың да мәні зор. Алдымен кеңістіктегі орналасуын ойша келтіріп, қарындашпен нобайларын салып аламыз.
Гобелен бұйымдарды тоқу технологиясында әр түрлi тоқу әдiстерi қолданылады. Мәселен, өрнексiз бөлiктердi түксiз гобелендiк тоқу арқылы, өрнектелген бөлiктерiн түктi немесе сумаха әдiсiмен, ал келесi бiр бөлiктерiн тықыр тоқу әдiсiмен тоқуға болады.
Гобеленде негіз жіптің түсі ешқандай қызмет атқармайды, себебі оның бетін түгелімен арқау жіп жауып тастайды. Негіз жіпті арқау жіпке қарағанда жуанырақ етіп, алсақ біз уақытты және арқау жіпті үнемдейміз.
Арқау жіпке талап: арқау жіптің мықты болуы шарт емес. Бастысы арқау жіптің жұмсақ икемді яғни негізгі жіппен шатаспайтын болуы тиіс. Жібек жіпті шпалерде жарық жерлерді бейнелейтін жерінде пайдаланған. Ал жүн талшығының неғұрлым тазасын пайдалансақ солқұрлы затымыз керемет болып көрінеді.
Негізгі жіптің атқаратын қызметі гобеленді негізгі жіп ұстап тұрады, яғни негізгі жіпке бекітілудің арқасында гобелен болып тұр. Бірақ гобелен дайын болғанда негізгі жіп көрінбейді. Ал арқаудың маңызы зор әрі күрделірек. Гобелен екі жіптің айқасуынан болғандықтан айқасушы жібіміз арқау болады. Гобеленнің негізгі мен арқау жіптері өзара перпендикуляр орналасып отырады. Арқау жіп негізгі жіпке көлденеңінен қиылысады. Гобеленді бейнелейтін суретті осы арқау жіп шығарады.
Гобелен эскизі. Біз енді тоқымаға кірісуге дайынбыз. Бірақ бастапқы кезде қандай сурет таңдағанымыз дұрыс. Таңдаған суреттің де тоқыма үшін маңызы зор. Бастысы суреттің контур сызықтары көрінуі керек. Жуан сызықтарымен түстердің шекараларын, ал жіңішке сызықтармен құбылмалы бояуларды көрсетеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет