1) репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. 1-деңгейдегі тапсырмаларын орындау барысында «танып-білу» және үлгі бойынша «қолдану» арқылы орындалады. Яғни, бүгінгі өткен жаңа сабақ бойынша берілген тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі. Сонымен қатар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты.
2) алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) эвристикалық деңгей – оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді. Яғни тапсырмалар талдау, жинақтау, қорыту бағытында беріледі.