Дақылдылық қасиет. Аэроб. Әдеттегі қоректік ортада жақсы өседі. Пісірілген, шикі картопта бактерияны өсіруге болады. Сұйық қоректік ортада мақта тәрізді үйінді түзеді, лайлануды шақырмайды, қатты қоректік ортада ірі, шеттері тегіс емес R-формалы колониялар түзеді.
Б/Х –белсенділігі жоғары, глюкоза, сахароза, фруктоза, мальтоза, крахмал, инулинді қышқылға дейін ыдыратады. Сүтті 3-5 тәулікте ыдыратады.
Антиген құрылымы. Түрлік полисахаридті және текті ақуызды капсулалы антиген түзеді.
Патогендік фактор. Вирулентті штамдары көп мөлшерде капсулалы затты синтездейді, антифагоцитар белсенділікке ие күрделі экзотоксин түзеді, ақуызды комплекс ісінуді шақырады.
Микробиологиялық диагностика. Тексерілетін материал –карбункул, қақырық, нәжіс, қан, зәр.
Серодиагностикасында ТГАР, РИФ, КБР, ТЕГАР, реакция термоприципитация, Асколи реакциясы.
Алдын-алу және емдеу әдістері. Арнайы алдын-алу әдістері сібір күйдіргісіне қарсы тірі вакцина СТИ (санитар техникалық институт). Иммунизация эпид көрсеткішке қарай қауіпті тобына жүргізіледі.
Ауруды және күдіктілерді бөлектеу.
Мәйітті және өлген жануар мәітін зақымдалған аймақты жағу.
Ауру жануарлар тұрған жерді залалсыздау.
Суды тазалау.
Залалданған аймақты хлорлау.
Достарыңызбен бөлісу: |