Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы



бет125/171
Дата06.02.2022
өлшемі3,41 Mb.
#35658
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   171
Тексеру сұрақтары:
1. Джофри Чосер (1340-1400) шығармашылығында ерте ренессанстың ықпалы бірден сезіледі және Чосер - Петрарка мен Бокачоның замандасы болған. Әйтсе де Чосер ағылшынның ұлы, ортағасырлық ақыны болып қала береді. Олай болу себебі неде?
2.Петрарка мен Бокачоның ықпалы Чосердің қай шығармасында анық байқалады? Әңгімелеңіз.
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.

20 Дәріс. Тақырыбы: XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТІ.


Қарастырылатын сұрақтар:
1. XVIII ғ. Еуропалық мәдениет — XVII ғ. мәдениетінің заңды жалғасы болумен қатар, өзінің түрі, мазмұны және мәні жағынан ерекше мәдениет.
2. XVIII ғ. бароккомен қатар Батыс Еуропа өнерінде кеңінен тараған стильдердің бірі — рококо болды.
Дәріс мақсаты: Ағартушылық әдебиет өкілдерімен таныстыру.
Дәріс мазмұны:
XVIII ғ. Еуропалық мәдениет — XVII ғ. мәдениетінің заңды жалғасы болумен қатар, өзінің түрі, мазмұны және мәні жағынан ерекше мәдениет. XVII ғ. рационализмнің қалыптасу кезеңі болса, ал XVIII ғ. Ағартушылық ғасырына айналды. Бұл дәуірдің ұлы ағартушы — гуманистері: Вольтер мен Руссо (Фран-ция), Гете мен Шиллер (Германия), Юм (Англия), Ломоносов пен Радищев (Ресей) және т.б. адамзат баласының теңдігін ба-тыл қолдап, құлдық пен деспотизмге қарсы бітіспес күреске шақырды. Қоғамдық сананың жаңа сатыға көтерілуі, протеста-низм идеяларының кеңінен таралуы, жаратылыстану ғылымда-рының қарқынды дамуы, ғылымға бүрын-соңды болып көрме-ген қызығушылықтың пайда болуы және т.б. — осылардың бәрі . де жаңа ғасырға тән белгілер еді. XVIII ғ. құдайға, қогамға, мемлекетке, тіпті адамның өзіне деген көзқарастар өзгеріп, жаңа арнаға түсті.
XVIII ғ. Франция мемлекеті Еуропаның рухани өмірінің негізгі ошағына айналды. Француз халқының философиясында, әдебиетінде, өнерінде және т.б. жаңа леп, соны бағыттар аңгарыла бастады. Осы уақытқа дейін өздерін Францияның қар-сыласымыз деп есептеп келген Испания, Германия, Польша, Ресей, тіпті Англия сияқты өркениетті елдер француз мәдениетін мойындауға мәжбүр болды.
Қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтары шиеленіскен Францияда «ағартушылық идеологиясы» 1789—1793 ж. үлы француз революциясының, ал одан кейін бүкіл Еуропаны жай-лаған реформаторлық қозғалыстың теориялық және рухани алғышарттарына айналды. Шындығын айтсақ, бүгінгі заманның ең өркениетті елдерінің бірі Америка Қүрама Штаттары да «ағартушылық идеяларының» негізінде қалыптасып, іргелі мемлекетке айналды.
Франциядағы саяси революция, АҚШ-тағы тәуелсіздік жо-лындағы күрес және Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі Реформация кезеңінен басталып, үзаққа созылған жалпы Еуропалық дамудың тарихи қорытындысын шығарды. Ол қорытынды — қоғамның жаңа түрі — «өнеркәсіп өркениетінің» қалыптасуы болды. Бұл кезеңде феодалдық қоғам мен шаруашылықтың на-туралдық жүйесі ғана емес, сол қоғамға лайықталып қалыптас-қан қоғамдық сана да күйзеліске үшырады. Моральдық кризис қоғамдағы білімді адамдарды да қамтыды. Қоғамда өз орнын таба алмаушылар санының көбеюіне, халықтың қараңғылығы мен сауатсыздығына, халықтың қайыршылығы мен құқықсыз-дығына, қала люпендерінің азғындауына қарсы тұрар күш — мәдениет болды. Ол коғамда жасампаздық пен шығармашылық рөл атқарды. Ал мәдениеттің өркендеп дамуы қоғамдық-саяси және әлеуметтік әзгерістерге тікелей байланысты болды.
Өндіріс саласында, қоғамның базистік құрылымында ма-нуфактурадан күрделі технологияға көшу, шикізаттың жаңа түрлері мен энергия кездерін игеру және т.б. щаралар жүзеге асырылды.
Ғылым саласында, бұрын механика-математңка сияқты ғы-лым салалары үстемдік еткен болса, енді оның қатарына физи-ка, география, биология және т.б. ғылымдар қосылды. Ендігі жерде табиғатта, қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер ғалымдар назарынан тыс қалмады. Қоғамдық ғылымдар сала-сында, әсіресе философия ерекше белсенділік танытты. Фи-лософтар қоғамдық өмірге сын көзбен қарап, терең философия-лық пайымдаулар жасады. Олардың сынының негізгі объектісі — қоғамдық (мемлекеттік) қүрылыс және сол құрылыстың идеологиясы — дін болды.
Әлеуметтік қайшылықтар бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде шиеленісіп, таптық қайшылықтар асқынған Франция-да дінді (католиктік) сынау радикалдық, атеистік тұрғыдан жүргізілді. Гольбахтың пікірінше, дін — барып тұрған өтірік пен сандырақ, сондықтан дінді жоймайынша феодалдардың деспотизмінен құтылып, зорлық-зомбылықты жою мүмкін емес. Ағылшын философы Юм мен неміс философы Канттың көзқа-растары мұндай рационализмнен алшақ болғандығына қарамас-тан, олар да феодалдық идеологияны қатал сынға алды. Олар қоғамдық мораль мен адам түлғасы діннен тәуелсіз болу керек деп жариялады.
Революция отаны Францияда да Ағартушылық идеялары біртектес болған жоқ, олар реформизмнен (XVIII ғ. бірінші жар-тысы) бастап, ашық революциялық қимылдарға (XVIII ғ. 60— 80 ж.) дейін нағыз эволюцияны басынан кешірді. Егер ағартушылардың ага буынының өкілдері — Монтескье мен Вольтер конституциялық-монархиялық қүрылыс орныққан көршілес Англияның үлгісімен феодалдық ағымды біртіндеп буржуазия-ландыру идеясын үсынса, феодалдық қүрылысқа жан-тәнімен қарсы келесі ұрпақтың өкілдері — Д. Дидро (1713—1784). К. Гельвеций (1715—1771), П. Гольбах (1723—1789) басқаша көңіл-күйде болды. Олар помещиктік меншік пен сословиелік артықшылықтарды мүлде жойып, деспоттық өкіметті құлатуға шақырды.
XVIII ғ. ортасына қарай Еуропаның ірі мемлекеттерінде король өкіметі феодалдық үстемдікке қарсы күресте «үшінші со-словиены» өзінің одақтасы деп санамады, ал оның есесіне ко-роль өкіметі шіркеумен және дворяндармен ынтымақтастығын одан әрі нығайтып, оларды осы бір тарихи кезеңде өзіне одақ-тас етті. Ескі қоғамның барлық саяси күштері бұрынғы алауыз-дықтарын уақытша болса да үмытып, халық толқуларына кү-ресте бірігіп күш көрсетті. Өз халқына қарсы бітіспес соғыс жа-риялаган абсолютті режимнің тағылық әрекеттері мәдениет сала-сына да ойысты. Қоғамға жат пиғылда жазылды деп танылған еңбектер отқа жагылды, ал ол еңбектердің авторлары түрмеге қамалды. Бірақ еркіндік пен бостандық рухына қарсы небір сұрқия шаралар қолданылса да, ол өз шарасынан төгіліп жат-ты. Өйткені, заманның рухы, оның тынысы мәдениет пен енердің барлық салаларында да кеңінен көрініс тапты. Бах, Гете, Мо-царт, Свифт және т.б. дарын иелері сол бір қилы заманда туын-даған творчестволық шабыт иелері болды. Олар өз замандас-тарымен де, болашақ ұрпақтың өкілдерімен де «Мәңгілік өнер» тілімен тілдесті, олардың шығармаларының халық жүрегінен терең орын тапқаны соншалық, бүл үлы туындыларды өнердегі қалыптасқан «стильдер» қатарына жатқызуға болмайтын сияқты.
Бірақ осы жағдайға қарап XVIII ғ. мәдениеті мен өнерінің өзіндік ерекшеліктері, дәлірек айтқанда өзіне ғана тән көркемдік стильдері мүлде болмаған екен деген үғым туып қалмау керек. Өнер саласында біртектес стильдер (романдық және готикалық стильдер) қалыптасқан өткен тарихи кезеңдерге қарағанда бүл дәуір өнері өзіндік бет-бейнесімен, өзіндік сипатымен ерекшеленді. Жаңа заман стильдері — заман талабынан туған мәдени қажеттілік болып саналады. Солардың бірі — мәдениет саласындағы ескі дәстүрлер (готика) мен демократиялық еркін ойлау идеяларын өзара үштастыра білген өнердегі мүлде жаңа стиль — барокко бағыты болды. Барокко — астарлы, әдептен тыс деген мағына береді. Оның әлеуметтік негізі — абсолютизм дәуірівдегі дворяндық мәдениет. Барокко — халықаралық қүбы-лыс, ол әсіресе Италияда, Испанияда, Францияда, Германияда кең қанат жайды. Осы дәуірдің күрделі қоғамдық шиеленістері барокко өнеріне өз өсерін тигізбей қойған жоқ. Сондықтан да болар, аталған елдердегі қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдай лар адамдардың сана-сезіміне ғана емес, сонымен бірге осы бір өнер саласының қалыптасып дамуына да ерекше ықпал етті. Барокко стилі әсіресе сәулет өнері саласында айқын көрінді, осы стильде зәулім сарайлар мен парк ансамбльдері салынды. Олар тарихи кезеңнің куәгері, еуропа мәдениетінің баға жетпес ескерткішіне айналды. Шындығында да, Ағартушылық дәуірінде парктер мен бақтар — философиялық әңгімелер мен ой-толға-ныстарының негізгі орталықтары болды. Олар — табиғат пен адамның, тіпті адамдардың қарым-қатынастарының өзара үндестік табуына себепкер болатын қасиетті орынға айналды. Парктер мен бау-бақшалар композициясын музейлер мен театр-лар, сурет галереялары мен кітапханалар, ғиб^датханалар және т.б. мәдени ошақтар одан әрі түрлендіре түсті.-
XVIII ғ. бароккомен қатар Батыс Еуропа өнерінде кеңінен тараған стильдердің бірі — рококо болды. Ол сарай зиялылары мәдениетімен тікелей байланыста қалыптасты. Рококо эстетикасының басты ұраны — «Өнер — рахаттану құралы». Бұл ұран сол бір кезеңдегі «ертеңгісін ойламайтын аристократтардың (ақсүйектердің) дүниеге көзқарастарын дөлме-дәл көрсетеді. «Бізден соң не болса да мейлі» деген Людовик ХҮ-нің ұраны да осы дәуірде шыққан.
Бірақ Еуропа халқы болашақтан топан суды немесе селді емес, түбегейлі өзгерістерді, мәдени жаңғыруларды күтті. Ха-лық сенімі бұл орайда ақталды десек қателеспейміз, өйткені ғасырдың бел ортасына қарай Франция, одан кейін бүкіл Еуро-па елдері Ағартушылық идеялары рухының аясында өмір сүрді. Вольтер мен Руссо күрес туларын көтерді. Бірақ бұл екі ақыл-ой алыптарының алдарына қойған мақсаттары мен багдарлама-ларына айтарлықтай айырмашылықтар болды, өйткені олар ескі қоғаңдық құрылысқа қарсы екі орталықтың, әлеуметтік өмірдің шиеленіскен жағдайындағы қарсы полюстің өкілдері болатын. Екі ғүлама да бір уақытта, 1778 жылы қайтыс болды, бірақ тіршілікте бірін-бірі аяусыз сынаумен өтті. Женевалық философтың плебейлік демократизмі Вольтердің жүрегін айнытты, тіпті Руссоны өркениеттің жетістіктері мен рахатынан бас тар-тып, адамның алғашқы табиғи жағдайына көшу қажеттігі жа-йындағы пікір де ешқандай қанағаттандырмады. Ал Руссо бол-са өз тарапынан замандасының қарапайымдылыққа байланыс-ты өркөкіректігін жақтырмады. Бірақ тарихи кезең бұл қарама-қайшылықтарды жуып-шайып жіберді, өйткені олар күні өтіп бара жатқан қоғамдық құрылысты, оның идеологиясын қай тұрғыдан сынаса да, қалай сынаса да — ортақ іс үшін, бір мақ- сат үшін сынады, ортақ мақсат үшін күресті, сондықтан да бүл екі дананың екеуі де Ағартушылық заманының үлылары болып қала береді.
Олай болса, қоғамды қайта қүру жолындағы күрестің бүл аристократиялық және демократиялық жолдары — прогресс жо-лындағы мәдени қозғалыстың екі бағыты десек қателеспейтін шығармыз деп ойлаймыз.
Вольтердің жолы — рухани және әлеуметтік революциялар-ды «жоғарыдан» жасау жолы, бұл жол — Вольтердің ізін қуушылардың романтизм мен еркіндікке үмтылу жолы. 1825 жылы Ресей топырағында болған декабристер қозғалысы да осы идея-лар жолындағы патриоттық күрес болды. Еуропалық және орыс әдебиетінде Чайльд Горольд, Карл Моор, Чацкий мен Дубров-ский сияқты аристократтық толқулар батырларының бейнелерінің тамаша сомдалуы да осы бір ағымның әсерінен болса керек.
Вольтерге қарағанда Руссоның ілімі мен идеяларының тағ-дыры әрі күрделі, әрі ерекше. Олардан француз революциясы-ның бостандық, теңдік, туысқандық жайындағы өмірлік үран-дар туындады. Бірақ, өкінішке орай, бостандық пен теңдікті желеу етіп якобин диктатурасы өз бағдарламасында жаппай қырып-жою теориясын жақтап шықты. Жан Жак Руссо алғаш-қы өнеркәсіп революциясының қарсаңында ғалымдар мен саясатшылар адамзаттың болашағы үшін жауапты екендігін, адамның табиғатты игеруге байланысты іс-әрекеттеріне бақы-лау орнату қажеттігін мәлімдеген болатын. Бірақ, өкінішке орай, бүл мәлімдемелер мүлде ескерілмей, бүл дәуірдегі еуропалық-тардың басқыншылық әрекеттері кездейсоқтық сипатынан ай-рылып, саналы түрде жүзеге асырыла бастады. Мысалы, АҚПІ-тың шығысында Еуропадан қоныс аударғандар жергілікті ха-лықты ата-қонысынан ығыстырып, жаңа жерлерді зорлықпен басып алды. Африка, Азия қүрылықтарының бірқатар мемлекет-тері де жыртқыштықпен тоналды. Британ өкіметі шалғайда ор-наласқан «бесінші континентті» (Австралия) қылмыскерлердің жазаларын өтеу орталығына айналдырды.
Ал Еуропалық мемлекеттердің өз араларындағы әскери қақты-ғыстарға келетін болсақ, мүнда жағдай мүлде басқаша болды. Олар соғыс жағдайында бір-бірін тең деп санады, тіпті шиеленіскен сәттердің өзінде де тиісті келісімдерге келіп отыр-ды (жеңіске жеткен мемлекет түтқындарды қүлға айналдыра ал-мады, соғыс қимылдарына тек арнайы әскерлер ғана қатысты-рылды және т.б.)- Бірақ Франция, Англия, Португалия, Испания сияқты Еуропа мемлекеттері еуропалық емес немесе «христиан-дық дүниеге» жатпайтын елдер үшін ешбір заң да, ешбір норма да есепке алынбады. Олар «түземдіктермен» саудаласып не бол-маса бәтуаға келіп жатудың ешбір қажеттігі жоқ, шама келгенше оларды бағындырып қана қоймай, қырып-жоя беру керек деп са-нады. Бұл қанды саясаттың құрбандығына Үндістан сияқты көпте-ген өркениетті елдердің ұшырағаңдығы тарихтан белгілі.
Орын алған осындай келеңсіз жағдайларға қарамастан, Еуро-падағы «Ағартушылық» дәуірі — дүниежүзілік мәдениет тари-хындағы ең жарқын кезеңдердің бірі болды. Ағартушылық идея-ларының нәтижесінде пайда болған мәдени, өзгерістерді сол дәуірдің адамдарының өздері де мақтаныш етті. Ғасыр ақыны аталған Гетенің өзі де осы бір тарихи кезеңдегі уақиғаларды шаттана жырлады. «Ағартушылық» дәуірі — Еуропаның рухани дамуындағы үлы бетбұрыс кезеңі болды. Ол қоғамдық өмірдің барлық саласына (қоғамдық-саяси, мәдени және т.б.) айтарлық-тай әсерін тигізді. «Утопияның алтын ғасыры» деп аталатын бұл дәуірдің мәдени мұрасы өзінің жан-жақтылығымен, жанрлар мен стильдердің көптігімен, оптимистік сарынымен және адам-заттың ақыл-ойына деген шынайы сенімімен осы уақытқа дейін таң қалдырып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет