Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы



бет129/171
Дата06.02.2022
өлшемі3,41 Mb.
#35658
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   171
Тексеру сұрақтары:
1.Француз сентиментализмі. Неміс әдебиеті. Тарихи жағдай. Лессинг және Шиллер шығармашылығы. Гете творчествосы. Эстетикалық, философиялық көзқарастары. Еңбектері. Тарихи жағдай. Жалпы шолу.
2.Дидро көптеген шығармалар жазды, солардың тек бір бөлігі ғана басылымға берілген. 1746 жылы «Философиялық ойлар” атты еңбегі Париж сотының бұйрығымен өртелінеді. Оған себеп болған не нәрсе?
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.

23 Дәріс. Тақырыбы: ХҮІІІ ҒАСЫРДАҒЫ НЕМІС ӘДЕБИЕТІ


Қарастырылатын сұрақтар:
1. Лессинг драматургиясы.
2.«Дана Натан» - неміс ағартушыларының ішіндегі адамгершілігі мол идеалдардың бірі.
Дәріс мақсаты: ХҮІІІ ғасырдағы неміс әдебиетінің жай-күйімен, даму барысымен таныстыру.
Дәріс мазмұны:
Лессинг Германияда классикалық трагедияға қарсы етіп драма жанрын құрады. Оның бірінші драмасы «Мисс Сара Сампсон» (1755), Дидро пьесасына дейін жарық көрді; француз ағартушысы оған жоғары баға берді. « Герман гениі табиғатқа бет бұрды – бұл ақиқат жолы», - деп жазды Дидро « Мисс Сара Сампсонға» жазған рецензиясында. Пьесаның тақырыбы – жас қыздың азап шегуі, ол моральдық келісімді бұзып, сезімге берілуі. Сара Сампсон махаббат сұрақтарында тек қана жүрекке сену керек дейді. «Мен үшін бұл өмірде тек қана бір нәрсе қымбат - бұл сіздің махабатыныз. Мен сізбен жоғары қауым үшін емес, өзім үшін бірге болғым келеді». Пьесса үлкен табысқа жетті.
1763 – 1767 ж.ж. «Минна фон Барнхельм» деген екінші пьесасын жазды. Комедиядағы оқиға жеті жылдық соғыстан кейінгі оқиға. Онда офицер Тельхейм саксон қызы Миннаны сүйеді. Соғыс аяқталғаннан кейін Тельхейм отставкаға кетеді, бірақ оған басқа біреудің ақшасын қалталап алды деген жалған айып тағылып, ол өз қаражатынан соны төлейді. Материалдық жағдайы төиендеп, аты қараланғаннан кейін, өзінің сүйгеніне қолын ұсына алмайды. Қыз Тельхеймнің дұрыс адам екенің біліп, Тельхейм қызды өз деңгейінде деп санасын деген оймен бүкіл байлығынан айырылғандай болады. Тельхеймнің достары араласып барлығы дұрысталады. Екі ғашық бақытты өмір сүреді.
Пьесада Германияның өмірі, ұлттық мінезі бейнеленеді. «Минна фон Бернхельнен» алты – жеті жылдан соң «Гец фон Берлихинген» және « Вертер» жазылды. « Эмилия Галотти» трагедиясы Лессингтің ең жақсы пьесаларының бірі. Ол 14 жыл бойы жазылды ( 1757 – 1771 ).
Бұл пьесадағы автордың политикалық тенденциясы бірінші қойылымнан – ақ байқалып тұрды.
Гонзаг ханзадаға кеңесшісі келіп, өлім жазасы үкіміне қол қоюын сұрады. « Үлкен қуанышпен. Мында берініз. Тезірек».Таң қалған кеңесшісі бұл өлім жазасына үкім екенің қайталайды. « Жақсы естіп тұрмын. Тезірек. Мен асығыспын», - деп жауап береді. Адам өміріне осынша немқұрайлықпен қарағанына таңданып, протоколды бүгін бермеуге тырысады. Егер осы кезде менің жалғыз баламды өлтірейін десе де иен бұл өлім жазасына қол қоюға мүмкіндік бермес едім.
Ханзада ауылда тәрбиеленген, сыпайы Эмилияны көріп ұнатып қалады. Бірақ сұлудың граф Аппианимен некелескенің білсе де оны бұзу оған қиын емес. Ханзаданың бүкіл тілегін орындап, айтқаның екі етпейтін Каменгер Маринелли – той пойызына шабуыл жасайды. Аппиани өлтіріліп, Эмилияны ханзада қоластындағылары құтқарғандары секілді алып кетеді. Ханзаданың көңілдесі болған графиня Орсини Эмилияның әкесі полковник Одоардо Галлотиге болған жайтты айтып береді. Одоардо Эмилияның тілегін орындап, ханзаданы өлтіреді. Лессингтің соңғы « Дана Натон» пьесасы дін тақырыбына арналған. Бұл пьесаның жазылу тарихы: 1774 – 1779 ж.ж. Лессинг Вольфенбютель кітапханасынан тауып алған профессор Герман Самуил Реймарустің қолжазбасын басып шығарады. Профессор Реймарус библияның шынайылығына күмән келтіріп, діңге қатысты өзінің атеистік пікірлерін айтқан. Гамбурлық Иоганн Мельхиор Гице профессордың критикалық пікіріне қарсы шықты. Пасторға жауап ретінде Лессинг « Анти – Геце» атты памфлеттерін бірінен кейін бірін жаза бастайды. Кейін Лессинг өз драмаларын жаза бастайды. Лессинг, әкесі үш ұлына, оларды әркез ағайын екендіктерін ұмытпау үшін, үш сақина сыйлағаны туралы әңгімесін, ол үш діңге – хрестиан, йудей, магоматан дініне теңейді. Барлығы да тең. Адамдар қандай дін қабылдаса да ағайынды. Солай деп қарт еврей данасы насихаттайды.
Натан адамгершілігі мол адам. Ол өзі секілді адамгершілігі мол адамдарды бағалайды. Ол өзінің досы , өзі сияқты шыншыл Аль Гафиді адамдар арасында өмір сүре алмай елсіз далаға кетіп, сонда тұратындығына кіналайды. Ол үш сақина туралы әңгімені айта отырып қандай да бір діннің басымдылығын айтқысы келіп отырған жоқ. Оған қандай дін болса да бәрібір. Сол үшін өмір сүріп, сол үшін еңбек ететін табиғаттың нағыз құдайы ол – адам:
Ол өгей хрестиан қызы Реханы өз қызы ретінде тәрбиелейді. Реха оны туған әкесіндей жақсы көреді. Бірақ хрестиан патриархы, кішкентай қызды аштық пен өлімнен алып қалғаны үшін Натанды кіналайды.
«Дана Натан» - неміс ағартушыларының ішіндегі адамгершілігі мол идеалдардың бірі.
Лессинг 18 жүзжылдықтағы Германия қоғамдық ойын алға қарай дамытты. Гете мен Шиллер Лессингтің оң ісін әрі қарай жалғастырды. Лессинг өзінің « Лаокоонымен» бізді бізді қандай жағдайға душар ететінің түсіну үшін, жас жігітке айналу керек, біздің ойымызды қараңғылық пен мұңшылықты жарқын және тәуелсіз дамуымен ауыстыру». Лессингтің эстетикаға қосқан үлесін орыс ағартушылары бағалады.
«Лаокоон» еңбегінде Лессинг поэзияға жаңа теория еңгізді. Ол осы кезге дейін эстетикада төре еткен формальдықты жаңа өмірмен ауыстыру. «Лессинг ойының жарқындығы және күштілігімен, логикалық щындығымен поэзия пәні кесеіндеме және басқа да пәндерден айырмашылығы, оның іс - әрекеті екендігін дәлелдеді».
Бұрыннан қарама – қарсы қойылып келе жатқан өнер мен өмірдің қайсысы биік тұрады деген сұраққа жауап бергенде Лессинг өмірді жоғары бағалайды. « Өмір суреттен артық». Сұлулықтың ең биік формасы – тірі адам сұлулығы. Лессинг өзін сол кездегі әдебиеттін ең жақсы түрі саналған аллегория мен шарттылыққа қарсы қойды. Эстетика және өнер саласындағы сұрақтарға бер3лген жауаптарынан феодалдық, сарайлық позицияға қарсылығы көрінеді. « Мен бұрыннан бері сарай адам табиғатын зерттейтін жер емес деген пікірімді ұстанамын». « Ханзадалар мен басты кейіпкерлердің есімдері пьесаға үстемдік береді, бірақ сезім оятарлықтай мән бермейді». Өзінің драматургиялық теориясында Лессинг Дидроға сүйенеді.Ол француз философының келесі жолдарын айтады: « Осы кезге дейін пьесадағы маңызды нәрсе бұл адам мінезі, сословие кездейсоқ нәрсе, ал қазір ең маңызды сословие, мінез кездейсоқ нәрсе».
Егер классикалық теорияда мінез мәңгілік және тарихи емес екендігін көрсетсе, Дидро кейін Лессинг адам мінезін әлеуметтік жағдайға байланысты деп дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет