5. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырма-ның мақсаты мен мазмұны
|
Ұсыныла-тын әдебиеттер
|
Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)
|
Балл
|
Бақылау түрі
|
1
|
ОЖСӨЖ тапсырма-ларын орындау (барлығы 16 тапсырма)
|
|
Жоғарыда көрсетілді
|
ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде
|
100
|
Тапсырма-лардың орында-луын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру
|
2
|
СӨЖ тапсырма-ларын орындау
(барлығы 15 тапсырма)
|
Ойлау қабілеттерін шыңдап, шығар-машылықтарын дамыту
|
Жоғарыда көрсетілді
|
СӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде
|
100
|
Өз беттерімен жұмыстануға үйрету
|
3
|
Жазба жұмыс (реферат) түрінде аралық бақылау
|
Студенттерге реферат бере отырып, олардың іздендіру, білімдерін тереңдету.
|
Жоғарыда көрсетілді
|
|
100
|
|
5
|
Емтихан
|
Білімді кешенді тексеру
|
|
|
100
|
Тест
|
Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
№
|
Әдебиет атауы
|
Барлығы
|
Ескерту
|
Кітап-ханада
|
Кафе-драда
|
Студент-тердің қамтылу пайызы
%
|
Элек-тронды түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
Античная литература /А.Ф.Лосев, Г.А.Сонкина, А.А.Тахо-Годи и др. - М., 1986.
|
|
|
|
|
|
|
Тронский И.М. История античной литературы. — М., 1988.
|
|
|
|
|
|
|
Никола М. И. Античная литература: Практикум. — М., 2001.
|
|
|
|
|
|
|
История зарубежной литературы: Средние века. Возрождение / М.П.Алексеев, В.М.Жирмунский, С.С.Мокульский, А.А.Смирнов. — М., 1987.
|
|
|
|
|
|
|
Пуришев Б.И. Литература эпохи Возрождения: Курс лекций. — М., 1996.
|
|
|
|
|
|
|
Шайтанов И.О. История зарубежной литературы: Эпоха Возрождения: В2т. — М., 2001.
|
|
|
|
|
|
|
История зарубежной литературы XVII века / Под ред. 3. И. Плавскина. — М., 1987.
|
|
|
|
|
|
|
История зарубежной литературы XVIII века / Под ред. 3. И. Плавскина. -М., 1991.
|
|
|
|
|
|
|
История зарубежной литературы XIX века: В 2 ч. / Н. П. Михальская, В.А.Луков, А.А.Завьялова и др.; Под ред. Н.П.Михальской. — М., 1991.
|
|
|
|
|
|
|
Зарубежная литература XIX века: Практикум / Отв. ред. В.А.Луков. — М., 2002.
|
|
|
|
|
|
|
Зарубежная литература XX века: Практикум / Сост. и общ. редакция Н.П.Михальской и Л.В.Дуловой. - М., 1999.
|
|
|
|
|
|
|
История зарубежной литературы конца XIX — начала XX в.: Курс лекций / Под ред. М.Е.Елизаровой и Н.П.Михальской. — М., 1970.
|
|
|
|
|
|
|
Дератани Н.Ф., Тимофеева Н. А. Хрестоматия по античной литературе: В 2 т. — М., 1965.
|
|
|
|
|
|
|
Пуришев Б.И. Зарубежная литература средних веков: Латинская, кельтская, скандинавская, провансальская, французская литературы. — М., 1974.
|
|
|
|
|
|
|
Пуришев Б.И. Зарубежная литература средних веков: Немецкая, испанская, итальянская, английская, чешская, польская, сербская, болгарская литературы. — М., 1975.
|
|
|
|
|
|
|
Зарубежная литература: Эпоха Возрождения: Хрестоматия / Сост. Б. И. Пуришев. - М., 1976.
|
|
|
|
|
|
|
Хрестоматия по зарубежной литературе XVIII века: В 2 т. / Сост. проф. Б. И. Пуришев и др. - М., 1970-1973.
|
|
|
|
|
|
|
Хрестоматия по зарубежной литературе XIX века / Сост. А. А. Аникст. — М., 1955.
|
|
|
|
|
|
|
Зарубежная литература: XIX век. Романтизм, критический реализм: Хрестоматия / Под ред. Я.Н.Засурского. — М., 1979.
|
|
|
|
|
|
|
Храповицкая Г.Н., Ладыгин М.Б., Луков В.А. Зарубежная литература XX века: Хрестоматия. — Т. 1: 1871 — 1917 / Под ред. проф. Н.П.Михальской и проф. Б.И.Пуришева. — М., 1980.
|
|
|
|
|
|
|
Михальская Н.П., Храповицкая Г.Н., Луков В.А. и др. Зарубежная литература XX века: Хрестоматия — Т. 2: 1917—1945 / Под ред. Б.И.Пуришева, Н.П.Михальской. — М., 1986.
|
|
|
|
|
|
|
Михальская Н.П., Храповицкая Г.Н., Луко'в В.А. и др. Зарубежная литература XX века: Хрестоматия. — Т. 3.: 1945—1980 / Под ред. Б.И.Пуришева, Н.П.Михальской. — М., 1986.
|
|
|
|
|
|
|
История всемирной литературы: В 9 т. — М., 1983—1994. — Т. 1 — 8.
|
|
|
|
|
|
|
Краткая литературная энциклопедия: В 9 т. — М., 1962—1978.
|
|
|
|
|
|
|
Литературный энциклопедический словарь. — М., 1987.
|
|
|
|
|
|
|
Данте и всемирная литература. — М., 1967.
|
|
|
|
|
|
|
Тебегенов Т. Шетел әдебиеттерінің тарихы. Алматы. РБК, 1996.
|
|
|
|
|
|
|
Т.Тебегенов. Шетел әдебиеті.(хрестоматия)
|
|
|
|
|
|
|
Зарубежная литература ХХ века., Под редакцией В.Богословского, З.Т.Гражданской., М., 1981
|
|
|
|
|
|
|
Шетел әдебиеті., Құрастырушы А.Бекьаев, А., 1983
|
|
|
|
|
|
Пән бойынша дәрістердің конспектісі
№1 Дәріс. Тақырыбы: Антикалық әдебиет. Жалпы шолу.
Қарастырылатын сұрақтар:
Антикалық мифология және фольклор.
Грек мифологиясының негіздері.
Дәріс мақсаты: Антикалық мифологияның жүйеленіп қалыптасуы.
Дәріс мазмұны:
Антикалық әдебиет – ежелгі грек және рим әдебиеттері. Ежелгі Грециядағы тарихи-әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдай. әдебиет бастаулары. Грек әдебиетінің салыстырмалы 4 кезеңге бөлінуі. Троя соғысы туралы миф-аңыздар. Мифология – ежелгі грек қоғамындағы қоғамдық саанның бірегей формасы. Мифтердің грек қоғамы үшін маңызы. Гомер. Оның “Илиада” және “Одиссея” поэмалары. Гомер сұрағы. Оның туындау себептері мен тарихы.
Тексеру сұрақтары:
Олимп құдайлары.
Грек құдайларының римдік сәйкестіктері.
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
№2 Дәріс. Тақырыбы: Гомер эпосы.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.«Одиссея» және «Илиада», «Маргит».
2.Гомер мәселесі.
Дәріс мақсаты: Гомер поэмасының каһармандары Ахилл, Одиссей, Гектор, Агамемнон, Менелей, Парис, Телемах, Приам, Нестор, Андромаха, Елена, Пенелопа және басқалардың ерте заманда-ақ ел арасында кеңінен мәлім болғанын мәлім ету.
Дәріс мазмұны:
Ежелгі аңыздар мен хикаялар негізінде аэдтердің кейбіреулері үлкен эпикалық поэмалар да туғызды. Жоғарыда айтылғандай, бұлардың ішінен ең әйгілісі одақтасқан көсемдердің Троя қарсы соғысы туралы шығармалар циклі еді. Бұл циклдің негізі біздің кезімізге дейін жеткен “Илиада” мен “Одиссея” поэмалары. Гректер соқыр жырау Гомерді осы поэмалардың авторы деп есептейді.Бірінші поэмада Трояға қарсы соғыстың оныншы жылы - Агамемнонның Ахилл көсеммен араздасуы және соның салдары баяндалған. Екіншісінде Одиссейдің гректкрге онша таныс емес Батыстың шалғайдағы ертегілік елдерінде басынан кешірген оқиғалар мен өзі туып-өскен Итака аралына аман-сау қайтып оралғаны туралы әңгімеленеді.
Гомер поэмалары бірнеше ұрпаққа ауыздан-ауызға тарап жетті. Тек біздің эрамыздан бұрынғы VI ғсырда ғана ол поэмалар Афиныда жазылып алынып, әдеби шығармаларға айналған. Оларды Грецияның барлық мектептерінде,кейіннен грек-македон жаулаушылары шығыс Жерорта теңізі аймағындағы елдерде құрған эллинистік мемлекеттер мекткптерінде және ақыр соңында Рим империясында жұмыс жасаған оқу орындарында оқып үйренген. Гомер поэмасының каһармандары Ахилл, Одиссей, Гектор, Агамемнон, Менелей, Парис, Телемах, Приам, Нестор, Андромаха, Елена, Пенелопа және басқалары ерте заманда-ақ ел арасында кеңінен мәлім болған. Оларды кескіндеу мен мүсіндеу өнерінде де бейнелеп бақты. Поэма эпизодтары Помпейден табылған қабырғалық сыр суреттің (фрескалардың) ірі бейнелі кампозицияларының немесе әр түрлі қираған ескі қалалар обаларында сақталып қалған аумақты мозайкалық шығармалардың тақырыбы болған.
Біздің эрамыздан бұрынғы IV ғасырда өмір сүрген ертедегі грек философы Платонның өзі-ақ Гомер поэмаларының ежелгі грек қоғамының мәдени өмірі үшін ерекше маңызы болғанын атап көрсетіп, “бұл ақын (Гомер-А.Б.) элладаны тәрбиеледі” деп жазған болатын. Бірақ Гомер есімі жұртқа кеңінен тарағанына қарамастан, ақынның өмір сүрген уақыты, туған жері белгісіз болып қала берді. Осынау тамаша ақынның туған жері аталуы үшін де ежелгі Грецияда жеті қала таласқан. Гомер жөнінде өмірбаяндық деректердің жоқтығы ежелгі грек тарихы мен әдебиетін зерттеуші кейбір европалық ғалымдар аққынның нақты тарихи өмір сүргеніне күмән келтіруіне де негіз болған.
XVIII ғасырдың аяғында неміс филологы Вольф “Илиада” мен “Одиссеяны” жеке авторы жоқ, халық творчествосының туындысы деп есептеуді ұсынды. Вольф пен оның пікірлестері поэманы әр түрлі аэдтер бірте-бірте шығарған сан алуан жырлардың механикалық қосындысы деп санады. Аэдтер өз өлеңдері үшін сюжеттерді, міне, осы хикаялардан алып отырған. “Илиада” мен “Одиссеяны” да Гомер деген есіммен белгілі аэдтердің бірі шығаруы әбден мүмкін. Ақынның сауатсыздығы оның творчествосына бөгет бола алмаса керек. Жазу-сызусыз,ақындық творчествосының ауызша дәстүрі XX ғасырға дейін сақталып келді. Жамбыл мен Сулейман Стальскийдің ақындық творчествосы осындай болатын. Стальскийдің А.М Горький “XX ғасырдың Гомері” деп атауы кездейсоқ емес-ті.
Уақыт өткен сайын ауызекі түрде біреуден біреуге таралып отырған “Илиада” мен “Одиссеяның” бастапқы тексіне бірқатар қосымшалар енгізілген, ол, әрине, бұл поэмаларды зерттеуші филологтардың назарына ілінбей қалған жоқ.
“Илиада” мен “Одиссеяны” шығарған ақынның авторлығы туралы мәселеде совет тарихшыларының көпшілігінің негізінен күмәні жоқ. Алайда осы аэдтің аты шынында да “Гомер” ме, немесе бұл тек оның екінші, лақап аты болды ма деген сұрақ әлі де жауапсыз қалып келеді, себебі бұл адамның өмірі мен творчествосы хақында, қандай да болмасын, өмірбаяндық деректер әлі күнге белгісіз.
Ахейліктердің Трояны алып, қиратқаны туралы Рим ақыны Вергилий “Энеида” дейтін поэмасында тәптіштеп тұрып жазды.Овидий өзінің “Метаморфоза”(“Айналулар”)және “Каһарман арулар” атты поэмаларында көптеген мифтік эпизодтарды баяндап берді.Ең ақырында грек жазушысы Павсанийдің (біздің эрамыздың II ғасыры) “Элладаны суреттеу” деген шығармасында ежелгі грек мифологиясының жекелеген циклдері егжей-тегжейлі аян етіледі.
“Илиада” мен “Одиссеяның” пайда болуын бұлайша түсіндіруге Фридрих Шиллер қарсы тұрды, ол екі поэманың да көркемдік бірлігін дәлелдеп, Гомердің жеке автор екенін жақтап шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |