Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы



бет124/171
Дата06.02.2022
өлшемі3,41 Mb.
#35658
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   171
Дәріс мақсаты: ХҮІІ ғасырдағы Англиия әдебиетінің көрнекті өкілдерімен таныстыру.
Дәріс мазмұны:
XҮІІ ғасырда ағылшындар нормандықтармен, француздармен күрес үнемі болып тұрды. XIVғасырдың орта шенінде ағылшын тілі жазбаша түрде де, ауызекі сөйлеуде де кең өріс алды, ұлттық әдеби тақырып болып қалыптасты. Мемлекеттің орталығы Лондон болған соң тілде Лондондық диалектілер өрбу тапқан. 1362 жылы ағылшын тілі алғаш боп парламентте қолданылды. Парламент, сот үкімі және т.б. мемлекеттік органдар француз тілін емес, ағылшын тілін қолдану керек деп үкім шығарды. Әдебиет осы ғасырда әлі де болса ортағасырлық кейпінде еді, ақсүйектер ортасында сарайда бұрынғыдай куртуаздық әдебиетті құлшына тыңдаған. Француздың қала әдебиеті ағылшын тіліне аударылып, кең таралған. Сол кезде Джон Гауэр (1328-1408) өз шығармасын монастырь оқуы ретінде аллегоризм, дидактика бойынша үш тілде жазады: француз, латын, ағылшын.
Сауда-саттық қарым-қатыңастың нығаюына байланысты Италия дагуманистік идеялардан Англияға келіп жетеді. Келген бойда феодалдық идеямен күреске түседі.
ХҮІІ ғасырдың аяғында шығармашылығы ерекше орын алған ағылшын ақыны - Джофри Чосер (1340-1400). Ақынның шығармашылығында ерте ренессанстың ықпалы бірден сезіледі және Чосер- Петрарка мен Бокачоның замандасы болған. Әйтсе де Чосер ағылшынның ұлы, ортағасырлық ақыны болып қала береді. Оның шығармашылығы өзінің нақты дамуын Шекспир дәуірінде тапты: Реализм жан-жақты өмірді танып білу, дүниетаным адамға деген қарым-қатынас т.б. Чосер ағылшын сөзінің мәнісін жоғары дәрежеге көтеріп, әдеби тілді байыта түсті, қара сөздің қас шебері болды. Оның шеберлігі тұңғиық іспеттес болған. Сондықтан да болар Чосерге еліктеп жазған қаламгерлердің ішінде бірде-біреуі оның шеберлігін игере алмаған. Чосер ата-тегі нормандық Лондондық көпестің жанұясында дүниеге келген. Оның әкесі де, аталары да Италияндық вино сатушылар. Көптеген мәліметтерге қарағанда король сарайында да олардың винолары қолданылған. 1357жылы Эдуард ІІІкороль сарайында Чосер паж қызметін атқарады, ол екі жылдан кейін қару көтеруші ретінде Эдуардпен бірге Француздармен соғысқа қатысады.Тұтқынға түсіп Реймса қаласында қала береді. Кейіннен Чосер Француз корольдігінде қызмет жасап, аристократтық өмірдің мән-жайын толық түсінеді. Француз үлгілері, сән,талғам, мәнер деген жаңа цевелизацияны ұғынады. Срайда жүріп, дипломанттық қызмет- пен италияға сапар шегеді. 1386жылы Англияның парламентіне сайланып, өзінің ашық ойлары үшін Ричард ІІІ-ші оны қызметтен босатады, ақырында Чосер кедейлікте, белшеден батқан қарызбен дүние салады. Чосер шығармашылығы алғашында ағылшын ақсүйектік ортаның аясында болғанмен, кейіннен күрт өзгереді. Басында ағылшын ақсүйектері Чосерге тапсырыс бойынша шығарма жаздыратын, тіпті осы шығарманың өзінде де Чосер жеке өзіне тән үлкен поэтика танытады. Көп жылдар бойы Чосер поэзиясы француз француз стиліндегі куртуоздық әдебиеттің үлгілерімен өрбіді. Олардың басты ерекшелігі жақсы формада, сөз әсемдігіндежәне аса ерекше мәнерінде. Поэзия формас-балладалар, ронделидер,арнаулар.
Чосер поэзиясына әсер еткен,өзінің бозбала шағында ағылшын тіліне аударған "Роза туралы роман". Чосер ортағасырдың латын және француз әдебиетін жақсы меңгеру арқылы Италиян әдебиетімен танысуға мүмкіндік алды. Өзінің шынайы шығармасын, әсіресе көлемді, эпикалық, сатиралық поэмасын аяқсыз қалдырған. Көптеген өңдеуге ұшыраған. Алайда, фрагмент ретінде бұл шығармалар аса құнды деп саналады. Бұлар: "Герцогония кітабы" ("Книга герцогони" 1369 ж.), "Даңқ үйі" ("Дом славы"1381ж.), "Құс кеңесі" ("Птичий совет" 1382 ж.), "Троиль және Кризейда" 1385ж. "Мейрімді әйелдер жөнінде кітап"("Книга о добрих женщинах"1387 ж.) және өмірінің ақырғы он жылы бойғы еңбектенген шығармасы "Кентерберейлік әңгімелер"("Кентерберейские рассказы"). Алғашқы үш шығармасы толықтай жанр жағынан да, образ жағынан да "Роза туралы романға"жақын. І-ші "Герцогония кітабында" Герцогония Бланыштың ерте өлген жұбайын ардақтау туралы. Бұнда (әңгіме) автор ойдан шығарған жұбайдың Чосермен әңгімелесуі. Ричард ІІ-нің Богем принцессасы Аннамен некелесуі жайында. Чосер екі дүркін Италияға сапар шегеді. Ол Тенуада Флоренцияда болып, Петрарка мен Бокачоның гуманистік идеаларымен толық танысады. Кентербердің әңгімесінде пролог ретінде Оксфорд студентінің сөзі арқылы Ф.Петрарка мен Бокачоның идеяларын танытқан. Петрарка мен Бокачоның ықпалы 80-90ж. жазылған "Троиль және Кризейда" шығармасынан анық байқалады. Бұл поэма 8000 өлеңнен тұрады. Салыстырып қарағанда "Филастрато"(Бокачо) шығармасымен үндес. Чосер драматург ақын ретінде танылған, статиканың түрінде кейіпкердің портрет галереясын құрған. Осы негізінде Кентерберлік әңгімелер Бокачоның ....... жинақтардан өзге. Сюжеттік ұқсастықтарға қарамастан (көпестің,теңізшінің әңгімесі, помещик пен студенттің образдары "Диколирон шығармасымен" ұқсастық тапса да жанр жағынан және кейіпкерлердің портреті жағынан өзге. Бұнан біз ортағасырлық сарынды көбірек байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет