Микробиологиялық диагностика. Қоздырғышты анықтау үшін қан алынады, антиденені анықтау үшін қан сарысуын, бруцелланы анықтау үшін сүт ж/е сүт тағамдарын аламыз.
Бактериологиялық әдіс бірінші күннен оң нәтиже береді 75-80% де. 10 мл көк тамырдан алынған қанды 100-200 мл қантты, бауыр және асцит сұйықтығына енгіземіз. Колбаны термостатқа қоямыз, 2-3 аптадан соң колония пайда болады.
Алдын-алу әдісі тірі бруцеллезді вакцинаны қолданамыз .
Емдеу әдістері. Жедел және созылмалы түрінде күшті антибиотикотерапия
Кең спектірдегі антибиотиктер беріледі. Бруцеллезді иммуноглобулин қолданылады.
4.Бациллалар. Түйнеме-адам және жануарларда кездесетін өте айқын улану белгілерімен өтетін, терімен лимфатикалық аппараттың зақымдалуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Морфологиясы. Түйнемелі бацилла (B.anthracis) өте ірі таяқша, мөлдір капсула мен қоршалған. Қоздырғыштың вегетативті және спора тәрізді түрлерін ажыратады. Вегетативті түрлері тірі ағзада кездеседі. Споралары қоршаған ортада көп кездеседі және өте тұрақты.
Гр-, қозғалмайды, капсула түзеді. Спорасы ортасында орналасқан, сопақша тәрізді. Тірі ағзада, жарылмаған мәйітте спора түзбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |