Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы



бет139/171
Дата06.02.2022
өлшемі3,41 Mb.
#35658
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   171
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Франциядағы романтизмі - ұлт тағдырының ерекшеліктерінің түп тамыры.
2. Романтизм "сыртқы шындық пен жалпы дүниеге" (Гегель) жеке адамды қарсы қоятын таным.
Дәріс мақсаты: Француз романтизмінің жай-күйімен, даму барысымен таныстыру.
Дәріс мазмұны:
Франциядағы романтизм тағдырының өзіндік ерекшелігі аталған жалпыевропалық қозғалыстың ХҮПІ-ХІХ ғасырлар тоғысында пайда болуына, әрі дамуына қоғамдық және рухани алғышарттар қалыптастырган осы елде өзге ірі европалық әдебиеттерден, атап айткэвда, неміс және ағылшын әдебиеттеріне қарағанда романтизмнің дуние-танымдық - көркемдік жүйе ретіндегі толыкканды турлеріне (формы) кейінірек қол жеткізуіне байланысты, яғни Франциядағы романтизмнің ұлттық тағдырынын ерекшеліктерінін түп тамыры осында жатыр.
Романтизм өзінің кемелденген көрінісінде қоғамдық дамудың жаңа буржуазиялық түрін ой елегінен өткізу барысында алуан түрлі шиеленіске түскен дара тұлғаның нақты әлем (объективтік дүние) мен жеке жанға (социум) қарсы тұру идеясын алға тартады. Осыған сәйкес тұлға мүнда рухтың соңғы тұрақ табатын мекені тұрғысында пайымдалып, ол дүниені езгерту (ол романтикалық дүние-танымның кейбір жеке нұскаларында кдншалықгы шешілмес мөселе ретінде көрініс таппасын) мүмкіншілігінің бірден-бір кайнар көзі ретінде қабылданады. Тұлғаның романтикалық түғырнамасы абсолюттік ақиқат ретіндегі даналық тұлғасының идеалына қарай үмтылады, ал даналық болса, жеке адамды потенциалды мүмкіндігі орасан зор қүдіретке ие қылып, оны шын мәніндегі Жаратушының сыңарына және оның жер бетіндегі өкіліне айналдыратын шығармашылық дарын болып табылады. Сонымен қатар осы бір рухани қағида алдында бас иетін қасиеті арқасында мүндай романтикалық ой қисыны, әрине, "бүл дүниелік емес патшалық" постулаттарына қүрылған діни ойлау жүйелерінде жеңіл қабылданып және осыған сәйкес "екі дүниелік" романтикалық тұжырымдарға жауап бере алады. Француз романтизмінің даму барысының өзіне ғана тән сипатын терең ұғыну үшін мәселеиің екінші жағы да аса маңызды. Романтизм "сыртқы шындық пен жалпы дүниеге" (Гегель) жеке адамды қарсы қоятын таным ретінде француз буржуазиялық революциясының басталуы қарсаңын-дағы дәуірде кездейсоқ пайда бола қойған жоқ. Оның революциялық рухы романтиктерге қанат бітірсе, буржуазиялық астары олардың көңіліне сезік үялатты, ал рухани "аракдшық жақындығы" шешуші міндет аткарды. Германияда, әсіресе, Англиядағы романтикалық қиялшылдық белгілі дәрежеде уақыттык және кеңістік тұрғыдан алғанда сол түстағы өмірден біршама тыс тұрды. Ал француз романтиз-мінің қүрылымы, ең алдымен, өз уақыт кезеңінің тезінен өтіп, заманымен үндестік тауып отырды.Тіпті онда өзін қоғамға қарсы қойған тұлғаның типтік бейнесі жасалған-ның өзінде, сол қоғамның өз уақытының адамы туралы сөз қозғалады.
Жазушылар "Кориннадағы" мадам де Сталь, Шатобриан-ның "Ренесіндегі", Сенанкурдың Оберманы, Констанның Адольфы, ал лирикадағы (Ламартин, Виньи), сияқгы өз-дерімен замандас романтикалық жүректердің хикаясы мен сезім шаттығын шертеді. XIX ғасырдағы аскақ романтизм тұсында, жиырмасыншы жылдардан бастап осындай романтикалық қаһармандардың кэтарына кемеңгерлер, ғұламалар, алыптармен бірге, қатыгез билеушілер де келіп косылды (әрине, мүнда Гофман мен Байронның әсері аз болмады). Бірақ, француз романтизмі-нің жалпы көрінісінде Нодьенің Сбогары, Виньидің Моисейі тәрізді кейіпкерлер сирек құбылыс ретінде көзге түседі. 30-шы жылдары буржуазияға деген романтикалык кдрсылық-тың күшейе түсуіне байланысты саясатқа деген көзқарас шегіне жете қызына түсті. Егер Гюго мен Жорж Санд буржуазиямен күресте қоғамдық тәртіпті өзгертудің жаңа бір революциялық және демократиялық жолдарын іздестіре бастаса, басқа романтик ақын-жазушылар дәл осы түста өнер мен руханияттың саясатпен ешкандай байланысы болмауы туралы ұрандарды көтерді.
Міне, осылардың бөрін есепке алмай, Франциядағы "таза өнер" принципінің логикасын және оның кейінгі Бодлер, Леконт де Лиль, Флобер шығармашылығы мен эстетикалық пайымдауларындағы дамытылуы мен диалекти-асын толық ұғыну мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет