Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы



бет137/171
Дата06.02.2022
өлшемі3,41 Mb.
#35658
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   171
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Байрон өмірі мен шығармашылығы.
2. «Чайльд Гарольдтін сапар шегуі» және «Теңіз көкжалы», «Гяур», «Шильон түтқыны», «Қола ғасыр», «Дон Жуан», «Мазепа», «Абидосс қалыңдығы», «Қиямет елесі», «Ирландия аватарасы», «Минерваның қарғысы», «Альваиың Оскары» т. б. дастандары.
Дәріс мақсаты: Ағылшын романтизмінің жай-күйімен, даму барысымен таныстыру.
Дәріс мазмұны:
Ағылшыннын атақты ақыны Джордж Ноэл Гордон Байрон 1788 жылы 22 январьда Лондонда дүниеге келіп, балалық шағын Шотландияда өткізді. Оның акындық-әлеуметтік күрес дәуірі шетелде өтті. Өйткені ол жасынан әділдікке, ерлік рухқа бой ұрса, алғашқы әлеуметтік күресінен бастап-ақ өз отанындағы зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы шыкты. Өзі ақсүйек, шонжар ортадан шығып, бала кезінен лорд мәртебесіне ие бола тұрса да, ез ортасымен, яғни Лондонның билеуші озбыр, өзімшіл табымен сыйыса алмай, азаттык үшін күресіп жатқан елдерге сапар шегеді. 1809 жылдардан бастап өмірініц соцына дейіп Испания, Щвейцария, Италия, Албания, Греция елдерінде болады. Ол елдердің саяси-әлеуметтік күресіне ез жырымен үн қосады. 1816 жылы ағылшын озбыр топтарымен саяси тартысы мейлінше шиеленісіп, солардың қудалауымен ақын ез отанынан біржолата безіп кетеді. Байрон - әдебкетке де, саясатқа да жастайынан араласқан адам. Оның шырармаларынъщ көбі соғысқа, әділетсіздікке қарсы жазылған, олар: «Чайльд Гарольдтін. сапар шегуі» және «Теңіз көкжалы», «Гяур», «Шильон түтқыны», «Қола ғасыр», «Дон Жуан», «Мазепа», «Абидосс қалыңдығы», «Қиямет елесі», «Ирландия аватарасы», «Минерваның қарғысы», «Альваиың Оскары» т. б. дастандары, «Каин», «Манфред» сияқты келелі драмалык поэмалары меп көптеген өлеңдер. Европаның бүкіл мәдениетті ақындары оны «ой-пікірді билеуші» деп, соған еліктеген.
Орыс әдебиетінің Пушкин мен Лермонтов сияқты даналары да Байроннын, ақындық даналығын жоғары бағалап, ездеріне үстаз тұтқан. Энгельс Байрон шығармаларынын әлеуметтік мазмұнын, яғни онын. үстем, озбыр қауымды батыл әшкерелейтін шығармаларын кезінде өте жоғары бағалаған.
Шетелде жүріп қаншама кұнды мұралар қалдырран кемецгер ақын ез жырыида мейлінше ардақтаған Греция елін Түрік басқыншылары-нан азат ету согысына қатысып жүріп, 1824 жылдыц 19 апрелінде безгек ауруынан қайтыс болады. Ол тіпті өз еліндегі тенсіздікпен ғана емес, көптеген шетелдерді аралап, ондары баскыншылық соғыстарға қарсылық білдіріп, өз үнін қосты. Міне, сондай жырлардың бірі - 1812 жылы жазылған «Чайльд Гарольдтің сапар шегуі» атты дастан. Бұл дастанда Байрон Европадағы шапқыншылық соғыстарға қарсы ере-уілді үн көтереді, бейбіт елді талан-таражга ұшыратқан басқыншылар-ды, тарандарды әшкерелеп, оларға адамзат атынан қарғыс айтады. Ал езілген елге достык сезіммен аяныш білдіріп, оларды басқыншыларға қарсы куреске шақырады. Әсіресе Наполеоннық, түріктердің басқын-шылык соғысы әшкереленіп, одан зардап шеккен Испания, Греция, Албания халықтарына азаттық тілейді.
Байрон үнін қазақ даласына алғашқы рет жеткізген ұлы Абай болды. Ол Лермоитов аудармасынан Байронның «Көңілім менің қа-раңғы, бол-бол, ақын!» өлеңін қазақ гіліне аударды. Қазір көптеген ақын-жазушыларымыз Байрон шығармаларын аударумен шұғылданып жүр, «Шильон тұтқыны» және «Чайльд Гарольдтің сапар шегуінен» үзінділер кезінде қазақшаға аударылып, газет-журналға шықты. Ал 1960 жылы «Жазушы» баспасы үлы акынныц бір томдык, тандамалы шығармаларын, 1965 жылы «Еврей саздары» атты өлендер жинағын басып шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет