ӘОЖ:646/647(075.32)
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ
БІЛІМ ҚАБІЛЕТІЛІГІН ДАМЫТУ
Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенті Ж.А. Байдулла
Ғылыми жетекшісі: Құрбаналиев Б.Ө. п.ғ.к., профессор
«Сырдария» университеті, Жетісай қаласы
Резюме
Цель преподавания искусства в школе - исходя из закономерностей воздействия различных видов искусств, формирование личности учащихся. Предмет обучения задача искусства – знакомство с искусством отечественных и иностранных учащихся, повышения понимания, духовного обогащения их внутреннего мира, культуры, в развитии художественных умений и навыков; совершенствование в освоении языка искусства, воспитывать уважение к мировой культуре.
Resume
An aim of teaching of art is at school - coming from conformities to law of influence of different types of arts, forming of personality of students. Пәнінін of educating a task of art is an acquaintance with an art home and foreign students, increases of understanding, spiritual enriching of their inner world, culture, in development of artistic abilities and skills; perfection in mastering of language of art, to bring up respect to the world culture.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Көркемдік білім берудегі қазіргі заманғы тәжірибелерді саралау барысы сынып оқушыларының жеке қызығушылықтары мен танымдық қажеттіліктерін, келешекте олардың өнер түрлерінен оқу орындарда білім алуға бағытталуына әсер ететін бейінді оқытудың басты бағытын анықтауға ықпал етеді. Өнер пәні оқушы тұлғасының өмірлік көзқарасының негізін құрайтын, оның өнегелі - эстетикалық тәрбиесіне әсер ететін әр түрлі өнер түрлерін кешенді түрде меңгерту шығармашыл тұлға тәрбиелеу мақсатын көздейді[1].
Мектепте өнер пәнін оқытудың мақсаты - әр түрлі өнер түрлерінің әсер ету заңдылықтарына сүйене отырып, сынып оқушыларының тұлғасын қалыптастыру. Өнер пәнінін оқытудың міндеті – оқушыларды отандық және шетел өнерімен таныстыру, түсінуін арттыру, олардың рухани ішкі дүниесін байыту, көркемдік мәдениеттің дамуындағы білік, дағдыларын жетілдіру; өнер тілін меңгеруге, әлемдік мәдениетке деген құрметін тәрбиелеу.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда[2]. Бұл педагогика теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
- білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
- ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
- баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
- мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
- қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуде.
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық - педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
- есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
- білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
- оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту[3].
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Оқытудың кең таралған сынып – сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педогогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
Оқушыларды сыныпқа жас шамаларымен таным қабілеттері бойынша топтастыру:
Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарлмалары және оқулықтарға негіздеу.
Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау.
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді[4].
Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани – адамгершілік қасиеттері мен ақыл – ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым – қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылды.
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі.
1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын – ала белгілі болуы тиіс.
2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай – ақ сабақта оқушылардың бойына біліктер мен дағдылары қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс[5].
4. Сабақта мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. “Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек”–деп Ж.Аймауытов майдан – жай айтпағанын ескеру керек.
6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемелық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.
7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым–қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым–қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді. Білім арқылы қарым – қатынас жасау және қарам – қатынас арқылы білім алу керек деген қағиданы іске асыру пайдалы.
8. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс–тәсілдеріне үйрету міндет.
9. Сабақта оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.
10. Сабақтың дидиактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір–бірімен өзара байланыста, бірін–бірі толықтырып тұрылуы қажет.
11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу – техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыруы шарт[6].
Бейнелеу өнерін оқыту айналадағы өмір шындығын көркем бейнелеу ерекшеліктерін танытуды оқушылардың табиғат сұлулығын халық өмірінің көріністерін жүйелі қабылдауын оның мүмкіндігінше өзінің көркем бейнелеу жұмыстарында қолдана білу машықтарын қалыптастыруды көздейді. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті түйсінуін үйлесімді ұштастыра білуге, шындық пен өнердегі әсемдікті дәл сезіне білуін шығарманың ынтасына өнерге деген ықыласы мен қызығушылығына және материалдың дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді.
Айналадағы өмір шындығын көріністерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру белсенді шығармашылық жұмыс. Оқушылардың көркем мәдениет құбылыстарды олардың қоғам өміріндегі мәні. Айналадағы шындық объектілері мен құбылыстарды эстетикалық тұрғыдан қабылдай білуге баулу. Балалардың көру мен есту байқампаздық қабілетін бояу түстерін ажырата білу түстерін дағдыларын қалыптастыру[7].
Бейнелеу өнері оқыту барысында қолданылатын педагогикалық әдістің бірі болып табылады. Бейнелеу өнерінің түрлерінде живописьті оқытуда оқушылардың білім қабілетілігін дамыту бейнелеу өнері пәнінің мүмкіндігі шексіз мұндай нақты бір шешім болуы мүмкін емес, әр оқушының белгілі затты немесе құбылысты қалай қабылдаса солай бейнелеуге тырысады[8].
Сондықтан бір оқушының тапқан шешімі екінші оқушының жұмысына ұқсамайды. Осы жағдай кластағы барлық оқушының сабаққа толық ынтамен қатынасуын қамтамасыз етеді. Өйткені талантсыз оқушы жоқ, ойын үстінде баланың творчествалық қабілет мүмкіндігі толық ашылады.
Бейнелеу өнерінен үй тапсырмасы берілмейтінін апталық сағат саны бір сағат қана екенін және творчествалық тапсырмалармен жаттығулардың аздығын ескерсек, ойын-тапсырмалардың бейнелеу өнерін оқытуда қаншалықты маңызды екенін байқау қыйын емес. Бейнелеу өнерін оқыту барысында ойын әлементтері аралас тапсырмалар беру оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, олардың сабақта творчествалықпен жұмыс істеуіне себебін тигізеді[9].
Әдебиеттер
Закон РК «Об образовании». - Астана.2014ж.
Ұзақбаева С.А. Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие. (п.ғ.д. дисс. Автореф). – Алматы:2013ж..-46 б.
Қабдықайырұлы К., Беркіханова Г. Оқытудың педагогикалық технологиясы жайлы. // ИФМ. 2014ж. № 3. 7-8 б.
Сабақ беру тиімділігін арттыру (Құрастырған: Б.Сманов). - Алматы, 2009ж.
Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары 1-4 сыныптар. - Алматы, 2007ж.
Қабдықайырұлы Қ, Берікханова Т. Оқытудың педагогикалық технологиясы жайлы. И.Ф.М. №6, 2012 ж.
О. Сатқанов // Қазақтың сәндік-қолданбалы өнеріне бейімдейтін еңбекке үйрету - Алматы., 2014
Мусалинов Т. Самылтыров М. Бейнелеу өнерінің негіздері. - Алматы: Рауан,1988ж.-139 б
Айдарова З. Мектепте оқушылардың көркемдік талғам тәрбиелеу // Бейнелеу өнері және сызу.2015ж.-№ 4.-2б
Достарыңызбен бөлісу: |