істей білуі тиісті:
микробиологиялық зерттеулерге материал алу;
өсімдік дәрілік шикізаттар мен дайын дәрілік формаларының, ауа,су,топырақ микрофлорасы туралы зерттеулер қорытындысын тұжырымдау;
дәрілік шикізаттың және дайын дәрілердің ластануына микробиологиялық бақылау жүргізу;
фармацевтикалық өндірісте және дәріхана жағдайында сыртқы орта мекен жайын дезинфектанттармен залалсыздандыруды;
дағдыларын игеруге тиісті :
тексерілетін материалды алу және бактериологиялық зертханаға жеткізу.
5) Реквизитке дейінгі: экология және тұрақты даму, бейорганикалық химия, физиология анатомия негіздерімен, молекулалы биология медицина генетикасы негізімен.
6) Реквизиттен кейінгі: фармакотерапия, фармацевтикалық гигиена негіздері, дәрілік технологиясы, фармакогнозия.
7 Пәннің қысқаша мазмұны:
Микробиология пәні, мақсаты, міндеттері. Микробиология фундаментальды жіне қолданбалы ғылым ретінде. Медициналық микробиологияның зерттеу нысаналары:бактериялар, саңырауқұлақтар,қарапайымдылар және вирустар.
Микробиологиялық зертханалар ұйымдастыру принциптері. Микробиологиялық зерттеу әдістері: микроскопиялық, дақылдық, серологиялық,биологиялық, аллергологиялық, молекулярлы-генетикалық.
Провизордың тәжірибелік қызметіне және медицинаның жетістікеріне микробиологияның маңызы. Микробиологиялық зерттеу саласына отандық және шетел ғалымдардың қосқан үлестері және жетістіктері.
Жеке медициналық микробиологияның түсініктемесі, мақсаты, міндеттері және әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |