Тексеру сұрақтары:
Эсхил, Софокл, Еврипид секілді ұлы грек трагиктерінің шығармаларын сарапқа салсақ, олардың өн бойынан ежелгі грек классикалық драмасындағы хордың даму жолын неден көруге болады?
Зерттеуші-ғалымдар неге трагедияны френостан, яғни қазақша жоқтаудан пайда болған деп санайды?
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
№4 Дәріс. Тақырыбы: Көне грек комедиясы.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Комедияның пайда болуы және дамуы.
2.Аристофан.
Дәріс мақсаты: АРИСТОФАНҒА ДЕЙІНГІ КОМЕДИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ. КОМЕДИЯНЫҢ БАСТАУЛАРЫ.
Дәріс мазмұны:
Ежелгі грек комедиясы б.э.д. ҮІ ғасырда пайда болды. Оның пайда болуына төрт түрлі элемент себепкер болды:
1.Пародиялық немесе карикатуралық мағынадағы шулы да көңілді қойылымдар.
2.Ауылдық тұрғындардың Дионис мейрамдарында қалаларға барып, қала тұрғындарын келемеждеп айтатын әндері.
3.Құрамында оргиастикалық элементтері мен құрбандық рәсімі бар Дионис құдайға бағышталған мистериялар.
4.Дионис мейрамдарында айтылатын табиғаттың гүлденуні ықпалы бар Олимп құдайларына арналып айтылатын әндер.
Осы төрт элементтің бірігуінен көңілді де шулы меркелік шерулер – карнавалдық қойылымдар туындады. Мұндай шерулер көңілді әндерге, әзілгі, тіпті кейде дөрекі қылықтарға да толы болды. Оған қатысушылар әртүрлі жан-жануарлардың кейпіне еніп, солардың табиғи мінез-құлықтарын бейнеледі. Жалпы «комедия» сөзінің төркіні бірнешеу: 1. комос – мерекелік көңілді тобыр, 2. соме – деревня немесе ауыл және оде - ән деген сөздердің бірігуінен шыққан деп те саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |