Дәріс мақсаты: Кальдерон шығармашылығы. Өмірі туралы деректер. Комедиялары, пьесалары, аутос және интермедиялар. “Креске табыну”, “Ажалдан соңғы махаббат”. Пьер Корнель. Шығармашылық және өмір жолы. Алғашқы шығармалары: “Мелита”, “Клитандр” т.б. мәліметтер беру.
Дәріс мазмұны: Мәдени және әдеби даму процестері. Кальдерон шығармашылығы. өмірі туралы деректер. Комедиялары, пьесалары, аутос және интермедиялар. “Креске табыну”, “Ажалдан соңғы махаббат”. Пьер Корнель. Шығармашылық және өмір жолы. Алғашқы шығармалары: “Мелита”, “Клитандр”, “Жесір”, !Сот галереясы”, т.б. “Сид” трагедиясы – Корнель творчествосының биік шыңы. Трагедияның тағдыры. Соңғы трагедиялары: “Гораций”, “Цинна”, “Полиевкт”, Эдип”, “Пертарит”. Жан Расин. өмірбаяны. Тырнақалды шығармалары: “Сена нимфасы”, “Фиваида”, “Александр” трагедиясы. Расиннің театрдан кетуі. Психологиялық дағдарыс. Расиннің эстетикалық көзқарастары. “Андромаха” трагедиясы. “Ифигения Авлидте”, “Британник”, “Баязет” трагедияларының тақырыптары, олар шешетін әлеуметтік мәселелер. Жан Батист Мольер. өмір жолы. Алғашқы комедиясы “Есуас. Мольердің көркемдік көзқарастары. “Мизантроп”, “Дон Жуан”, “Күлкілі әпенділер”, “Күйеулер мектебі”, “Оқымысты әйелдер”, “Тартюф”, “Сараң” және т.б. Классицистік прозаның жарқын өкілдері: Ларошфуко, Лабрюйер. Шығармалары. “Ойлар, немесе моральдік тұжырымдамалар”, “Біздің ғасырымыздың мәнездері мен кейіптері”,. Графиня де Лафайет. “Клевская ханша”, Лафонтен шығармашылығы. “Мысалдар” . Француз барокколық әдебиеті. Жалпы шолу. Барокко - әдеби ағым. Ерекшеліктері. Мадлен Скюдери және оның романы “Артамон, немесе Ұлы Кир”, “Клелия”. Бароко принциптері. “Әйелдер салондары”. Ренессанстық реализм: Теофиль де Вио, Поль Скаррон, Шарль Слорель, Фюретьер, Сирано де Бержерак. Француз театрында 1667 ж. «Андромаха» пьесасы қойылған. Осыдан кейін көпшілік француз театрының жаңа өзгерісін шын жаңа, тың өзгерістерін жүректерімен тұщынды. Бұл Корнель жазған трагедиялардан бөлек, басқаша дүние болды. Барша француз көрермендері сол кезге дейін театр сахнасынан тәуелсіз күшті, өзсезімдерін өздері бағындыра алатын күшті кейіпкерлерді көрсе, енді олар сезімге беріліп, өз-өздерін баса алмайтын, жеңе алмайтын адамдарды көрді. Осылайша тапқырда шешен Корнельдің орнын басатын жаңа поэтикалық дарын пайда болды.
Бұл – Жан Расин еді. Корнель мен Расиннің негізінен жас аралығында 33 жыл айырмашылық бар. Корнель сол уақытта 61 жаста, ал Расин болса – 28 жастағы талант иегері.
Міне, осы уақыттар аралығында қоғам дамудың жаңа фазасына түсіп, әдебиет пен мәдениет біршама алға жылжып елдегі ен өзгерістер адамдардың мәдениетке, өнерге деген оң көзқарастарын тудырды.
Жан Расин 1631 жылы 21 желтоқсанда Ферте-Милонада, провинциялық сот қызметшісінің жанұясында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылып, әжесінің қамқорлығында өседі. Әжесі оны Бон қаласындағы колледж сонан соң Порт-Роялдағы Гранж мектебіне оқуға береді. Онда оның ұстаздары янсенистер, яғни діни қауымдастықтың мүшелері болды. Өздерінің діни көзқарастарына берік янсенистер қатал тәрбиесімен Расин санасында терең із қалдырды. Ол мәңгіге арманшыл, діни бағытты ұстанады. Алайда, Расин поэзияға ерте әуестеніп, Софокл мен Еврипидті ол тіпті жатқа білетін. Грек жұртының Теаген мен Хариклея атты атақты романын, ол бірде кездейсоқ оқыды. Осы нәзік те сыршыл махаббат жайлы роман оны романтикалық сезімге бөлеп, таң қалдырады. Ал сол кездегі монахтар қауымы-махаббат туралы жағымсыз кейіпте,ол кітапты жас Расиннен тартып алады. Расин болса, ол кітаптың екінші басылымын да тауып алады. Бірақ оны тағы монахтар тартып алады. Алайда, Расин ол кезде бұл романды жатқа білетін.
1658 жылы қазан айында Расин Гаркур колледжінде оқуын жалғастыру үшін Парижге келеді. Қанша әрекеттенгенмен философия, формальды логика жаттығулары, т.б. ғылыми дәрістер жас ақынды қызықтырмады.
1660 жылы Париж жұртшылығы жас король Людвиг ХIV тойын салтанатты түрде атап өтеді. Осы тойға байланысты Расин «Сена Нимфасы» деген одасын жазады. Барлық жас ақындардай ол да нағыз ақындардың көзқарастарына құлақ түреді. Сол күндері танымал болған, соңынан ұмытылып қалған Шаплен жас ақынның дарынына оң баға беріп, Расин туралы Людовик ХIV-ң министрі Кольберге айтады. Кольбер король атынан ақынға 100 лундер береді. Ал соңынан оған әдебиетші ретінде пенсия тағайындайды. Осылайша Расин француз қауымына ақын болып танылады.
Бір кездегі оны таң қалдырған Теаген мен Хариклая бейнеленеді. Оған тыныштық бермейді. Сөйтіп, ол өзіне ұнаған сюжет бойынша пьеса жазып, оны сол кездері Пам-Рояль театрының директоры Мольерға көрсетеді. Ол қарап шығып, кішкене жарамсыз жерлерін дұрыстауын көрсетеді. Директор Мольер одан нағыз дарынның ұшқынын байқайды. Расин белгілі комедияшының кеңесі бойынша жұмыстанады. 1664 жылы оның «Фивомеда» деген ең бірінші трагедиясы қойылдаы. Бір жылдан кейін Расин «Александр» трагедиясын сахнаға әкеледі. Бұл трагедия бүкіл Парижің зейінін өзіне тартады. Осы сәтте оны француз трагедияның атасы Пьер Корнель де байқайды. Осыдан бастап Расин Академия мүшелері қатарына, сонымен қатар 40 халықтардың бірігуінен құрылған мәдениет қайраткерлерінің құрамына алынады.
Бірде академияның бір отырысында Расиннің сөзін тыңдап, оның соншалықты жай, шашыраңқы сөйлегендіктен, түсіне алмаған минситр Кольбер оған кейбір отырыстарға қатыспауына рұқсат етті. Корнель дүниеден өткен соң, Расин академия отырысында оған бағыттап, жақсы сөздер айтты.
1667 жылы Расин өзінің «Ферда» атты трагедиясын жазады. Бұл драматургтың басына жақсылық әкелмеді. Себебі кардиналдың жақын туысы Мазарини бастаған аристократ тобы Расинді күлкіге қалдыру үшін біршама әрекеттерді істеп бағады. Олар Прадан деген ақынды тауып сол тақырыпқа пьеса жазуға және Расин мен жарысқа түсуге үгіттеп, ақша беріп сатып алады. Тіпті, қойылар пьесаның уақытында да олар біршама орындарды да сатып алып, Прадан пьесасында залға көрермендер толы болады, ал Расинның «Федрасының» сахналануы тұсында ондағы орындар бос қалады. Бұл драматургтың ызасын тудырады. Ол осыған қайғырып, ұзақ уақытқа театрды тастап кетеді. Сөйтіп, өзінің досы Буало сияқты ешқашан пьеса жазбауға өзін көндіріп, тек король тарихшысы қызметімен күн өткізеді.
Бірақ он екі жылдан соң Ментенон ханшайымының сұрауы бойынша Расин Сен-Сир пансионының қыздарына арнап, «Эсфирь» пьесасын 1689 жылы жазады. Пьеса 3 бөлімнен тұрады. Онда бір қызығы, король ханымының сұрауы бойынша, махаббат тақырыбы болмады.
1690 жылы Расин өзінің соңғы «Аталия» пьесасын жазады және осыдан соң театрмен мәңгіге қоштасады. Өмірінің соңғы кезінде де христиан құдайына деген үлкен сеніммен өмірден өтеді.
Енді драматургтың біршама туындыларына көз жүгіртелік: «Андрамаха» трагедиясында драматург өзіне тән жұмсақтықпен сол кездегі әдебиетті, кейіпкерлерді трагедияның кіріспе бөлімінде сынап өтеді. Андрамаха – Гектор мен Андрамаха жайлы миф. Ол көптеген суретшілердің назарын өзіне аудартып, олардың қыл қаламынан әдемі туындылар тудыруға да жетелейді. Осы трагедияда ең болмаса бір батыл, күшті адам бар ма? Пиррді алсақ, ол әйел үшін дүниедегінің бәрін ұмытып, өз ұлтымен де шайқасуға әзір. Ол өзінің осы әрекетін түсінсе де, оған сезімнің қымбаттырақ екені анық байқалады.
Ал Олест болса, өз отанын Гермиона үшін сатып кетеді. Патриоттық сезімнен ада бұл трагедия адамзаттың санасын бұзады: қорғансыз, қарусыз адамдар Орест қолынан ажал құшады. Соңынан өз қылығын түсінсе де, махабаттың сезімі оның жүрегінің әміршісіне айналып, ол одан басқа сезімдерден айырылады. Трагедияға Гермиона да махаббаттан басқа ештеңе білмейді. Ол Пиррге өз сезіміне жауап бермегені үшін оған өлім тілейді. Сол себепті Гермиона өз кегінің ең басты қаруы ретінде Оресті пайдаланады. Ол оның өзіне деген сезімін еш ойламайды. Гермиона осылайша қырсық та қыңыр. Бірақ ол Расиннің қалам тербеуінше: «Бұлқынған сезім теңізіндегі кішкене ғана таяқша».
Ал Андрамаха бәрінен де батыл, ол Отаны үшін құрбан болған күйеуі мен баласына адал. Ол өлімнен де, қорлаудан да қорықпайды. Бірақ трагедия соңында ол баласын құтқару үшін күйеуге шықса да, ол өзіне сезім білдірген Пиррді кешіріп, оның махаббатын бағалап, одан нағыз адамдық қасиеттерді көреді. Ол трагедия сюжеті бойынша Пиррді сүю керек және солай болды да.
Міне «Федра» трагедиясының кіріспесінде Расин театрдың тәрбиелеушілік жағын көрсетті. Трагедия Иппомет пен оның тәрбиешісі Тера арасындағы әңгімеден басталады. Олардың әңгімесінен біз Ферданың өзінің өгей баласын жек көріп, оның басқан әр қадамын, бақылап жүргенін көреміз. Алайда, трагедия құрылымы бойынша Федра Иппометті сүйеді, оған ғашық болады. Өз қылығы үшін ұялады. Бірақ ештеңе істей алмайды. Ол үшін Ипполит қымбат адам. Оның бейнесі көз алдынан кетпейді. Сол себепті Федра құдайлардан көмек сұрап, оларға жалбарынады. Ипполитті ұмыту үшін, ол оның Трезенаға кетуіне қол жеткізеді. Ипполит кеткен соң, оның күндері зырғып, жайлы өтеді. Ол Ипполитті ұмыта бастады. Федра: «Маған өмір қымбат емес, жүрек бұлқынысы қорқынышты. Мен өлімді шақырдым» дейді. Ол Тезей арқылы Трезенаға келеді. Өзімен күресуді қойып, ол Ипполитке бәрін баяндайды. Бірақ осыдан кейін Ипполит пен Федра да бірін-бірі түсіністік деп алданбайды. Федра Ипполит бәрін әжесіне айтады, балалары қорланады деп қорқып күйзелісте жүреді.
Қызметшісі Энона Федраға Ипполитке жала жабуға үгіттейді. Осы үгіт үстінде олардың қасына Ипполит пен Тезей келеді. Ал Федра оларды көрісімен сытылып шығып кетеді. Тезей аң-таң күйде жанындағы Ипполитке қарап, оның тынышсызданғанын байқайды. Ол Федраның құпиясын ашқысы келмейді. Трагедияға осы тұста Ариция бейнесі көрінеді. Ариция Ипполиттің Федраны құтқару үшін қолданар бейнесі. Ол Тезейге Аницияны сүйем дейді. Осы сәтте Федра өзінің бақталасы туралы естіп, қызметшісін Аницияны өлтіруге үгіттейді. Ең соңында Ипполит Нептун жіберген теңіз дәуімен өлтріледі, ал Федра теңізге батып, өз өмірін қияды. Қызметшісі Энона да ажал құшады. Сезімнің сергелдеңіне мойынсұнған трагедия осылай қайғылы аяқталады.
Осы атақты трагедияларынан кейін Расин тағы да көптеген политикалық трагедиялар жазады. Мысалы: «Баязет», «Британник», «Аталия» т.б. Расиннің бұл трагедиялары Пьер Корнель еңбегіне ұқсамайды. Оның политикалық поэзиясы басқа Расин абсалютизмге онша көңіл бөлмейді. Ол деспотизмді қатал сынап айыптайды. Бұл Корнель көзқарасынан әлдеқайда бөлек. Расин француз абсалютизмі жаңа фазаға көшкен тұста өмір сүрді. Корнель кезінде ол Францияның ұлттық бірлігінің күші болса, Расин заманында ұлттық, азаптардың түпнұсқасы болды. Міне осы кездегі билікке қастандық жасап, деспотизм – Жан Расин тақырыптарының политикалық ұстанымы болды.
Мысалы «Британник» трагедиясында Нерон заманы, оның билік етуінің І кезеңі суреттелген. Рим тағына отырған кездегі (54-68 ж) суреттеліп, оның қастандық әрекеттері туралы келтірілген.
«Баязет» трагедиясында да хандық өмір, эгоизм, жамандық әрекеттер ашылған.
Жан Расин өз өмірінде тұлғаны мемлекетке қарсы қойды және өзі тұлға жағына шықты. Ақынға қарсы қастандықтың неше түрлері істеліп, оның дарының тұншықтыру барысында біршама әрекеттер туындағанын жоғарыда атап өттік. Он жыл ішінде (1667-6677 ж) жалынды еңбектерімен классикалық театр мақтанышына айналған ол 8 өте тамаша трагедия жазып, өмірінің орта кезінде ештеңеге зауқы соқпайды. Король ханымы Ментонаның сұрауы бойынша соңғы екі пьесасы барлық құрылысы жағынан оның алғашқы туындыларының қатарына жете алмайды. Бірде епископ Боссюг оның соңғы екі пьесасының қойылымында болып, оларды жақсы бағалайды.
Міне осы тұста өмірден көп нәрсені түйген, қартая бастаған драматургтың қараңғы суретін бізге оның соңғы трагедиясы «Аталия» көрсетеді. Поэтикалық фантазия әлемі де түнек, оның кейіпкерері де түнек. Трагедиямен таныса келе ондағы бейнелерден ақын жанының жақсы күйде болмағандығын көреміз. Трагедияның сюжеті алблиялық мифтан алынған. «Қартайған, құдайдан безінген иерусалимдік ханша Аталия өзінің барлық ұрпақтарын, балаларын, немерелерін өлтіре бастайды. Себебі олар – давид руынан, Аталия болса – Израиль хандары руынан. Олар Иерусалим хандарымен жау деп есептейді. Шіркеу қастандық мекеніне айналған. Аталия қолында өткір жүзді пышақ».
Міне, осы трагедия құрылысы қайғылы, азалы түрде суреттелген,. Ешбір адам Аталиядан құтқарылуы мүмкін емес. Ал осы тұста Иоас атты хан баласы құтқарылып, кекшіл ханшадан тығылып қашады. Ол иерусалим шіркеуінде құпия түрде тәрбиеленеді. «Аталия» трагедиясында екі бағыттағы кейіпкерлер анық танылады. Бірінші топқа – нағыз жауыздар зұлымдықтың бейнесі ретінде Аталия саналады. Сондай жауыз ол өз ұрпағын құртады. Ал екінші жауыз – Маоран. Ол да құдайдан безінген. Себебі ол Иерусалим храмынан өзіне құдай қызметшісінің орнын ала алмайды. Сөйтіп ол алуан түрлі әрекеттерге барады.
Екінші топқа – ешқандай ренжімейтін, дақсыз жүректі мейірімді жандар беріледі. Оған хан баласы Иоас, шіркеу қызметшісі Иудей, оның әйелі Иосовет, балалары Захария мен Сулалифь, жауынгерлер басшысы Абнер жатады. Олардың бәрі де діни, шыншыл, батыл адамдар.
Трагедия соңында Аталия жеңіліске ұшырап, оның орнына хан баласы Иоас Иудей отырады.
Міне, «Аталия» трагедиясындағы қараңғы көріністер ақын өмірінің құсалықпен өткенін көрсетеді. Француз театрында алмас қылыштай жалт етіп, өз әнерімен ойып тұрып өрнек салған Жан Расин туралы орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин: «Расин тамаша шығармалар жазып, Римнің зұлым хандығын суреттеді».
Жан Расин француз театрындағы - өзіндік бейне, өзіндік әлем екені оның туындыларынан көрінеді.