Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы



бет109/171
Дата06.02.2022
өлшемі3,41 Mb.
#35658
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   171
Тексеру сұрақтары:
Франческо Петрарка творчетвосы. Өмірі туралы деректер. Шығармашылық жолы. “Филология” комедиясы. “Африка” комедиясы.
Ағылшын Ренессансының алыбы, ағылшын халқының ұлы драматургы – Вильям Шекспир болды. Оның қаламынан шыққан «Гамлет», «Король Лир», «Отелло», «Юлий Цезарь», «Асауға тұсау», «Генрих ҮІ», «Ричард ІІІ» сияқты трагедиялары мен тарихи пьесалары қалайша дүниежүзілік даңқ пен құрметке ие болды.
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.

8 Дәріс. Тақырыбы: Данте шығармашылығы.


Қарастырылатын сұрақтар:
1.«Жаңа өмір». Данте трактаттары.
2. «Құдіретті комедия».
Дәріс мақсаты: Итальяның қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиетті зерттеу.
Дәріс мазмұны:
Итальяның қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиетті зерттеуде ең алдымен аталатын есім – Ренессанс дәуірінің алғашқы ұлы өкілі – Данте Алигьери. Ол 1265-1321 жж. өмір сүрген. Данте екі ұлы тарихи кезең аралығында тұрған ауыспалы уақыт ақыны.
Европаның ортағасырлардағы елдерінің алдыңғы қатарында Италия тұрды. Батыс Европа мен шығыс елдерінің арасын байланыстырып тұрған сауданың ерте дамуы Жерорта теңізінің бассейінде орналасқан Италия елі үшін өте қалайлы георафиялық жағдай болды. Шығыс елімен сауда арақатынасы қалалардың тез дамып, өркендеуіне әсерін тигізді. Басшылықтың республикалық әдісімен басқарылған Европада феодальдық сеньорлардың қол астынынан бөлініп шығады.
Қалалық коммуналардың құрылуы Италияның шығыс бөлігінде XI ғ. басында басталып, XII ғасырдың соңында аяқталады.
Италияның бос қала-республикалары тауар-ақша шаруашылығының алғашқы орталығы болды.
XIV ғасырдың өзінде – ақ капиталистік мінез-құлыққа ие болған сыртқы шығынға есептелген өндіріс Италияның шығыс қалалары Флоренцияда, Миланда ерте дами бастады. Тез арада өзгерген көпестік капиталдар, жайлап – жайлап өндіріске араласып бастады. Сөйтіп, италияндық көнесі өндіруші – капиталистке, ал өндіруші – капиталистен көпеске айналады.
Италияның экономикалық дамуындағы айтылған процесстеритальян қоғамының әлеуметтік құрылымында айтулы өзгерістер әкелді.
Италиялық барлық қала- комунналар бір-бірімен жиі қараласып тұрды. Елдің феодалдық дәуірдегі экономикалық және саяси жағдайы осылардың әсерінен жемісті түрде дамыды.
Әсіресе, саяси күрес сауда өндірістік Флоренцияда жақсы өрістеді. Италияның XII- XIV ғғ. Мәдени орталығы саналған Флоренция ұлы ақын Дантенің отаны болатын.
Флоренцияның қоғамдық өміріндегі барлық жағдай тек ақын ғана емес, Флоренцияның белгілі саяси ағартушысы болған Дантенің өмірі мен шығармашылығымен тығыз байланысты болатын.
Данте 1265 ж. Флоренцияда дүниеге келеді. Оның әкесі гвельдтер партиясында болатын. Кәмелеттік жасқа жеткеннен кейін Данте 1283 ж. цехқа дәріханашы және дәрігер болып жазылады. Бұл цех Флоренциядағы ең үлкен жеті цехтің бірі еді. Ол ортағасырлық мектепте білім алады. Осы мектеп жасында жүріп-ақ Данте шет ел әдебиетімен әдістенеді. Алайда, басқа ортағасыр ақындарымен салыстырғанда Данте ең алдымен антикалық ақындарды зерттейді.
Поэзияны сүйген Данте өленді жазуды ерте бастады. XIII ғ. 80 жылдарында ақ махаббат лирикасына көптеген өлеңдер жазды.
18 жасында Дантенің өмірінде үлкен психологиялық кризис болады. Ол әкесінің досы флорентийлік Фолько Портинарийдің қызы Беатричеге ғашық болады. Сол қыз Дантенің 18 жасында 1290 ж. дворян Симоне де Бадиге тұрмысқа шығып кетеді. Данте өзінің Беатричеге деген махаббатының тарихын өзіне үлкен әдеби атақ әкелген “Жаңа өмір” деген кітабында баяндайды.
Беатричинің өлімінен кейін ақын философия, теология, сондай-ақ ортағасыр схоластикасымен айналысты. Сөйтіп жүріп, Данте өз заманының ұлы адамдарының бірі болатын. Гвельфтердің қатарында гибелмендіктерге қарсы флорентиялік коммунаның әскер болған Данте жас кезінен саяси өмірге араласты. 90 жылдары Данте қалалық кеңестерге қатысып, дипломатиялық тапсырмалар орындайды. Ал, әдебиетке араласуында Данте ең алғашқы әйгілі туындысы “Жаңа өмір” деген атпен 1291 жылы соңы мен 1292 жылдың басында жызылған болатын. Бұл еңбек бір-бірімен прозалық әңгімелер арқылы байланысқан, 30 өлеңннен тұрады. Ол өлеңдердің ең тұнғышы саналатыны 1283 жылғы жазылған, одан кейін хронологиялық қатар бойынша жазылған 1283-1291 жылдар аралығындағы өлеңдер. Сондай-ақ, бұлардың барлығында Дантенің Беатричеге деген махаббаты түстері мен армандары сөз болады.
Данте “Жаңа өмірә еңбегіне барлық өлеңдерін емес, солардың ішінде Беатричеге туралы жақсы елес қалдырған өлендерін ғана енгізген. “Жаңа өмір” – батыс европа әдебиетін тарихындағы ең алғашқы автобиографиялық повесть. Данте бұл шығармада жаны нәзік, жүрегі уайымға толы ғашық жанның образын көрсетеді. Беатричинің өлімінен кейін Данте өз-өзін ғылыми және философиялық зерттеулермен айналысып жұбатқандай болады. Дантеге әлемдік атақ әкелген негізгі туындысы – “Құдіретті комедия” Бұл поэма Дантенің тек идеялық- саяси және шығармашылық ойы ғана беріліп қоймай, сонымен қатар оның философиялық ортағасыр мәдениеті танылады. Данте “Құдіретті комедияны” жаза отырып, ортағасырдың соңғы, ал жаңа дәуірдің алғашқы ақыны ретінде көрінді.
Бұл шығарманың “Құдіретті комедия” деген атауы түсіндіруді қажет етеді. Дантенің өзі оны “Комедия” деп атаған және бұл сөзді ортағасырлардағы қолдану дәрежесінде алған. Ол кездегі поэтикада жақсы басталып, қайғы, көз жасымен аяқталатын шығармалар трагедия деп аталса, мұнды оқиғалармен басталып, бақытпен, қуанышпен аяқталады. Барлық шығармалар комедия деп аталған болатын.
Міне, осы тұрғыдан алғанда, Дантенің дәуірінде комедия сөзі арқылы ешқандай драматургиялық специфика да, күлкілі оқиға да ұғындырылмайды.
Дантенің өзге шығармалары сияқты “Құдіретті комедия” да бір-бірімен тығыз байланысты көп оқиғаның бір желігі бағындырылған композициясымен ерекшеленеді.
Поэма үлкен үш бөлімге бөлінген. Бұл бөлімдер, яғни “контиктердің” әрқайсысы 33 өлеңнен тұрады. Сондай-ақ, біріншісінің ішінде бүкіл поэманың прологы саналатын тағы бір ән бар. Жалпы алғанда, 100 өлеңнен тұратын “Құдіретті комедия” көптеген ортағасырлық және антикалық заманның қайнар көзі болып табылады.
Фантастикалық болып саналғанымен Дантенің “Құдіретті комедия” деген туындысы реалдық өмірден алынған. Автор қайнап жатқан смолағы лақтырылған лихоимдіктердің қайғы-мұнын бейнелей отырып, Венециялық теңіз арсендалдарын еске түсіреді.
Оның материалдардың әлемге деген қызығушылығы көркемөнерлік шеберлік арқылы айқын танылады. Ақын Дантенің поэмасындағы үш кантигінің әрқайсысы өзіне тән негізгі түрлі түсті бояуға ие. “Құдіретті комедияның” әрбір кейіпкері скульптуралық форма түрінде көрінеді. Мысалы, қорқынышты мұнарада көрген азабын әңгімілеген Уголинаның сөзі “Құдіретті комедияның” ең бір шиеленіскен тұсы болатын. Уголинаның әңгімесі бойынша оның көзінше төрт бірдей ұлы бірінен соң бірі аштан өліп, соңында анасы аштыққа төзі алмай ұдарының өліктеріне тап береді. Данте бұл поэмасындағы алғашқы өлеңінде өзінің ну орманда адасып кетіп,үш аң-арыстан, қасқыр және пантераның қоршауында қалады. Осы қоршаудан Дантенің Беатриче жіберген Виргилий құтқарып алып шығады. Поэманың алғашқы өлеңі бастан – аяқ аллегориясы толы.
Моральдық-религиялық негізден өзге “Құдіретті комедияның” көптеген образдары мен ситуациялары саяси негіз де байқалады. Алайда, моральдық религиялық және саяси мағына аралығындағы қарама-қайшылық екі ұлы тарихи дәуірдің арақатынасын көрсетеді.
Бұл ұлы поэма “Құдіретті комедияның” халықтығын Дантенің замандастары мойындайды. Бірақ сол дәуірдің ұлы оқымыстары Дантенің итальян тілінде жазғандығына қарсы болып, латын тіліне көшуді ұсынады. Өз оқырмандарының кең көлемде басуы үшін бұл кеңесті мақұлдаған жоқ.
Кан Гранде делла Скалаға жазған хатында Данте итальян тілі туралы “ол- халық тілі, итальян тілінде тіпті әйелдер де сөйлеседі” – дейді. Итальян оқымыстыларына қарағанда Дантенің поэмасын итальян халқы жоғары бағалап, аса зор сүйіспеншілікпен оқитын туындыларының біріне айналдырды. “Құдіретті комедиясындағы” автор образын оның тірі кезінде –ақ ел арасында түрлі аңыздар тарады. Дантенің өлімінен кейін комментарийлер мен еліктеулер пайда бола бастайды. XIV ғ. “Комедияның” терциндері алаңдарда жырлана бастайды. Сонымен поэманы публикалық таңдаулар басталады. Данте туралы алғаш болып публикалық лекция оұыған комментаторлардың бірі Боккаччо болды. Боккаччо Италияда күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан традицияны ойлап тапты. Дантенің халық құрттай қабылдап, итальян халқының өзіндік барометріне айналған поэмасы сол халық үшін жазылған болатын.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет