Изтилеуова А. Ш. 5В012000, 6В01450-«Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған



бет9/23
Дата05.09.2023
өлшемі5,44 Mb.
#180294
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Дәріс кілем

Халықтың рухани өмірі: ұлттық салт-дәстүрлер, наным-сенімдерге байланысты оюлар -Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрпы, салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылатын қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберу дәстүрі болған. Сәлемдемеге жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде алақандай жарғақ, оның бетіне бойы сорайған ұзын және өте жіңішке, әрі арық адам бейнесі кестеленіп салынған және оның жанында тұрған дөп-дөңгелек адам тұрпаты бейнеленген. Бұл сәлемдемеде қыздың ата-анасы жат-жұртқа ұзатылған баласының “отырса опақ, тұрса сопақ” болған мүшкіл халін түсінген. Ал басқа ретте күйеуге ұзатылған қыздан “құстұмсық” бейнесі салынған сәлемдеме келсе, ата-анасы одан баласының барған жерінде құстай ерікті, басы бостандықта, жағдайы жақсы екенін ұғатын болған.
Ою-өрнек салумен қатар ұлттық өнерде оларға бояу түрлерін қолданудың да өзіндік түрлі мағаналары бар. Мысалы, ақ түс- әділеттіктің, шындықтың, тазалықтың; қара түс- жердің, берекенің; жасыл түс- көктемнің, жастықтың; қызыл түс- күннің, оттың; сары түс даналықтың, білімділіктің; көк түс - судың, ашық аспанның символдарын білдіреді.
Халықтың арасында әртүрлі қиыстыруларда кездесетіп айқын стильге келтірілген зооморфты (аң пішіндес), фигуралар бейнесін белгілі бір тәсілге (стльге) келтіру арқылы алынған түрлі-түсті өрнекпен қандай да бір заттың әшекейленуі. Өрнек атауы "ornametum''-''әшекей" деген сөзінен шыққан.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп ғалымдар әзірше екі жүздей түрін ғана анықтады. Біз солардан көп тараған мүйіз тектес ою-өрнектерді сөз етпекпіз.
Қазақ ұлттық ою-өрнегі— өнер туындысы. Оның пішу тегі ежелгі тас дәуіріне саяды. Тарихи деректерге берті талдау оның қалыптасып, дамып отыруына бірнеше факторлар әсер еткенін байқатады:

  1. Әлеуметтік экономикалық жағдайлар, соның ішінде: мал, егін шаруашылығы, қол өнер кәсіпшілігі, сауда саттық т. б. (Қошқар мүйіз, мүйіз оюы, омыртқа т.б.).

  2. Табиғат, соның ішінде: дала табиғаты, табиғат сыры, жәндіктер мен аң-құстары т. б.(тау, гүл, қарғатұяқ т. б.)

  3. Халықтың рухани өмірі: ұлттық салт-дәстүрлері, наным-сенімдер т. б. (әдет-ғұрпы, салты бойынша; "құс мұрын, бауырсақ т. б.").

Жоғарыда саралап көрсетілген факторлар өсеріменен ұлттық ою-өрнектердің өзіндік мазмұндық ерекшеліктері қалыптасқан:

  1. Мағаналық ерекшеліктері (символы, халықтың дүние танымы, ойы, арман мүддесі, салт-дәстүрі т. б.), (ит-құйрық, түйетабан, таңба, марал, салт атты сарбаз.

  2. Бояу түрлеріне байланысты ерекшеліктері. Мәселен ою-өрнектерде бояу түсі мен мәнерінің тепе-тендік принціпінің берік сақталып келуі, бояу түстерінің символикасы т. б.

  3. Құрылымдық жүйесінің ерекшеліктері. Онда өрнек мәнерінің орналасу принципі тұрақты келеді, құрылым жүйесі қатаң сақталады. Яғни бір өрнектің екінші өрнекпенен жөнсіз шатасуы, немесе композициялық құрылысының ала-құла болуы жоққа тән (киіз, түс киіз, кілем т. б.).

Демек, бұдан қазақ халқы ерте замандардан ою-өрнек өнерін өмір мүддесіне, тұрмыс қажетіне пайдаланып, іске жаратып келе жатқанын көреміз. Осы орайда қазақ халқының көне дәуірлерден бері жалғасып келе жатқан мұрасы болып анадан қызға беріліп, өзіндік дәстүрге ұласып дүние жүзіне тараған қол өнердің бірі болып табылады.
Ою-өрнек дегеніміз-дәлдік, есеп, тендік, теңдеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Ұлттық ою-өрнектердің танымдық мәнін аша отырып біз төмендегіше қортындыға келдік.
1.Ежелгі ата-бабамыздың күнделікті тұрмыс тіршілігі табиғат пен мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан өздерінің ою-өрнектерінде көбнесе жан-жануар, құстарға табиғат құбылыстарына байланысты элементтеріне көбірек пайдаланған.
2.Ежелгі ою-өрнектер ақпарат құралдарының ролін атқарған.
3.Ою-өрнектердің танымдық мәні жағымды эмоцияға негізделген. Мұндай ою-өрнектердің тәрбиелік мәні өте күшті.
4.Ою-өрнектер рухани эстетикалық қызмет атқарады.
Ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыкқа деген құштарлық жиынтығы. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.
Бұл кілем тоқудың дәстүр сабақтастығын үзбей келе жатқан, терең тарихы бар өнер екендігін дәлелдейді.

5-Сурет. Кілемге салынатын ою-өрнектердің эскизі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет