Тексеру сұрақтары:
1.Жаңа мәдениеттің дамуына даңғыл жол қалай ашылды? Буржуазиялық қоғамның алғашқы сатысындағы мәдениетгің капитализмнің одан кейінгі кезеңдеріндегі мәдениеттермен салыстырғанда түбегейлі айырмашылықтары неде болды?
2.Ғасыр ойшылдары: Гоббс, Локк, Спиноза, Гуго, Гроций және т.б. еңбектерінің маңыздылығы неде деп ойлайсыңдар?
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
№17 Дәріс. Тақырыбы: ХҮІІ ғасырдағы ИСПАНИЯ ӘДЕБИЕТІ
Қарастырылатын сұрақтар:
1.XVII ғасырда Батыс Европа елдерінің арасындағы Испанияның жағдайы.
2.Испан философы әрі жазушысы Франсиско Санчес (1550-1632), Бальтасар Тишан (1601-1658) шығармашылықтары.
Дәріс мақсаты: Испанияның Қайта өрлеу дәуіріндегі ең жарқын тұстарын айқындау.
Дәріс мазмұны:
Испанияда басқа елдерге қарағанда инквизиция стихиялы түрде өршіді. XVI, XVII, XVIII ғасырларда инквизицияның қатерлі алауында отыз мыңнан астам адам өртенсе, үш жүз мыңдай адам қапас түрмеде көз жұмған. Испан католик шіркеуі Рим папасының саясаты үшін де европалық католицизмнің де ең сенімді күзетшісіндей болған еді.
XVІІ ғасырда корольдік биліктің ұйғарымымен кастильдік пен арагондық қалаларды біріктірді. Осыған байланысты ірі феодалдарды өздігінен әскери жорықтарды жүргізуді, теңге шығаруды көздеді. Сонымен қатар өздігінен қамалдар құрып, бөлек мемлекет құруына да кедергі жасады. Осымен ғана Испаниядағы абсолютизмнің рөлі аяқталады.
Англия мен Францияның корольдік биліктерінің меркатилизм (сауда мен өндірістің өркендеуі) саясатын жүргізу арқылы елдің экономикалық өсуіне әсер етті.
Американдық отар елдерінің өзендей ағып жатқан алтыны Испанияға құдайдың берген сыйындай болды. Барлығын да алтынға, шет елден алуға болатын. Шеттен келген өнімдерді шеттен алып, алтындар өзге елге кетті. Ал ішкі өндіріс сол күйінде тоқтауда. Алтын бітіп, құлдырағанда өз ресурстарына көңіл аударғанда елдің шаруашылығы құлап, құлдырағанын көреді.
1588 жылы Англия жағалауында Испан флотының қирауы елдің әскери қуаттылығын төмендетті. Сол кездері испан отар елдерінде дүмпулер өріс алды, сәтсіздікке ұшырады. Елдің картасынан көптеген елді мекендердің аты жойылды. Жаңа Кастилия мен Тонедо провинцияларында 200-ге де жетпейтін, ескі Кастилияда 300-дей елді мекен қалды. XVI-XVII ғасырлар аралығында Испания халқы екі миллионға азайды, өндіріс қысқарды. Севельеда 20 есе, Тонедода 10 тоқу станоктары ғана қалды.
Испания үшін абсолютизм жемісті болмады. Экономикалық жағынан да, саяси жағынан да елдің бірігуіне жағдай туғызған жоқ. Соның салдарынан Испанияда халық көтерілістері мен толқулар жиі болып тұрды. Сондай қозғалыстың бірін испан драматургы Лопе де Вега «Фуэнте Овехуна» деген пьесасында әдемі суреттейді.
XVIІ ғасырда «мористер көтерілісі» кең ауқымды орын алды. Бұл тарихи жағдай «Өлімнен кейінгі махаббат» пьесасында көрініс табады.
XVII ғасырда Батыс Европа елдерінің арасында Испанияның жағдайы төменгі деңгейде болды. Соңғы Габсбургтор, ФилиппІІ (1595-1621), ФилиппІV (1921-1665), КарлІІ (1665-1700) елдегі корольдік биліктің атын ғана ұстай білді. Алайда, шынына келгенде испан корольдері билікті жүргізе алмады.
Елдегі ауыр жағдайға қарамастан Ренессанстың гуманистері Пиреней бұғазына да келіп жетті. Адамзаттың ұлына айналған Испанияның екі азаматы-Мигель де Сервантес пен Лопе де Вега- Қайта өрлеудің соңғы титандары өздерімен бірге гуманизмді, халықтың арманын ала келді.
Испан философы әрі жазушысы Франсиско Санчес (1550-1632) Бэконның замандасы, Ренессанс дәстүрін жалғастырушы, схоластикаға қарсы тұрушы. Ол өзінің замандастарына өмірді танудың ойларын беруден гөрі, бір нәрсені білуге талаптанады. Оның кітабы «О том, что познания нет» (1581) деп аталады. Бұл кітап XVII мыңжылдықта Испания писсимистері мен агностикасының библиясына айналды.
Бальтасар Тишан (1601-1658) өзінің ғасырын келемеждеп суреттейді. Оның философиясында адамның күшіне, оның жердегі бір нәрсені өзгертеді дегеніне көрініс табады. XVII мыңжылдықта Испанияның мистикалық, пессимистикалық философиялық ойы Кальдерон драматургиясында анық көрінеді. Сол дәуірде Испанияның көркем әдебиеті біртіндеп дами бастады. Испанияға Ренессанс кешігіп келді. Италия мен Францияда Қайта өрлеу дәуірінің ең жарқын тұстары өтіп кеткенде, Испанияда керісінше, жаңадан өркендеді.
Достарыңызбен бөлісу: |