Ж. №1 басылым 54 беттен -бет



бет4/4
Дата31.01.2018
өлшемі1,08 Mb.
#36658
1   2   3   4

3 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.

«Сапа менеджмент жүйесі» пәні қажет сапаға жету үшін әpi қарай басқарумен, өнімнің, жұмыстар мен кызметтердің сапа деңгейін сандық анықтау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру, теориялық базаны жасау және студенттерді сапаны жуйелі басқару принциптерімен таныстыруды мақсат етіп қояды.

Пәннің мақсаты келесідей: студенттерге квалиметрияның негізгі әдістері туралы, квалиметриялық бағалау алгоритмі туралы, квалиметриялық шкалалар туралы, квалиметрияның технологияларының негізі туралы, сапа көрсеткіштерінің сандық мәнін анықтау әдістері туралы, әр түрлі тағам өнімдердің сапа көрсеткіштерінің оптимальді мәнін анықтау әдістері туралы мағлұмат беру, өнімнің сапасын және бәсекелестік қабілетін жоғарлатудағы басқару шешімдерін қабылдау дағдылары мен білімін жетілдіру.

Курстық жұмысты әзірлеу әдістемесі.

Тақырыпты таңдау және курстық жұмысты орындауды басқаруды ұйымдастыру.

Курстық жобаның тақырыбы қазіргі кездегі ғылымның, техника, технология, стандарттау және сертификаттаудың жағдайы мен перспективаларына сәйкес актуальді болу қажет.

Студент курстық жұмысты орындауға тақырыпты алған соң, өздігінен тақырыпты оқытушы келіспеусіз өзгерте алмайды.

Өндірісте жұмыс істейтін студенттер, өндірістік қажеттіліке байланысты курстық жұмыстың тақырыбын өздері ұсына алады.

Курстық жұмысты дайындауды жоспарлау.

Курстық жұмысты орындар алдында оқытушы студенттердің есеп берудің күнтізбелік кесте және мерзімдерін әзірлейді.

Студенттер курстық жұмыстың орындау кестесін орындау қажет.

Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымына қойылатын талаптар.

Курстық жұмыс мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулықтар, патенттер, стандарттар, технологиялық нұсқаулар, техникалық шарттар және т.б.) талдау негізінде орындалады.

Курстық жұмыс бір-бірімен байланысты, бір-бірін толықтыратын үш негізгі бөлімнен тұрады. Мәтіндік бөлім А-4 форматта 20-30 беттен тұру қажет.

Курстық жұмыстың құрылымы келесідей:

титулдік бет;

мазмұны;

кіріспе;


әдеби шолу - өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын бағалау үшін міндет көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау;

негізгі бөлім - өнім сапасының деңгейін анықтау (тапсырма бойынша);

өнім сапасының жоғарлату жолдарының мүмкіндігін табу;

қорытынды;

қолданған әдебиеттер тізімі.

Жұмыс мазмұнына талаптар:

Кіріспе

Кіріспе Қазақстан Республикасының нақты тағам топтарының (тапсырма бойынша) квалиметриясының қазіргі кездегі жағдайын бағалауынан тұру қажет. Бұдан басқа берілген тағам топтарының тағамдық, биологиялық құндылығының көрсеткіштері көрсетілу керек.



Әдеби шолу.

Әдеби шолуда өнім сапасының көрсеткіштерінің жіктемесі беріледі. Тұтынушылар қасиеттері мен сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау тәртібі. Жіктемелік, шектегіш және бағалау көрсеткіштері. Бағалау жағдайы. Өнім сапасының сараптамалық бағалау. Органолептикалық көрсеткіштерді бағалау. Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтау. Көрсеткіштердің салмақтылық коэффициенттерін анықтау. Сапа деңгейін бағалау үшін базалық үлгілерді таңдау. Бұдан басқа өндіріс технологиясы мен сақтау жағдайлары бұзылған кезде пайда болған ақауларын жазу керек.



Негізгі бөлім - өнім сапасының деңгейін анықтау (тапсырма бойынша);

Өнім сапасының деңгейін дифференциалды әдіспен анықтау. Өнім сапасының деңгейін кешенді әдіспен анықтау. Басты көрсеткішті бағалау. Орташа өлшенген көрсеткіш бойынша, интегралды көрсеткіш көмегімен бағалау. Өнім сапасының деңгейін аралас әдіспен анықтау.

Өнім сапасының жоғарлату жолдарының мүмкіндігін табу.

Сапаны басқару тиімділігіне әсер ететін жағдайлар мен факторлар. Қазіргі кездегі сапаны басқару механизмінің негізгі компоненттері, олардың өзара қызметі мен өзара байланысы. Сапаны басқару стратегиясы, сапа саласындағы саясат пен жобалау.

Тұтынушылардың тиімділігін талдау әдістері. Сұрау үлгісін жасау, тұтынушылардан сұрау нәтижелерін өңдеу.

Тұтынушылардың қауіпін төмендететін техникалық және ұйымдық шараларын әзірлеу.



Қорытынды.

Қорытындыда жұмыс нәтижелері жөнінде қысқаша тұжырымы болу керек, нақты өнімнің квалиметриялық бағалау перспективалары, өткізу нарығы, өнімнің бәсекелестік қабілетіне әсер ететін факторларды қарастыру қажет.

Қолданған әдебиеттер тізімі.

Тізімде жұмыста қолданған әдеби көздері туралы мағлұматтар көрсетіледі. Әдебиеттер туралы мағлұматтар МЕСТ 7.1 талабына сай көрсетіледі.



Курстық жұмысты рәсімдеу ережелері.

Курстық жұмыс стандартты А-4 ақ қағаздарда жазбаша орындалады.

Титульді бет жұмыс беттерінің жалпы номерімен есептеледі. Титульді беттегі номер көрсетілмейді.

Жеке беттерде орналасқан кестелер мен иллюстрациялар және ЭЕМ басылған беттер жалпы беттермен нөмерленеді.

Жұмыстың бөлімдерін, бөлімшелерін, пунктерін номерлеу.

Бөлімдерді, бөлімшелерді, пунктерді араб сандарымен номерлеу қажет.

Жұмыстың бөлімдері ретпен номерленуі қажет, мысалы: 1.,2.,3.

Пункттер әр бір бөлім мен бөлімшеге сәйкес ретпен номерленуі қажет. Пункт номері бөлім номері мен бөлімшенің реттік номерінен тұрады, мысалы: 1.1,1.2, немесе 1.1.1, 1.1.2..

Кестелер.

Сандық материал кестелер түрінде рәсімделу қажет.

Кестелер жұмыстың мәтінінде бірінші рет ескерілген соң мәтінің соңында немесе келесі бетте көрсетіледі. Барлық кестелерге жұмыста сілтемелері көрсетілу қажет.

Кестелерді араб санымен реттен номерлейді.

Жұмыста кестелерді МЕСТ 2.105 стандарты бойынша рәсімдейді.

Сілтемелер.

Әдебиеттерге сілтемелерді жақшада көрсетілген тәртіп бойынша реттік номермен МЕСТ 7.1 бойынша көрсетеді.

Қорғауға дайындық және курстық жұмысты қорғау.

Аяқталған курстық жұмысқа студент қолын қойып, жетекшісіне тапсырады. Тексеріп, мақұлдаған соң жетекші өз қолың қойып, қорғауға ұсынады. Курстық жұмысты студент ауызша өз тақырыбы бойынша қорғайды, ол (қанағат, жақсы, өте жақсы) бағаларымен бағаланады.




4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1 Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы қажет. Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын әдебиетті оқып, теориясына көп тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана тоқталып, түсініксіз жерлерін белгілеу керек.

Содан кейін материалды мұқиятты түрде игеру қажет, яғни теориялық ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады.

Курсты оқу барысында студент СӨЖО мен СӨЖ реферат немесе үй тапсырмасы түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық меңгеру үшін.

Студенттердің өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі:


  1. Сапаны қамтамасыз етудің даму кезеңдері

  2. Деминг аксиомалары мен принциптері

  3. Кәсіпорын әрекеттеріне үрдістік тәсілдеме

  4. Cапа менеджментінің жүйесін жобалау және енгізу

  5. Стандарттау жөніндегі Халықарадық ұйым (ISO)

  6. Периодтық басылымдар шолуын дайындау

  7. Өнімнің өмірлік циклының процестері

  8. Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі

  9. Халықаралық 9000 сериялы ИСО стандарттарын құру тарихы

  10. Сапа менеджментінің жүйесін құрудың жалпы ережелері

4.2 Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1 Өзіндік сипаттамалар жиынтығы, талаптарды орындайтын кезең:

A) Талап


B) Мүмкіншіліктер

C) Сапа


D) Рәсім

E) Тұтынушылар қанағаты

2 Бекітілген қажетті немесе күту негізінен болжаланады және міндетті болып табылады:

A) Талап


B) Мүмкіншіліктер

C) Мүмкіншіліктер

D) Мүмкіншіліктер

E) Тұтынушылар қанағаты

3 Тұтынушылармен олардың талаптарының орындалу деңгейін қабылдау:

A) Талап


В) Мүмкіншіліктер

С) Сапа


D) Саралау

Е) Тұтынушылар қанағаты

4 Осы өнім талаптарына жауап беретін ұйымның, жүйенің немесе үрдістің өнім өңдіру қабілеті:

A) Талап


В) Тұтынушылар қанағаты

D) Мүмкіншіліктер

С) Сапа менеджментінің жүйесі

Е) Менеджмент

5 Өзара байланысты және өзара әрекеттегі элементтердің жиынтығы:

A) Менеджмент

B) Жүйе

С) Сапа саласындағы мақсаттар

D) Ұдайы жақсарту

Е) Сапа


6 Саясат және мақсаттарды әзірлеу және осы мақсаттарға жету үшін қолданылатын жүйе:

А) Менеджмент жүйесі

В) Сапа саласындағы саясат

С) Менеджмент

D) Тұтынушылар қанағаты

Е) Жүйе


7 Менеджмент жүйесі ұйымды жетекшілікке алу және басқару үшін сапаға қолданылады:

A) Жүйе


B) Менеджмент

C) Сапа менеджменті жүйесі

D) Ұдайы жақсарту

Е) Тиімділік

8 Жоғарғы жетекшілікпен ресми нысандалған сапа саласындағы ұйымның жалпы жобалары және әрекеттерінің бағыттары:

А) Басқару

В) Сапаны басқару

С) Сапа менеджиенті

D) Сапа саласындағы саясат

Е) Талап


9 Сапа саласында жоғарғы мақсаттарға жетуге ұмтылатын немесе жетуге тырысатын нәрсе:

А) Сапа саласындағы мақсаттар

В) Сапа саласындағы саясат

С) Ұдайы жақсарту

D) Сапаны қамтамасыз ету

Е) Сапа

4.3 Оқу - әдістемелік әдебиеттердің тізімі:

1 Шишкин И.Ф., Станякин В.М. Квалиметрия и управление качеством. Учебник для вузов. М., Изд-во ВЗПИ, 1992 г.

2 Менеджмент систем качества: Учебн. пособие /М.Г. Круглов, С.К.Сергеев, В.А.Такташов и др. - М.: ИПК, Издательство стандартов, 1997, - 368 с.

3 Международные стандарты ИСО 9000. Управление качеством продукции. М.: Изд-во станд., 1996 г.

4 Успешная сертификация на соответствие нормам ИСО серии 9000: Руководство по подготовке, проведению и последующей сертификации / Изд.: Eckhard Kreier. Kissing: Forum – Verl. Herkert –Losebl. – Ausg. Основной том. – Состояние на 1995 год.

5 TQM – XX1. Проблемы, опыт, перспективы. Вып. 1 Под ред. В.Л. Рождественского и В.А. Качалова – М.: ИЗДАТ, 1997. – 193 с.

6 Деминг В. Эдвардс. Выход из кризиса. – Тверь: Изд-во «Альба», 1994. – 498 с.

7 Управление качеством электронных средств: Учеб. для вузов / О.П. Глудкин, А.И. Гуров, А.И. Коробов и др. ; Под ред. О.П. Глудкина – М., Высшая школа, 1994. – 414 с.



  1. Никсон Фрэнк. Роль руководства предприятия в обеспечении качества и надежности: Пер. с англ. – 2-е русск. изд. – М.: Изд-во стандартов, 1990. – 231 с.

  2. Исикава К. Японские методы управления качеством: Сокр. пер. с англ. / Науч. ред. и авт. предисл. А.В. Гличев – М.: Экономика, 1988. – 215 с.

10 Харрингтон Дж.Х. Управление качеством в американских корпорациях: Сокр. пер. с англ. / Авт.вступ. ст. и науч. ред. Л.А. Конарева – М.: Экономика, 1990. – 272 с.

11 Семь инструментов качества в японской экономике. – М.: Изд-во стандартов, 1990. – 88 с. (Качество, экономика, общество. Современные проблемы).

12 Кружки качества на японских предприятиях. – М.: Изд-во стандартов, 1990. - 70 с.

13 Управление качеством: Учебник для вузов / С.Д. Ильенкова, Н.Д. Ильенкова, В.С. Мхитарян и др.; Под ред. С.Д. Ильенковой – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998. – 199 с.

14 Экономика предприятия. Часть 2. Организация производства: Учебн. пособие. СПб: БИЭПП, 1997. – 202 с.

15 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии.: Учебник для ВУЗов. – М.: Аудит.ЮНИТИ, 1998. - 479 с.



16 Шепелев С.Н. Системы качества и конкурентоспособность продукции. - М.: РИЦ «Татьянин день», 1993 – 256 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет