Қарастырылатын сұрақтар: 1. Кіріспе. ХХ ғасыр әдебиетінің дәуірлерге бөлінуі.
2. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер.
Дәріс мақсаты: ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр аралығындағы әдебиет дамуының басты бағыттарын айқындау.
Дәріс мазмұны: Кіріспе. ХХ ғасыр әдебиетінің дәуірлерге бөлінуі. ХХ ғ. басындағы Шетелдегі тарихи-әлеуметтік жағдай. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы – жаңа өтпелі кезең. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер. Бұл дәуір әдебиетіндегі басты әдеби ағым-бағыттар – сыншыл реализм, натурализм, неоромантизм және романтизм, декаданс, символизм, модернизм. Аталған ағым-бағыттардың болмыстық ерекшеліктері, көрнекті өкілдері. Жаңа мәдениеттің, жаңа идеялар мен ақыл-ойдың қалыптасуына XV—XVI ғ. етек алған халықтық қозғалыстар өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Осы тарихи кезенде жаңа үлттық қарым-қатынастар калыптасып, ұлттық мемлекеттер қүрылып, жаңа мәдениеттің дамуына даңғыл жол ашылды. Әрине, буржуазиялық қоғамның алғашқы сатысындағы мәдениетгің капитализмнің одан кейінгі кезеңдеріндегі мәдениеттермен салыстырғанда түбегейлі айырмашылықтары болды. Өйткені XVII ғ. қазіргі адам-зат баласының алдында туындап отырған түбегейлі мәселелер (дүниежүзілік соғыс, ғылыми-техникалық прогрестің зардаптары, табиғат байлықтарын ысырапсыз пайдалану және т.б.) ол кезеңде туындамаған болатын. Бірақ, осы жағдайларға қарамас-тан, ХІХ-ХХ ғасырларда да қырғи-қабақ соғыстар мен қақтығыстар, зорлық-зомбылық пен қантөгістер бір сәтке толастамай, аштық пен эпидемия - халықты қайғы-касіреттерге ұшыратты. Осы сияқты ғасыр тудырған қатыгездіктер мен қиындықтарға кара-мастан адамзат баласы тығырықтан шығудың, қоғамды қайта қүрудың, өмірді нәрлендірудің жолдарын қарастырды.
Бұл дәуірде Ренессанс мәдениетінің тамаша дәстүрлері қайтадан жаңғырды, жаңа заман тудырған тарихи-мәдени жағдайларға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмүнға ие болды. Еылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, үлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда ай-тарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XІХ-ХХ ғ.ғ. ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды. Еылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.
XІХ-ХХ ғ.ғ. ғылыми революция — адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып-білуге деген қүлшынысының жемісі болды. Ғылымның қарышты қадаммен алға басуы жөне оның қоғам-дық өмірдің барлық саласына біртіндеп кіре бастауы рационализмнің қалыптасу процесін аяқтауға мүмкіндік берді. Раци-онализм жаңа заман адамының өмірі мен бет-бейнесін жан-жақты айқындай отырып, халық санасынан еркін орын алды. Рационализм қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды ескере оты-рып, христиан дінінің католиктік тармағымен, оның дүниені қүдайдың жаратқандыгы туралы ілімімен де санасып отырды.