«Кілем және гобелен тоқу негіздері» дәрістер жинағы педагогикалық жоғары оқу орындарының 5В012000, 6В01450-«Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған.
Кілем тоқу өнерінің тарихы зерттеле келіп, халық арасында қолөнердің осы түрі күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан мұра ретінде қарастырылған.
Мақсаты: Халықтың дәстүрлі кілем тоқу өнерінің шығу тарихына үңіле отырып, қолөнер шеберлерінің керемет туындылары болғандығын зерттеп білу. Сонымен қоса бұл жұмыста кілем тоқу барысындағы алғашқы дизайнерлік іс-әрекетімді қалыптастырып, бұйымды дайындау технологиясын қарастырып, безендіру әдістерін пайдаланып біліктілігім мен шеберлігімді көрсету. Халқымыздың қолөнерінің бір түрі — кілем тоқу қазақ қолөнерінің заман ағымымен дамып келе жатқан өнері екендігін дәлелдеу.
Қай халықтың болмасын халықтық қазынасы — қолөнері болып табылады. Халық арасынан шыққан қолөнер шеберлері өз өнерлері арқылы сол халықтың мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген. Атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық қолөнерді қайта жандандырып, ел арасына, білім ордасына жаңаша үлгілерімен еніп, оқушыларға жан- жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр.
Қол өнердің соның ішінде, кілем тоқу өнері қазіргі дәуірде, бай мазмұнға, мағанаға ие болып, одан әрі дами түсуде. Кілемнің ерте кезде қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып есептелсе, бұйымдардың ішіндегі басты орынға ие болып отыр.
Кілем тоқу – қай халықта да ерекше орын алған кәсіп. Қазақ тұрмысында өрмек тоқумен айналысатын қыз-келіншектер, әйелдер арасынан кілем тоқуды кәсіп еткен шеберлер шыққан. Мал шаруашылығымен айналысқан халқымыздың қол өнері жақсы дамыған. Мал жесе азығы, ішсе сусыны, мінсе көлгі, кисе киімі болған. Мал жүнінен кілем, текемет, тұскиіз, алаша және т.б. жасаған. Соның ішінде кілемге аса зор мән берген. Кілем тоқуда қойдың, түйенің жүндері, ешкінің қылы, өріс және арқау үшін мақта жіпті пайдаланады.
Кілем тоқуды қолөнердің өзіндік қыр-сыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі. Бүгінгі кілем тоқу өнері — біржақты, тұрмыс қажетін өтеу аясынан гөрі - қолдағы барды ұқсата білу, әсемдік пен талғампаздықтың туындысына айналуда. Сондықтан оның еңбекке, өнерге, ойлау қабілетін арттыруға, нәзіктік пен сұлулықты сезіне білуге, табандылық пен ұстамдылыққа тәрбиелеу маңызы басымырақ тұр.
Бұл дәріс жинағында студенттер қазақтың ұлттық түкті, түксіз, алаша және гобелен түрлерінің тоқылу технологиясымен, тоқу станоктарымен құрал-саймандары, тоқу жіптерімен тоқу станоктарының құрылысы, кілемнің құрылуын және шолу түрлерімен танысады.