Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы



бет115/171
Дата06.02.2022
өлшемі3,41 Mb.
#35658
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   171
Тексеру сұрақтары:
Раблеге әлемдік атақ алып келген туыындысы- «Таргантюа мен Пантагрюэль». Мұнда ол өмірде болмаған әзілге толы оқиғаларды қалай суреттейді? Ол ортағасырлық қағидалар мен дәстүрлерді, жаңа гуманистік мәдениетті қалайша баяндайды?
Рабле - сөз саптаудың, суреттеудің, тірі диалогтың, портреттеудің ұлы шебері.
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.

13 Дәріс. Тақырыбы: Шекспир.


Қарастырылатын сұрақтар:
1. Англиядағы гуманизм дамуы.
2. Уильям Шекспир шығармашылығы.
Дәріс мақсаты: Ағылшын Ренессансының алыбы, ағылшын халқының ұлы драматургы – Вильям Шекспир тұлғасын таныту.
Дәріс мазмұны:
Англиядағы гуманизм дамуы. Жалпы шолу. ХІҮ ғасырдағы Англияның саяси және әлеуметтік өмірі. Джеффри Чосер (1340-1400). “Кентербери әңгімелері”. Томас Линакр, Томас Мор, Френсис Бэкон. Уильям Шекспир шығармашылығы. Шекспир өмір сүрген кезең. Алғашқы шығармалары. “Венера мен Адонис”, “Жазғы түндегі түс”, “Венециандық көпес”, “Жоқтан шыққан дабыра”, “Он екінші түн” және т.б. Англияда гуманистік идеялардың орталығы – Оксфорд университетінде өз заманының алдыңғы қатарлы ғалымдары – Гросин, Линанр, Конет және т.б. жемісті еңбек етті. Әлеуметтік философия саласындағы гуманистік қағидалардың дамуы «Утопияның» авторы. Томас Мордың есімімен тығыз байланысты. ХҮІ ғ. бірінші жартысында көркем әлебиет саласында драматургия алдыңғы орынға шықты. «Қаңғыбастар» ретінде қатаң жазалану қаупіне қарамастан елде актерлердің «Қыдырма» топтары көбейе түсті. Ағылшын Ренессансының алыбы, ағылшын халқының ұлы драматургы – Вильям Шекспир болды. Оның қаламынан шыққан «Гамлет», «Король Лир», «Отелло», «Юлий Цезарь», «Асауға тұсау», «Генрих ҮІ», «Ричард ІІІ» сияқты трагедиялары мен тарихи пьесалары дүниежүзілік даңқ пен құрметке ие болды. Жалпы алғанда, жаңғыру дәуіріндегі театрдың дамуы Шекспирдің есімімен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет