Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы


ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯДА КОМЕДИЯ ПАЙДА БОЛЫП, ДАМЫҒАН АЙМАҚТАР



бет105/171
Дата06.02.2022
өлшемі3,41 Mb.
#35658
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   171
ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯДА КОМЕДИЯ ПАЙДА БОЛЫП, ДАМЫҒАН АЙМАҚТАР
1.МЕГАРЫ. Тарихта Мегары аймағының комедияға қатыстьылығы туралы анық емес мәліметтер бар. Бұл аймақта б.э.д. ҮІ ғасырдың басында-ақ алғашқы комедиялар пайда болған. Олардың құрылымы онша күрделі болмаған, бірнеше күлкілі қойылымдардан тұрған. Бірақ бұл мегарлық комедиялар туралы деректер әлі де толық дәлелденбеген, олар толыққанды зерттеуді талап етеді.
2.СИЦИЛИЯ. Ежелгі Грекияның бір бөлігі – Сицилияда мим деп аталатын қойылымдар пайда болған. Мимнің мәні – халықтың күнделікті тұрмысын күлкілі түрде бейнелеу. Бұл қойылымдар әртүрлі күлкілі қимылдар мен іс-әрекеттерге толы еді. Жалпы сицилиялық комедиялардың негізінде сол мимдер жатыр деген ғылыми болжам бар. Бір айқын нәрсе – осы халық арасында туындап, дамыған мим кейінгі әдеби мимнің өмірге келуіне ықпал етті. әдеби мимнің тарихта аттары қалған өкілдері – б.э.д. Ү ғасырда өмір сүрген Софрон мен Ксенарх. Олар өткір прозалық әрі күлкілі диалогтық қойылымдар жазған. Мысалы, Софронның «Балықшы», «Шалдар», «Киім тігушілер», «Айды аулаған әйелдер», «Сиқыршы әйелдер» атты қойылымдарының үзінділері бізге жеткен. Сицилиялық комедияның бізге белгілі тағы бір өкілі – Эпихарм.
3.АТТИКА. Ежелгі Грекияның Аттика атты аймағында грек комедиясы өз дамуының шырқау шыңына жетті деуге болады. Мұнда комедия трагедияның ықпалынсыз бөлек жанр ретінде өз алдына жеке даму жолына түсті. Осы Аттика аймағында алғаш рет Дионисий мейрамдары кезінде комедия жарысы өткізіле бастады. Мұндай оң өзгерістер комедия жанрын күшейтіп, оның жеке әдеби жанр ретіндегі дамуын жеделдете түсті. Мемлекет тарапынан трагиктерге берілетіні секілді, комедиографтарға да қаржаттай немесе заттай көмек көрсетіле бастады. Аристофанға дейінгі тарихта белгілі комедиографтар – Хионид, Магнет, Кратет, Ферекрат. Хионид пен Магнет туралы мәліметтер мүлде жоқтың қасы. Кратет пен Ферекрат комедияларынан тек аз үзінділер ғана жеткен. Бірақ осы үзінділердің өздері-ақ Кратет пен Ферекрат шығармаларының негізі, идеясы, құрылымы, мазмұны мен сюжеті туралы бірқатар мағлұмат береді.
4.АРИСТОФАН. Аристофан шамамен б.э.д. 445 жылы ауқатты Афины азаматының шаңырағында дүниеге келген. Оның өмір жолы туралы мәліметтер өте аз. Оның тарихты белгілі алғашқы комедиясы б.э.д. 427 жылы лақап атпен қойылған. Одан кейін де Аристофан лақап атпен бірнеше комедиясын жариялаған. Б.э.д. 425 жылы Аристофанның «Ахарндықтар» комедиясы Дионисий мейрамында бірінші жүлдені жеңіп алады. Осы кезден бастап Аристофан өзінің шығармаларын өз атынан, лақап атсыз сахнаға шығара бастаған. өзінің 20 жасқа жаңа толғанына қарамастан, Аристофан сол кездегі ең танымал комедиографтардың қатарына ілігеді.
«Ахарндықтар» - Аристофанның алғащқы комедияларының бізге белгілісі. Комедияның құрылымы күрделі емес. Оның басты кейіпкері – ежелгі Аттиканың Ахарн атты бір өлкесінің тұрғындарын бейнелейтін хор. Комедияның басты идеясы – Афины азаматтарын бейбітшілікке үндеу. «Ахарндықтар» да Афины сахнасында лақап атпен қойылған. Бір жыл өткен соң Аристофан алғаш рет өз атынан «Аттылар» атты комедиясын қояды. Бұл шығарманың басты тақырыбы – Афины радикалдық демократиясының көсемі Клеон патшаның ызғарлы саясатын қатал сынға алу болатын. Сол кездегі көрермендердің айтуынша, театр актерлерінің бірінің де Клеон ролін ойнауға жүрегі дауаламаған екен. Ал суретшілер оның күлкілі бетпердесін жасаудан бас тартқан. Сол себепті Аристофан бетпердені өзі жасап алып, Клеонның ролін өзі ойнаған. Комедия сюжеті көшеде, Демос атты шалдың үйінің алдында өтеді. Демостың көп құлдары оның бәріне жеккөрінішіті болып жүрген көмекшісі Клеоннан зәбір көріп жүреді. Бір күні екі құл Клеонның мойнына тағып жүрген тұмарын ұрлап алады. Сол тұмардан олар Клеонның болашағы туралы жазылған жазуды оқиды. Онда егер Клеоннан да қатал, одан да жексұрын біреу табылмайынша, ол Демосқа өз әмірін жүргізе беретіндігі туралы жазылған болып шығады. Осыны оқып алған екі құл жүгіріп базарға барады да, іздеп-іздеп ақыры адамдардың ішіндегі ең қатыгезі болып саналатын Қасапшыны тауып алады. Ақыр аяғында Клеон мен Қасапшы арасында соғыс басталады. Соғыс Қасапшының жеңісімен аяқталады. Ол Демосты қайнаған суы бар қазанға салып жіберіп, біраз пісіріп алады. Демос қазаннан жап-жас көрікті жігіт болып шығады. Комедия осымен аяқталады.
Б.э.д. 423 жылы Аристофан ¦лы Дионисий мейрамында өзінің “Бұлттар” комедиясын қоюды ұйғарады. Автордың өз ойынша бұл комедия – оның шығармаларының ең биік шыңы. Алайда “Бұлттар” ¦лы Дионисий мейрамындағы қойылымдар жарысында тек 3-ші жүлдеге ғана әрең ілігеді. Бұл комедиясында Аристофан өз заманындағы жас ұрпаққа оқу-білім және тәрбие беру жүйесін қатал сынға ала отырып, софистердің білім мен тәрбие қағидаларын полистік идеологияның іргесін ыдыратуға бағытталған деп айыптайды.
Б.э.д. 421 жылы Клеон мен оның қарсыласы спартандық Прасид кескілескен ұрыста қаза табады. Афины мен Спарта полистерінің арасында ұзаққа созылған соғыс аяқталады. Аристофан да өзгелер секілді мағынасыз соғыстың біткеніне шабыттанып, өз отанының болашағынан зор үміт күтеді. Оның “Бейбітшілік” атты комедиясында осындай ақын армандарынан туындаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет