Ж. Қаналиева Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті №105 орта мектеп



Дата11.01.2017
өлшемі50,16 Kb.
#7044
Ж. Қаналиева

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Жосалы кенті

105 орта мектеп



Тақырыбы : «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Мақсаты :

  • Оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту

  • Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін көтеру;

  • Сөздерді орынды қолдана білуге білімдерін байқап, дамыту.

Сабақтың көрнекілігі : нақыл сөздер , ақан – жазушылардың портреті.

Ұлағатты сөздер :

  1. «Ана тілін құрметтемеу – ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеру керек » . Ғабит Мүсірепов.

  2. «Тілді меңгеру үшін оған өзіннің жүрегіңді ашуың керек » . Нұрсұлтан Назарбаев

Барысы :

І . Ұйымдастыру . ( топқа бөлу )

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ. Қорытынды . Оқушыларды марапаттау.

І . Кіріспе сөз.

Армысыздар , құрметті қонақтар мен тіл жанашырлары. «Өзге тілдің бәрін біл , өз тіліңді құрметте » атты сайысымызға қош келіпсіздер . «Дүниеде ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін – түрік тілі , түрік тілінің ішіндегі гауһары - қазақ тілі » .

Ана тілім – арым , нәрім , қуатым,

Сенсің менің жан сырымды ұғатын.

Өзің барда ұлтым ұлы, ел аман,

Шағың келді биіктерге шығатын

Сайысымыз УІІ турдан тұрады :

І. Сәлемдесу. (топтар қазақша , орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)

ІІ. «Сөз қаруы - ой » .Сурет бойынша әңгіме құрастыру (орыс тілінде )

ІІІ. «Қанат қақты». Капитандар сайысы .

ІУ. « Тапқырлар » . Жұмбақ сайысы . (шешуін үш тілде айту)

У. «Сен білесің бе ? » Әр ұлт өкілдерінің ұлттық ас мәзірін таныстыру, қалай жасалатындығы туралы айту.

УІ. «Кім біледі ? » Қазақстанның және басқа ұлт өкілдерінің әртістерін , әншілерін, еңбек қайраткерлерін және елбасыларының суреттерін көрсету.

УІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ » Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.

І тур «Сәлемдесу ».

Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады. Бірін – бірі көріп білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді. Имандылық шариғатында сәлемдесу тілмен айту парыз екен. (топтар қазақша , орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)

1 топ --------------------2 топ ---------------------3 топ ---------------------4 топ ---------------------

ІІ тур . «Сөз қаруы - ой » .

Орыс тілін түсінемін , білемін,

Шет тілін де жаттап оқып жүремін.

Ата – бабам қастерлеген жанындай ,

Ана тілім – менің нағыз жүрегім.

«Піл күшті, піл күшті емес, тіл күшті » орысша баламасы «Слон всех сильнее, а язык и слона сильнее » Оқушылар сурет бойынша әңгіме құрастырады , сайыстың шарты бойынша орыс тілінде.

ІІІ тур . «Қанат қақты». Капитандар сайысы . Мақалдың жалғасын тап.

1. Тіл тас жарады ,

(Тас жармаса бас жарады)

2. Тіземнен сүріндірсең сүріндір,

Тілімнен сүріндірме .

3. Піл көтергенді тіл көтереді.

4. Ат жүйрігі қасқа ,

Тіл жүйрігі басқа .

5. Бас кеспек болса да ,

Тіл кеспек жоқ.

6. Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ортақ

7. Бас ойлағанда тіл тыныстайды.

8. Қырғи тіл – қиыр қылыш

9. Икемді тіл инеден өткір.

10 Құлақ екеу, тіл жалғыз,

11.Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз

Қос тіл – қос қанатың

Қазақ тілім - өз тілім , ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

Болашағым , бақытым дара тілім.

ІУ. « Тапқырлар » . Жұмбақ сайысы . (шешуін үш тілде айту)

У. «Сен білесің бе ? » Әр ұлт өкілдерінің ұлттық ас мәзірін таныстыру, қалай жасалатындығы туралы айту.

Біздің Республикамызда мәуелі бақтай жемісін шашқан жүз отыздан аса әр түрлі ұлт өкілдері бір – бірімен тату – тәтті тұрады. Біз қандас болмасақ та жандаспыз.

УІ тур . «Кім біледі ? » Қазақстанның және басқа ұлт өкілдерінің әртістерін , әншілерін, еңбек қайраткерлерін және елбасыларының суреттерін көрсету , оқушалар олардың кім екенін анықтау керек.

Тілім тірі , тірі дербес күн кешпек,

Аты тұрып қалай артқа мінгеспек?!

Тілсіз тыныс ала алмайды мемлекет,

Бас кессе де , жоқ емес пе тіл кеспек .

УІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ » Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.

Ә, А , Ж , Р, С , Т , Б , М , Д , О , Л , К .

1. Қай қалада тұрасың ?

2. Сенің сүйікті әншің?

3. Қандай тағамды ұнатасың?

4. Сыныптағы досынды ата ?

5. Жасын нешеде ?

6. Сынып мұғалімінің аты ?

7. Сен озат оқушысың ба ?

8. Математика пәні саған ұнайма ?

9. қандай мамандықты қалайсың ?

10. Кімге ұқсағын келеді ?

11. Сүйіп оқитын кітабың ?

12. Жазғы демалысты қалай өткіздің ?

13. Қазақстаннның астанасы ?

14. Парта неден жасалады ?

15. Қардың түсі ?

16. Сүйікті тағамын ?

17. Қандай гүлді ұнатасың ?

18. Мектепке немен келесің ?

19. Күзде ауа райы қандай ?

20. Сыныптағы ең сұлу қыз ?

21. Алматы қандай қала ?

22. Қыс айы немен ұнамсыз ?

24. Сен қандай оқушысың ?

Ана тілім күн нұры – шуақтайсың ,

Мөлдір таза шын кәусар – бұлақтайсың.

Өнер , білім ғылымда сәуле шашқан,

Темірқазық жұлдызым – шырақтайсың.

ҚОРЫТЫНДЫ .

Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз.

Жеңімпаздар марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет