Тексеру сұрақтары:
1.Кальдерон шығармашылығы. Пьер Корнель. Шығармашылық және өмір жолы.
2.Жан Расин өмірбаяны. Ренессанстық реализм: Теофиль де Вио, Поль Скаррон, Шарль Слорель.
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
№16 Дәріс. Тақырыбы: КЛАССИЦИЗМ
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Жаңа Еуропалық мәдениет жаңа буржуазиялық қарым-қатынастардың негізінде пайда болуы.
2.XVII ғ. ғылыми революция — адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып-білуге деген қүлшынысының жемісі болды.
Дәріс мақсаты: Жаңа мәдениеттің, жаңа идеялар мен ақыл-ойдың қалыптасуына XV—XVI ғ. етек алған халықтық қозғалыстар әсерін айқындау.
Дәріс мазмұны:
Батыс Еуропа елдері үшін XVII ғ. — капитализмнің қалыптасу кезеңі, ал жаңа қоғамдық қарым-қатынастар XV—XVI ғ. Үлы географиялық ашуларға, капиталистік елдердің отаршылдық саясатына тікелей байланысты болды. Капитализм мен буржуазиялық мәдениеттің туындап, қалыптасуы — дүниежүзілік жаңа тарихи кезеңнің беташары болды десек қателеспеген болар едік. Осы орайда белгілі ғалым А.Ф. Лосев былай-деп пайымдайды: «Жаңа Еуропалық мәдениет — өзінің сипаты жағынан — буржуазиялық-капиталистік мәдениет. Мұнда субъект объектіден жоғары тұра-ды, ал адам табиғат патшасы деп жарияланды».
Жаңа мәдениеттің, жаңа идеялар мен ақыл-ойдың қалыптасуына XV—XVI ғ. етек алған халықтық қозғалыстар өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Осы тарихи кезенде жаңа үлттық қарым-қатынастар калыптасып, ұлттық мемлекеттер қүрылып, жаңа мәдениеттің дамуына даңғыл жол ашылды. Әрине, буржуазиялық қоғамның алғашқы сатысындағы мәдениетгің капитализмнің одан кейінгі кезеңдеріндегі мәдениеттермен салыстырғанда түбегейлі айырмашылықтары болды. Өйткені XVII ғ. қазіргі адам-зат баласының алдында туындап отырған түбегейлі мәселелер (дүниежүзілік соғыс, ғылыми-техникалық прогрестің зардаптары, табиғат байлықтарын ысырапсыз пайдалану және т.б.) ол кезеңде туындамаған болатын. Бірақ, осы жағдайларға қарамас-тан, XVII гасырда да қырғи-қабақ соғыстар мен қақтығыстар, зорлық-зомбылық пен қантөгістер бір сәтке толастамай, аштық пен эпидемия - халықты қайғы-касіреттерге ұшыратты. Осы сияқты ғасыр тудырған қатыгездіктер мен қиындықтарға кара-мастан адамзат баласы тығырықтан шығудың, қоғамды қайта қүрудың, өмірді нәрлендірудің жолдарын қарастырды.
Бұл дәуірде Ренессанс мәдениетінің тамаша дәстүрлері қайтадан жаңғырды, жаңа заман тудырған тарихи-мәдени жағдайларға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмүнға ие болды. Еылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, үлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда ай-тарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII ғ. ғылыми революция-ның даму қарқыны өте жоғары болды. Еылыми революция ма-тематика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.
XVII ғ. ғылыми революция — адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып-білуге деген қүлшынысының жемісі болды. Еылымның қарышты қадаммен алға басуы жөне оның қоғам-дық өмірдің барлық саласына біртіндеп кіре бастауы рацио-нализмнің қалыптасу процесін аяқтауға мүмкіндік берді. Раци-онализм жаңа заман адамының өмірі мен бет-бейнесін жан-жақты айқындай отырып, халық санасынан еркін орын алды. Рацио-нализм қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды ескере оты-рып, христиан дінінің католиктік тармағымен, оның дүниені қүдайдың жаратқандыгы туралы ілімімен де санасып отырды.
Олай болса, жаңа еуропалық сана мен буржуазиялық мәдениет таза атеистік сипатта болмағандығын аңғарамыз. Христиан діні мен шіркеулер Реформацияға (XVI ғ.) дейін де, Реформациядан кейін де өз беделін жойган жоқ, қайта олардың қоғам-дық, саяси және рухани өмірдегі рөлі бұрынгыдан артпаса, мүлде кеміген жоқ, қайта христиан діні өз өрісін бұрынғыдан да кеңейтіп азаматтық, мемлекеттік емір салаларына кеңінен ара-ласты. XVII ғ. Еуропа — жаңа емір жолына түскен жас Еуропа болатын. Бұл жол — өткен ғасырлардың бай тәжірибесін ой елегінен өткізіп сарапқа салу жолы болды. Бұл тарихи жолда орта ғасырлар кезеңіндегі мәдени қүндылықтарды ғана емес, жалпы адамзат баласының сонау көне заманнан бергі жинақта-ған рухани байлығын игерумен қатар, сол бір баға жетпес мәде-ни дәстүрлерді жаңа заман талабына сай қайта жаңғырту сияқты игі мақсаттар жүзеге асырылды. Кене заман мен жаңа за-манның арасында қаншама уақыт өтсе де олардың өзара сабақ-тастығы өмірлік сипат алды. Ойымыз дәлелді болу үшін, ғы-лым саласындағы әр заман өкілдерінің бізді қоршаған дүние жайындағы ой-толғамдарын қарастырып көрейікші. Шындығында да, жаңа заманның философы, әрі математигі Лейбниц (1646—1710 ж.) пен көне дәуірдің философы, әрі математигі Пифагордың (б.з.б. VI ғ.) дүниеге қатысты гылыми көзқарастарының бірдей болып шығуын қалай түсіндіруге болады? Екі ғұлама да әлемді өзара тығыз байланыстағы біртұтас организм деп қарастырады. Лейбництің философиясында «айқындалған үндестік» теориясы басты орын алады. Бұл теория — діни-теологиялық, гуманистік және эстетикалық мазмұнға бай жан-жақ-ты теория болып саналды. «Айқындалған үндестік» теориясын — замана талабы, қоғамдық сана-сезім және халықтық түсінік түрғысынан қарастыратын;болсақ; бүл-қүдайтағаланың дана-лығына шексіз сенім болса, ал рухани түрғыдан қарастырсақ, бүл — өнер атаулыны (мысалы, Бахтың музыкасын немесе клас-сицизм стиліндегі өнер туындыларын және т.б.) бүкіл жан-дү-ниеңмен қабылдау болып табылады.
Жаңа заманда еуропалықтардың күш-жігері табиғатты мең-геруге жүмсалды, сондықтан да болар XVII ғ. ғалымдарының басты назары табиғат құбылыстарын ғылыми тұргыдан зерттеу-ге бағытталды. Сонымен қатар XVI—XVII ғ. қалыптасқан ұлттық, мемлекеттік, экономикалық және саяси қарым-қатынастардың негізінде философиялық, әлеуметтік және саяси-қүқықтық тео-риялар өмірге келді. Олардың авторлары ғасыр ойшылдары: Гоббс, Локк, Спиноза, Гуго, Гроций және т.б. болды.
Достарыңызбен бөлісу: |