Бақылау сұрақтары:
Гобелен сөзінің мән-мағанасын түсіндір.
Гобеленнің тоқылу ерекшелігі қандай?
Гобелен тоқу шеберлерін ата.
Қазақстанда гобеленнiң қалыптасуына үлес қосқан тоқымашыларды ата.
Дәріс №14. Тақырыбы: Гобелен түрлерінің құрал-жабдықтары.
Мақсаты: Гобелен түрлерінің құрал-жабдықтарын, тоқудың әдіс-тәсілдерін меңгеру
Дәрісті өткізу түрі: Проблемалық.
Тірек ұғымдар: «Гобелен», «желі жіп», «түр жіп», «арқау», «шатыс», «белағаш», «тоқпақ».
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:
Гобелен түрлерінің құрал-жабдықтары.
Гобелен тоқуға қажетті жабдықтар атаулары.
Гобеленге қажетті шикізат мөлшерін анықтау.
Тоқу станогының құрлысы.
Гобеленнің құрылу әдісін,түр жіптерін дайындау.
Әдебиеттер
1. Райымқұлова А.Д. Түксіз кілем тоқудың әдістемесі. Әдістемелік құрал. Алматы.2007.-152 б.
2. Қасенова Қ., Шкляева Кілем мен тұскілем тоқып үйренеміз. Қолөнершілерге арналған оқу құралы. С.-Алматы, 2009.-112 б.
3. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері, Алматы:1989.
Гобелен тоқудың әдістері және тоқуға арналған құрал – жабдықтар. Гобелен тоқуда көп құралдың қажеті жоқ, оған кез – келген жіп жарайды, тіпті ол қалдық немесе пайдасыз киімдерден тарқатылып алған болса да жарай береді. Гобелен тоқу үшін негізгі жіптен арқау арқау жіпті оңай өткізіп тоқу үшін қағаздан немесе жұқа ағаштан дайындалған үйрек тұмсық құралын пайдаланады. Үйрек тұмсық құралы жұмыстың тез жүруіне көмегін тигізеді. Үйрек тұмсық құралдың біреу емес, бірнеше түрлерін дайындап пайдалануға болады. Мысалы мына құралдарды жатқыза аламыз.
Гобеленді тоқу үшін шағын құрылғы, Бұл ағаштан төрт бұрышы бекітіліп, өңдеуден өткізіліп дайындалған құрылғы.
Гобеленді төрт бұрышты рамада тоқиды. Оның арқау жібі мықты болғаны жөн. Жіптердің ара қашықтығы 5 мм – ден аспау керек, ал арғы жағына эскизді қағаз салып, мықпен (кнопкамен) бекітеміз. Тақ және жұп жіптерді бөліп тұру үшін бізге диаметрі 20 – 30 мм болатын таяқша қажет. Содан кейін керілген жіптің төменгі және жоғарғы жақтарынан шалып байлап шығамыз, бұл дайын жұмыстың тарқатыдып кетпеуі үшін. Дайын станокқа шахмат әдісімен шегелер қағып оағн арнайы жіп кереміз, ол өте мықты болғагы жөн. Тағы бір қажетті дүние қол тоқпақ, ол жіптердің тегіс түсуіне көмектеседі. Ал, ілмек тоқу жұмысын жеңілдету үшін пайдаланылады, онымен тоқу арқылы уақытты үнемдеуге болады. Және түкті гобелен тоқу барысында қайшы мен тарақ пайдаланылады, олар жіптерді қиып, жазып отыру үшін қажет.
12- Сурет. Гобелен станогына желі жіптерін жүгізу, айқаспа түрлері мен бастама жұмыстары
Гобеленде негіз жіптің түсі ешқандай қызмет атқармайды, себебі оның бетін түгелімен арқау жіп жауып тастайды. Негіз жіпті арқау жіпке қарағанда жуанырақ етіп алсақ біз уақытты және арқау жіпті үнемдейміз.
Тоқыма жіптерден қиял тербеген тоқымашылар көз алдына небір ғажайып елестерді елестетіп, солардың бітімін, болмысын, түстерін, өрнегін, бедерін беруге тырысады. Түрлі-түсті жіптерден құралып, композициялық шешімін толықтырады. Осының бәрі бірігіп бір тоқыма жіптен құралып, бастау алады.
Бір тоқыма жіптің мағынасының өзі өрнекті, түрлі-түсті, тоқыма бұйымның формасын және әртүрлі фактурасын да береді. Гобелен тоқымасында символ ретінде ырғақ арқылы түсінік берсе, тоқыма жіптер арқылы тоқыма пластикасында тоқымаға деген әсемдік әуеніне бөлеп, сезіледі. Тоқыма жібінің көзтоймас жарық жұлдыздай шашыраған түстік шешімдері мен табиғат көрінісін көрсетуге тырысты.
Арқау жіпке талап: арқау жіптің мықты болуы шарт емес. Бастысы арқау жіптің жұмсақ икемді яғни негізгі жіппен шатаспайтын болуы тиіс. Жібек жіпті шпалерде жарық жерлерді бейнелейтін жерінде пайдаланған. Ал жүн талшығының неғұрлым тазасын пайдалансақ солқұрлы затымыз керемет болып көрінеді.
Өсімдік талшықтарымен, мақта, джут, сизал т. б. гобеленде аз кездеседі. Есесіне жасанды және синтетикалық талшықтарды суретшілер қатар пайдаланады. Біз қолмен тоқумен айналысатын болғандықтан өте көп құралдың қажеті жоқ. Өзінің көп ғасырлы тарихында аспаптар өзгеріске ене қойған жоқ. Еңбасты қару- арқауды нықтаушы тарақ. Егер мұны жасау қиын болса ескі стальдан жасалған вилканы пайдалануға болады. Ал түкті жерлерін тоқу үшін пышақ-ілгіш (нож-крючок) қолданылады, осы заттың арқасында уақытты үнемдейміз, ал тоқыманың саусақтары азырақ шршайды. Түктерді, шеттерін т. б. қырқу үшін ұзын өткір қайшы қажет. Қолмен тоқуда арқау жіпті қолмен өткізуге болады, бірақ челнок жұмысты жеңілдетеді. Негізгі жіптің атқаратын қызметі Гобеленнің кілем, алаша, текемет, басқұрдан өзгешелігі, айырмашылығы өте көп. Мұнда алаша, кілемде қолданылмайтын тоқу үлгілері араласады. Гобеленнің бір артықшылығы мұнда адам өз ойын анық ашық жеткізуіне болады.
Гобелен тоқу үшін негіз мықты болуы тиіс. Сондықтан иірілген кенеп т.б. тәріздес жіптер пайдаланылады. Тіпті болмаса тігін жібінің N10 N20 номерлерін алып 3-4 рет қабаттап немесе «Мак», «Тюльпан» тоқыма жіптерін пайдалануға болады.
Осы жіптен шеткі жиекті өткізіп отырып, қақпасын тоқимыз. Ендi шаблонды қалыптағы керулi тұрған негiз жiптерiнiң артына қойылады, ендi шаблон композициясының суреттерiне қарай әр түрлi түр жiбiмен, суреттiң контурына сәйкес тоқуды бастайды. Тоқылып жатқан тоқыма төсегінің астына шаблонды жуалдызбен бекітіп алып, тоќимыз. Өйткені шаблон ќисайса гобеленнің композициясы дұрыс шықпайды. Ал енді шаблонның өрнегіне сәйкес бір ұшын желіге орап шаблондағы композиция өрнегіне байланысты тоқуды жалғастырамыз. Гобелен желісінің керілгенде арасы 3-5 мм-дей қалдырылып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |