Ж ұ мысба ғ дарламас ы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2207 Мамандық: 051103 «Фармация»



бет156/176
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#92007
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   176
Байланысты:
Микробиология-Фармация-2-курс-каз

Дақылдылық қасиеті. Факультативті анаэроб. Қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Қалыпты өсу температурасы 28 С, бірақ 2 ден 40 С арасында да өсуі мүмкін. Қоректік орталарда өсуін жылдамдату үшін ортаға сульфит натриді, гемолизденген қан қосылады. Тығыз қоректік ортада 8-12 сағ. сынған әйнек тәрізді колония түзеді, 18-20 сағ соң R-формалы колония түзеді.
Ферменттік қасиеті. Плазмокоагулазаны, фибринолизин, гемолизин, лецитиназаны, РНКазаны синтездейді, рамнозаны ж/е сахарозаны ферменттемейді, декстринді ферменттейді.
Антиген құрылымы. Термостабильді О-антиген ж/е термолабильді капсулалы К-антигені бар. Адамның бұл ауруды жұқтыруы әбден мүмкін. Адам бүргенің шаққанынан кейін обаның бубонды түрімен ауырады, ауа арқылы өкпе түрімен ауырады.
Иммунитет. Аурудан кейін өмір бойлық иммунитет қалыптасады.
Патогенезі мен клиникасы. Аурудың айқын клиникалық белгілері микробтық токсикалық ж/е септикалық әсеріне байланысты. Егер қоздырғыш тері арқылы организмге енген болса, онда енген жерде пустула, карбункул сияқты қабынулар пайда болады, яғни обаның терілік түрі байқалады.
Обаның өкпелік түрінде жиі қабыну процессіне плевраның да қосылуымен өтеді. Өкпеде серозды гемморагиялы, сосын некротикалық қабыну процесі пайда болады. Инкубациялық кезең 1-3 күнге дейін созылады. Обаның бубонды, өкпелі, септикалық түрлері болады.
М.б.д. Бактериологиялық әдіс. Ол үшін алынады: бубоннан пунктант, ауыз жұтқыншақ шырышынан, қақырықтан, қаннан, пустула қоймалжыңынан, ликвордан, секционды материалдан, тірі кеміргіштен, кеміргіштің мәйітінен, бүргелерден, судан, ауадан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет