Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы


Гуманизм. Қайта Өрлеу кезеңін дәуірлеу



бет100/135
Дата06.02.2022
өлшемі2,7 Mb.
#34362
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   135
Гуманизм. Қайта Өрлеу кезеңін дәуірлеу.

Қайта Өрлеу дәуірі – гуманизм дәуірі. Тарихи жағдай. Жалпы шолу. Данте Алигьери. өмір жолы. “Жаңа өмір” кітабы – Дантенің тырнақалды шығармасы. Саяси көзқарастары мен еңбектері. Данте – Гвидо Гвиницеллидің шәкірті және оның дәстүрін жалғастырушы. “Құдіретті комедия” – Данте шығармашылығының биік шыңы. Франческо Петрарка творчетвосы. Өмірі туралы деректер. Шығармашылық жолы. “Филология” комедиясы. “Африка” комедиясы. “Канцоньера” –“Ән кітабы” – сонеттер жинағы. Джованни Боккаччо шығармашылығы. өмірбаяны. Алғашқы шығармалары. “Декамерон” – Боккачо творчествосының шарықтау шегі. “Декамеронның” сюжеттік және стильдік ерекшеліктері.


Батыс және орталық Европа тарихындағы ортағасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі екі үлкен мәдени қозғалысты қамтиды.
«Ренессанс» деген атпен белгілі болған қайта жаңғыру дәуірі ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы – діни бағытта жүзеге асырылды. Қайта өрлеу идеялары қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты. Қайта өрлеу деп аталатын бұл алғашқы буржуазиялық құбылыс – ХІҮ ғ. Аяғында ХҮ ғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып бүкіл Италияны қамтыды. Бұл кезеңде итальян қоғамы Греция мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени және әдеби мұраларды жаңғыртумен қызу айналысып кетті. Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес жалпы адамзаттық гуманистік идеялар негізінде бірігуге мүмкіндік алды. Ғылымда бұл құбылыс қайта өрлеу жіне гуманизм дәуірі деп сипатталады.
Қайта жаңғыру құбылысын сол кездегі мәдениеттің барлық салалары да басынан кешірді. Сол кезең әдебиетінде көптеген тамаша туындылар дүниеге келді. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры тамаша дарынды адамдарды өнер сахнасына әкелді. Солардың бірі – қайта жаңғыру мәдениетінің бастауында болған ұлы Данте Алигьери (1265-1321ж.ж.). Оның қылқаламынан шыққан атақты комедияның кереметтігі соншалық, оның талантына бас иген ұрпақтары бұл туындыны «Құдіретті комедия» деп атады. Данте, Франческо Петрарка және Джованни Боккачо Қайта өрлеу дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян тілінің негізін қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүниежүзілік әдебиетке қосылған тамаша туындылар қатарынан орын алды. Мысалы Петрарканың «Мадонна Лаураның өмірі мен өліміне» арналған сонеттері өзінің тірі кезінде-ақ әлемге әйгілі болды. Оның жолын қуушылардың бірі – «Декамеронның» авторы атақты Боккачоның гуманистік идеяларға толы реалистік новеллалары – дүниежүзілік әдебиет саласындағы соны құбылыс боп саналады.
Қайта жаңғыру құбылысының басты назары адам тұлғасына аударылды. Адам бойындағы ірі қасиеттерді жан-жақты көрсету арқылы оны биік дәрежеге көтеру және оның ар-намысын, абыройын қорғау басты орынға қойылды. Бірақ осындай ұлы бастамалардың жаршысы болған Италия елінде алғаш рет католиктік реакция басталды, гуманистік қозғалыстың өкілдері шіркеу тарапынан қуғынға ұшырады. ХҮІ ғ. 40-ж. инквизиция басталды. Еркін ой иелерін қудалап, айыптау мақсатында ІҮ-ші Павлдың бастамасымен тыйым салынған кітаптардың тізімі жасалды. Бұл тізімге христиан дінінің қағидаларына қайшы келетін, адамдардың сана сезіміне әсер ететін шығармалар енді. Оның қатарына Джованни Боккачо сияқты Италияның ұлы гуманистерінің шығармалары да жатқызылды. Тыйым салынған кітаптар отқа жағылды.
Германияда гуманизм идеялары ХҮ ғ. ортасына қарай тарай бастады және оларды негізінен прогрессивтік интеллигенция мен жоғары оқу орындарының ұстаздары қолдады. Мартин Лютердің Библияны неміс тіліне аударуы – Германиядағы Қайта жаңғыру дәуірінің бастамасы болды. Библияның неміс тіліне аударылуы – немістің ортақ әдеби тілінің қалыптасуына да әсерін тигізді. Германиядағы Қайта жаңғыру Реформациямен тығыз байланысты болды (католиктік шіркеуді реформалау қозғалысы).
Немістің гуманистік әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі – Иоганн Рейхлин (1455-1522 ж.ж.) – «Письма темных людей» деп аталатын атақты сатиралық шығарманың авторы. Ол бұл еңбегінде ғылыми атақтары бар магистр мен бакалаврлардың қара ниетін айыптап, қоғамдық өмірді сынға алды, Сондай-ақ Себастьян Бранттың «Ақымақтар кемесі», Ульрих фон Гуттеннің, Ганс Санстың шығармалары да осы кезең туындылары. «Халық кітаптары» деп аталатын жалпы әдебиет саласындағы соны құбылыс та Германияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болды. Бұл жинаққа жалпы халық құрметіне бөленген шығармалар енді. Олар: «Тиль Эйленшпигель», «Доктор Фауст», «Шильдбюргерлер» және т.б.. Олардың авторлары белгісіз.
Нидерландыдағы Қайта жаңғыру қозғалысының алыбы Эразм Роттердамский болды. Оның «Есерсоқтықты мақтаған сөз», «Үйдегі әңгіме» сияқты өмірдің сан-саласын қамтитын сатиралық шығармалары Германияға, Францияға, Италияға, Англияға кеңінен тарады. Ол өз шығармаларында корольдер мен княздердің, феодалдардың саяси озбырлықтарын әшкерелеп, халыққа қайғы-қасірет әкелетін соғыстарды сынға алды. Бұл тұста Нидерландының ұлттық гимнінің авторы Филип Альхонде және т.б. баға жетпес туындылар берді. Нидерландының мәдени өмірінің басты ерекшелігі – қалаларда ғана емес, шағын деревняларда да риторикалық қоғамдардың құрылуы болды. Бұл қоғамдардың мүшелері өлең, ән, пьесса, әңгіме шығарудан өнер сайысына түсетін болды.
Мұндай риторикалық қоғамдар халықтың мәдени дәрежесінің көтерілуіне үлкен үлес қосты.
Англияда гуманистік идеялардың орталығы – Оксфорд университетінде өз заманының алдыңғы қатарлы ғалымдары – Гросин, Линанр, Конет және т.б. жемісті еңбек етті. Әлеуметтік философия саласындағы гуманистік қағидалардың дамуы «Утопияның» авторы. Томас Мордың есімімен тығыз байланысты. ХҮІ ғ. бірінші жартысында көркем әлебиет саласында драматургия алдыңғы орынға шықты. «Қаңғыбастар» ретінде қатаң жазалану қаупіне қарамастан елде актерлердің «Қыдырма» топтары көбейе түсті. Ағылшын Ренессансының алыбы, ағылшын халқының ұлы драматургы – Вильям Шекспир болды. Оның қаламынан шыққан «Гамлет», «Король Лир», «Отелло», «Юлий Цезарь», «Асауға тұсау», «Генрих ҮІ», «Ричард ІІІ» сияқты трагедиялары мен тарихи пьесалары дүниежүзілік даңқ пен құрметке ие болды. Жалпы алғанда, жаңғыру дәуіріндегі театрдың дамуы Шекспирдің есімімен тығыз байланысты.
Еуропаның басқа бір елі – Испанияда Қайта жаңғыру дәуірі басқа елдерге қарағанда қарама-қайшылықтарға толы болды. Сегіз ғасыр бойы арабтардың қол астында болған испандықтардың ұлттық тәуелсіздігі үшін күресі жеңіспен аяқталды. Осы бір азаттық күрес заманында «рыцарьлық» романдар кеңінен тарады. Бұл жанрдың негізін қалаушы атақты трагедиялық комедияның «Селестинаның» авторы Фернандо де Рохас еді. Бұл тамаша әдеби дәстүрді Испанияның ұлы жазушысы «Дон Кихоттың» авторы Мигель де Сервантес пен «История жизни пройдохи» романының авторы сыншы-жазушы Франческо де Кеведо одан әрі жалғастырды.
Испанияның ұлттық драматургиясының негізін қалаушы, Шекспирмен қатар «Дәуір алыбы» деген құрметті атаққа ие болған, екі мыңдай әдеби шығармалардың авторы ұлы Лопе де Вега дүниежүзілік драматургия саласында алдыңғы қатарда болды. Оның атақты туындылары «Би мұғалімі», «Вакенсия жесірі», «Құмыра көтерген қыз», «Ақымақ қыз» - халық көңілінен шықты.
Францияда гуманистік қозғалыс тек ХҮІ ғ. басында ғана етек алды. Француз гуманизмінің тамаша өкілі – ұлы сыншы Франсуа Рабле болды. Ол өзінің «Гаргантюа мен Пантагрюель» атты белгілі романында өзі өмір сүрген қоғамды сынға алды.

Әдебиеттер:


1. Т.Тебегенов. Шетел әдебиеті тарихы.
2. Т.Тебегенов. Шетел әдебиеті.(хрестоматия)
3. История зарубежной литературы ХІХ века., Под редакцией Н.Соловьевой., М., 1989
4.Зарубежная литература ХХ века., Под редакцией В.Богословского, З.Т.Гражданской., М., 1981
5.Шетел әдебиеті., Құрастырушы А.Бекьаев, А., 1983

8 Дәріс. Данте шығармашылығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет