Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы



бет135/171
Дата06.02.2022
өлшемі3,41 Mb.
#35658
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   171
Қарастырылатын сұрақтар:
1. XIX ғасырдың басындағы неміс әдебиетіндегі романтизм бағытының кезеңдері.
2. Неміс романтизмінде Йен мектебінің философиялық бағыты, Гейдельберг мектебінің романтиктерінің филологиялық тәжірибелері.
Дәріс мақсаты: ХІХ ғасырдағы шетел әдебиетінің жай-күйімен, даму барысымен таныстыру.
Дәріс мазмұны:
Неміс өдебиетіндегі "дауыл мен тықсыру" (литература "бури и натиска") романтизмнің алдындағы мезгіл. XIX га-сырдың басында неміс әдебиеті романтизм бағытында үщ кезеңнен өтті.
I кезең - романтизмнің доктринасының дүниеге келуі.
II кезең 1806-1815 жылгы уақьгг аралығы және де 1830 ж. июль революциясының ықпалы.
III кезең 1830 ж. революциядан кейінгі романтизмнің күлдырауы және жаңа ағымдардың пайда болуы.
Әдебиетте айрықша еске алатын ақындар Фридрих Шлегель, Гофман, Шамиссо, ағайынды Гриммдер (олардың сфтегілері барлық жас өспірімдерді тәнті етеді).
Философия мен эстетикада кдлыптасқан романтизмнің теоретиктері неміс ақындары ағайынды Фридрих пен Август Шлегельдер, Тик, Новалис, Ф.Шеллинг, Гельдерлин, Шлейермахер т.б. романтикалық эстетикаға метафизикалық статус берді.
Неміс романтизмінің ерекшелігі өткен тарихты азаматгық рухани мәдениетінің қалыптасуының тарихы ретінде қарас-тыру, яғни болашақ пен өткенге үңілу, ал осы шақты -тұрақтанбаған, ретсіз нөрсе деп түсінуде жатыр. Романтизм тек идеологияда ғана емес, сондай-ақ сол дәуірдің белгілі (нр дүние түйсінуі, дүниені қабылдауы ретінде қоғамдық ІІсихологияда да өз көрінісін тапты. Романтикалық дүние-танымның мөні - жалған дүние мен оған сай келмейтін жоғары идеал арасындағы шешілмес кайшыльщгы мойындау.
Неміс романтизмінде Йен мектебінің философиялық бағыты басым болды, олардың теориясы мен практикасының - тәжірибесінің тұжырымы - Ақын ғалымнан да күрделі, жоғарырақ алда тұр деген үсыныс.
Гейдельберг мектебінің романтиктерінің филологиялық тәжірибелері, ескертпелері басым болды. Олар жанр систе-масына, жүйесіне ерекше көңіл бөлді, соның айғағы Гофман ертегілерінде романтикалық ирония ерекше мәнге ие болды. Гейдельберг мектебінің өкілдері Фихте, Кант, Шеллингтің ілімдері романтикалык өнердегі насихаттық идеялардыц маңызын шешуге бағытталды, өнер ғылыми тұрғыдан көзкдрас пен насихатты үштастырды, идеялардың маңызын шешуге бағытталды, өнер ғылымь түрғыдан көзқарас пен насихатты ұштастырды.
Гегель және оның достары Гелдерлин, Шеллингш, пікірлері алғы шепте болуымен қатар XX ғ. кең өріс алғак герменевтикаға да әсер етті. Алғашқы кезде бұл ұғым көне енердегі түсініксіз мәтіндерді пайымдау енері жөне ілім? деп кабылданған. Алғашқы герменевтика ежелгі антикалық дәуірде көне ақындардың (ең алдымен Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, қүпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Герменевтика міндеті түтас мәтінді дәл жеткізу. Әсіресе, поэзияда герменевтика өте қажетті, өйткені, ақын ез ойын сәуегей кейпінде жеткі-зеді. "Басқд мәдениетті түсіну үшін, дейді М.Бахтин, оның "ішіне" ену керек. Сонымен қоса, басқаны түсіну үшік өзіндегі тұрақтылықгы да сақгау кажет".
Ф.Шлейермахер (1768-1834) неміс протестанты, теолог ол философ ретінде йен романтиктерінің идеялық рухани ерекшеліктеріне жақын болды, солар сияқгы ол да дінді ішкі әсерленушілік, сезім шексіздіктен "тәуелділікте" деп есептеді. Оның еңбектерінде герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылады. Ол үшін догматтар мен рөміздер дөндар--лық сезімдер болып табылады, ал олар діни тәжірибедегі сенімнің субстанциясына айналады. Шлейермахер кәзіргі философиялық ұғымдарды қолдану төжірибесі арқылы ескі діни мөтіндерге жаңа мазмүн беруге болады дейді.
Қосөлемдік көрініс, суреткер тақырыбы, шығармашы-лық (ой) елес, қиял — романтиктердің бастамасы олардың символды кеңінен пайдаланғанын байқаймыз. Ол кездс символ өріс алды, мысалы ақ кегершін — бейбітшілік символы. Ал Йен романтиктерінің символы — көк гүл. Әдебиетте бұл бағыт ертегілердегідей өзгеріс пен ауысымдарды тоғыстырған теорияға айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет