Бір жауабы бар сұрақтар
19 жастағы науқасқа үсіктен кейін Шапаров буынының деңгейінде дезартикуляция жүргізілді. Қандай артерияның пульсациясы диагностикалық белгі ретінде ампутациялық тұқылдың өмір сүру қабілетілігін анықтайды.//
аяқ басының сыртқы артериясы a.dorsalis pedis
5 жасар бала мұрынмен қиын демалуына, түнде қырылдауына, жиі мұрын бітелуіне, мазасыздығына және бас ауруларына шағынданып келді. Сыртқы тексеріс кезінде тері жабындысы бозғылт, бала жиі ауызбен демалады, төменгі жақ сүйеменденген (түскен), сілекей ағуы байқалады. Жұтқыншақтың мұрындық бөлігін тексергенде жұтқыншақ бадамшасы ұлғаюының ІІІ сатысы (дәрежесі) байқалды және ота тағайындалды. Ота кезінде кенеттен қан ағу басталды. Бұл асқынудың себебі қандай болу мүмкін?//
Беттік артерия a.facialis бет артериясының зақымдалуы
Холецистэктомия отасы кезінде лигатураға өт қапшығының артериясының орнына тамыр тартылды, нәтижесінде бауырдың оң бөлігінің некрозына алып келді. Өт қапшығы артериясының орнына қандай қан тамыр байланды.//
56 жастағы айырша бездің ісігі бар науқаста кенеттен ционоз пайда болды, тері асты шел май қабатының веналық өрімнің кенеюі және беттің, мойынның, қолдың жұмсақ тіндерінің ісінуі байқалды. Айырша бездің синтопиясын ескере отырып, қандай құрылым ісікпен басылғанын анықтаңыз.// жоғарғы қуыс вена vena cava superior
Брахиморфты типті адамдар жүрегінің орналасуы:// көлденең (горизонталь)
Жүрек клапандары қай қабаттың қатпарларынан түзілген?// эндокард
70 жасар науқастың ЭКГ-де RR-интервалының ұзақтығы 1,5 сек, жүректің жиырылу жиелігі – 40 мин екені анықталды. Жүрек ырғақтылығының негізгі бағыттаушысы не болып табылады.// синатриалдық түйін
Негізгі (басты) қан тамырмен қатарлас жүретін қосымша қан тамырлардың аттары:// жанама коллатеральды
Кардиология бөліміне түскен, 57 жасар ер адамда сол жақ жүрекше миокардының қан айналымының бұзылысы анықталды. Қанайналым бұзылысы қай қан тамырдың арнасында болғанын анықтаңыз.// сол тәждік артерия a.coronaria sinistra
Достарыңызбен бөлісу: |