Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы



бет133/171
Дата06.02.2022
өлшемі3,41 Mb.
#35658
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   171
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Романтизм — XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мәдениетінде, әдебиетте, филология, тарих ғылымдарында, жаратылыстану ғылымдарының кейбір салаларында кеңінен тараган идеялық бағыт.
2. Франциядағы романтизм тағдырының өзіндік ерекшелігі аталған жалпыевропалық қозғалыстың ХҮПІ-ХІХ ғасырлар тоғысында пайда болуы.
Дәріс мақсаты: ХІХ ғасырдағы шетел әдебиетінің жай-күйімен, даму барысымен таныстыру.
Дәріс мазмұны:
Романтизм — XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мәдениетінде, әдебиетте, филология, тарих ғылымдарында, жаратылыстану ғылымдарының кейбір салаларында кеңінен тараган идеялық бағыт. Бақытты өмірді, жақсы тағдырды болашақган іздеу, немесе ортағасырлық тәжірибелерге қайта оралуға шақыру романтиктер шығармашьшығының екі басты къфы болатын. Осының алғашкысы ілгерішіл немесе революция-лық романтизм, соңғысы керітартпа романтизм делінеді. Ілгерішіл романтизмнің өкілдері қатарында француз жазушысы Виктор Гюго, ағылшын ақыны Джордж Гордон Байрон, неміс ақыны Генрих Гейне, т.б. аталынады. Романтиктер мінез ерекшелігі мейлінше анық, арманшыл, өз қатарынан биік тұрған, мақсаты асқақ, ізгі ниетті қаһарман туралы түпкі мүдделеріне сай келетін көркем тұлғаларды жасады. Романтизм бағытында жазылған шығармалардың кейіпкерлері, әдетте болмыстың ырқымен келіспейтін, теңдік, бақыт, азаттық үшін күресетін рухы күшті жандар болып келеді. Адамның бас бостандығын, адами-қоғами мәні бар, қүлшынысқа толы жағымды іс-әрекеттерге ұмтылыстарын мадақтау - романтизм туынды-ларына ортақ қасиет. Романтиктер болмыс пен замана кайшылықгарын түгелдей шешуді кңялдайды. Олар дүние жүзі әдебиетінде тұңғыш рет адам жанының аса күрделі ішкі әлемін, оның тұңғиық терең иірімдерін ашып көрсетті. Бұл өдеби бағыт адамзат мәдениетінің тарихындағы тұтас дәуірді құрайды. Осынау көркемдік өдістің бүкіл болмыс-бітімін, өзіндік табиғатын тап басып тануда француз әдебиеті накды дерек көзі болып табылады. Ол - өзіндік ерекшелігі мол ұлттың әдебиеті болуымен бірге, романтизм әдісінің өзіне ғана тән көркемдік қасиетін де таныта білген әдебиет.
Франциядағы романтизм тағдырының өзіндік ерекшелігі аталған жалпыевропалық қозғалыстың ХҮПІ-ХІХ ғасырлар тоғысында пайда болуына, әрі дамуына қоғамдық және рухани алғышарттар қалыптастырган осы елде өзге ірі европалық әдебиеттерден, атап айткэвда, неміс және ағылшын әдебиеттеріне қарағанда романтизмнің дуние-танымдық - көркемдік жүйе ретіндегі толыкканды турлеріне (формы) кейінірек қол жеткізуіне байланысты, яғни Франциядағы романтизмнің ұлттық тағдырынын ерекшеліктерінін түп тамыры осында жатыр.
Романтизм өзінің кемелденген көрінісінде коғамдық дамудың жаңа буржуазиялық түрін ой елегінен өткізу барысында алуан түрлі шиеленіске түскен дара тұлғаның нақты әлем (объективтік дүние) мен жеке жанға (социум) қарсы тұру идеясын алға тартады. Осыған сәйкес тұлға мүнда рухтың соңғы тұрақ табатын мекені тұрғысында пайымдалып, ол дүниені езгерту (ол романтикалық дүние-танымның кейбір жеке нұскаларында кдншалықгы шешілмес мөселе ретінде көрініс таппасын) мүмкіншілігінің бірден-бір кайнар көзі ретінде қабылданады. Түлғаның романтикалық түғырнамасы абсолюттік ақиқат ретіндегі даналық тұлғасының идеалына қарай үмтылады, ал даналық болса, жеке адамды потенциалды мүмкіндігі орасан зор қүдіретке ие қылып, оны шын мәніндегі Жаратушының сыңарына және оның жер бетіндегі өкіліне айналдыратын шығармашылық дарын болып табылады. Сонымен қатар осы бір рухани қағида аддында бас иетін қасиеті арқасында мүндай романтикалық ой қисыны, әрине, "бүл дүниелік емес патшалық" постулаттарына қүрылған діни ойлау жүйелерінде жеңіл қабылданып және осыған сәйкес "екі дүниелік" романтикалық тұжырымдарға жауап бере алады. Француз романтизмінің даму барысының өзіне ғана тән сипатын терең ұғыну үшін мәселеиің екінші жағы да аса маңызды. Романтизм "сыртқы шындық пен жалпы дүниеге" (Гегель) жеке адамды қарсы қоятын таным ретінде француз буржуазиялық революциясының басталуы қарсаңын-дағы дәуірде кездейсоқ пайда бола қойған жоқ. Оның революциялық рухы романтиктерге қанат бітірсе, буржуазиялық астары олардың көңіліне сезік үялатты, ал рухани "аракдшық жақындығы" шешуші міндет аткарды. Германияда, әсіресе, Англиядағы романтикалық қиялшылдық белгілі дәрежеде уақыттык және кеңістік тұрғыдан алғанда сол түстағы өмірден біршама тыс тұрды. Ал француз романтиз-мінің қүрылымы, ең алдымен, өз уақыт кезеңінің тезінен өтіп, заманымен үндестік тауып отырды.Тіпті онда өзін қоғамға қарсы қойған тұлғаның типтік бейнесі жасалған-ның өзінде, сол қоғамның өз уақытының адамы туралы сөз қозғалады.
Жазушылар "Кориннадағы" мадам де Сталь, Шатобриан-ның "Ренесіндегі", Сенанкурдың Оберманы, Констанның Адольфы, ал лирикадағы (Ламартин, Виньи), сияқгы өз-дерімен замандас романтикалық жүректердің хикаясы мен сезім шаттығын шертеді.
XIX ғасырдағы аскақ романтизм тұсында, жиырмасыншы жылдардан бастап осындай романтикалық қаһармандардың кэтарына кемеңгерлер, ғұламалар, алыптармен бірге, қатыгез билеушілер де келіп косылды (әрине, мүнда Гофман мен Байронның әсері аз болмады). Бірақ, француз романтизмі-нің жалпы көрінісінде Нодьенің Сбогары, Виньидің Моисейі тәрізді кейіпкерлер сирек құбылыс ретінде көзге түседі. 30-шы жылдары буржуазияға деген романтикалык кдрсылық-тың күшейе түсуіне байланысты саясатқа деген көзқарас шегіне жете қызына түсті. Егер Гюго мен Жорж Санд буржуазиямен күресте қоғамдық тәртіпті өзгертудің жаңа бір революциялық және демократиялық жолдарын іздестіре бастаса, басқа романтик ақын-жазушылар дәл осы түста өнер мен руханияттың саясатпен ешкандай байланысы болмауы туралы ұрандарды көтерді.
Міне, осылардың бөрін есепке алмай, Франциядағы "таза өнер" принципінің логикасын және оның кейінгі Бодлер, Леконт де Лиль, Флобер шығармашылығы мен эстетикалық пайымдауларындағы дамытылуы мен диалекти-асын толық ұғыну мүмкін емес. Тіпті, кемеліне келген Готьенің радикалды және сырттай бүліншіліксіз (алаңсыз) эстетизмін, Барбьенің "Үлестің бөлісі" ("Раздела добычи ") мен Мюссенің "Лоренцаччосынсыз" түсіну қиын, себебі оның өзі аталған шығармалардағы жарқын көрініс тапқан азаматтық ашынуларға психологиялық тұрғыдан дайын еді.
Ең соңында, ескере кететін бір нерсе, XX ғасырдың 30-жьшдарында француз әдебиеті мен рухани өмірінің аса қуатты бөлігінің біріне айналған реализм ез кезегінде көптеген романтиктер шығармашылығының дамуына игі әсерін тигізді, атап айтқанда, ол кемелденген Мюссе, Жорж Санд, Гюго шығармашылықтарынан көрініс тапты. Міне, енді француз романтизмінің жаңа заманы, романтикалық идеялар мен түрлердің тазалану, жаңғыру, түрлену, тұрлеу, яғни қайта өрлеу дәуірі келіп жетті. Табиғаты терең, мазмұны сан алуан, пішіндік болмысының
қыры көн осы дәуірдің көркемдік келбетін, эстетикалық сырын танытатын шығармалар катарынан Альфонс Ламартин туындыларын айрықша атап көрсетуге болатыны даусыз.
Француз романтизмінің айрыкша белгілері, өзіндік бітім-болмысы аталмыш ақынның шығармашылығьшен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет