Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы



бет110/171
Дата06.02.2022
өлшемі3,41 Mb.
#35658
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   171
Тексеру сұрақтары:
“Жаңа өмір” – батыс европа әдебиетін тарихындағы ең алғашқы автобиографиялық повесть. Данте бұл шығармада жаны нәзік, жүрегі уайымға толы ғашық жанның образын қалай көрсетеді?
“Құдіретті комедиясындағы” автор образын оның тірі кезінде –ақ ел арасында түрлі аңыздар тарады. Дантенің өлімінен кейін комментарийлер мен еліктеулер пайда бола бастайды. Неге? Дәлелдеңіз.
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.

9 Дәріс. Тақырыбы: Петрарка


Қарастырылатын сұрақтар:
1. Юлий Петрарка (100-44жж б.э.д.) шығарамашылығы туралы.
2. Галлийяның өмір сүру салты, әдет- ғұрпы, олардың әскери тактикасы.
Дәріс мақсаты: Аттицист шешендер стиль туралы және олардың теориялары хақында.
Дәріс мазмұны:
Республиканың аяқ кезі терең қайшылықтарға, қатал саяси және әдеби полемикаға толы уақыт болды. Аттицист шешендер стиль туралы өз теорияларын, азландықтар-өзіндік, Цицерон өз талаптарын қойды. Аттицистер сапында Кальв, Юний Брут, Юлий Петрарка (100-44жж б.э.д.) болды. Аттицизмнің жақтастары грамматикалық теория- “аналогиясын” қолдады. Аналогистер тіл тазалығын талап етті және қатаң грамматикалық ережелерді ұстанып, сирек қолданылатын сөздерден сақтанды. Петрарка “өткір тастан қашу сияқты бейтаныс сөздерден үрку керек” деген еді. Өз туындыларында ол не неологизмдерді, не архаизмдерді қолданбады. “Азиондықтар” “анамалиясын” Цицерон жақтады және бұл мәселеде олардың жағында болды.
Аналогистерге қарама-қайшы аномолистер жазушы қазіргі тілдің бар құнарлығын, байлығын қолдану керек деп есептеді. Мәселенің даулылығы сондай, тіпті Петрарка Голльдік жорық кезінде, Альпіден өткенде “Аналогия туралы” ғылыми еңбек жазды да, оны Цицеронға арнады.
Диктатуралық билікке ұмтылған мемлекеттік қайраткер өзін-өзі биіктеткен туындылар жазған еді. Жас кезінде “Геракл туралы” поэма және “Эдип” трагедиясын, есейген шағында “Голль соғысы туралы жазбалар,” “Азаматтық соғыс туралы жазбалар” және бізге жетпеген өзінің Испанияға сапары туралы поэманы жазған болатын. “Голль соғысы туралы жазба” Галлийдағы соғыс әрекетіне арналған және оны жазба авторының өзі басқарды.
Сенат оның әрекетіне бірнеше рет қарсылық білдіріп, Петраркаді Галлийдағы өз жағдайын жеке қамы үшін пайдаланады деп айыптады. Оған жауап ретінде,ақталу мақсатымен, Петрарка жазбаларын жариялайды. Автор мемлекет мүддесін көздегенін, әділ, батыл, дана, жомарт болғандығын дәлелдегісі келеді.
Алайда, Петрарка өз қатыгездігін үнсіздікпен алмастырады. Галлийяның өмір сүру салты, әдет- ғұрпы, олардың әскери тактикасы, римдіктердің әскери өнері -қазіргі оқырман үшін қызғылықты. Франция территориясындағы қазба жұмыстары Петраркадің айтқандарының шын екенін, ал басшылыққа алған мәліметтердің дұрыс екенін растайды.
Шығарма тілі жазба, хаттарға талап етілетіндей қарапайым. Автор әр алуан көркемдегіш құралдарынан қашып, “периодты” пайдаланбайды. Туындыда жиі қайталанатын сөздерді жіті қадағалап, сұрыптайды. Қорытындысында ол ашық және құрылымды, таза прозалық тілмен жазылған туындыны жазып шығады. Бұл туынды тіпті жауларын да таңдандырып, Цицерон ”Жазба” туралы “бұл қарапайым, риторикалық қандай да бір қабаттарынан ада” деген екен.
“Азамат соғысы туралы жазбада” Петрарка ең алдымен, өз ісін анықтауға, азамат соғысы оның әрекеті нәтижесінде басталмағандығын, өзінің республика жақтаушысы екенін тағы да бір еске салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет