Патогендік факторы. S- формалы колониясы вирулентті. Патогендік қасиеті қабықты антигендік комплекспен және эндотоксинмен байланысты. Зертханалық жануарлардың ішінде теңіз шошқасы, ақ тышқандар өте жоғары сезімтал.
Аурудың патогенезінде қоздырғыштың лимфа жолымен таралуының маңызы өте жоғары. Микроб және оның токсині қанға өтіп бактеремияға алып келеді.
Иммунитет. Аурудан кейін ұзақ уақытқа кейде ағзаның антигенге аллергизациясы байқалады.
Клиникасы. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 3 аптаға дейін, 3-7 күн. Ауру жедел басталады кенеттен 38-39 С, қалтырау, бас ауру, ағзаның улануы байқалады.
Бубонды, жарақат-бубонды, көз-бубонды, абдоминальды, өкпелі, септикалы түрдегі клиникалық түрлері бар 6% өлімге алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |