Қарастырылатын сұрақтар: 1. Реализм - көркем жүйе.
2. Реализм өкілдері - Бальзак , Золя, Фрянс, дю Гар, Роллан, Стендаль, Мериме, Флобер мен Мопассан мектептері мен дәстүрлер көзі.
Дәріс мақсаты: Реализм туралы терең түсінік беру, оның қызметімен таныстыру.
Дәріс мазмұны: "Реализм" жайлы айткан кезде біз оны көбіне кезең-дерге бөлмей, тұтас бір бағыт ретінде кабылдаймыз. Реализмнің кейінірек көркем жүйе ретіндегі өзінің даму барысында көптеген өзгерістерге ұшырағаны белгілі. Бірақ бізді қазір европалық өдебиеттердегі романтизм дәуірінің орнын басқан реализмнің жалпы бағыт ретіндегі эсгетикасы мен көркемдік төжірибесі ерекше қызықтырып отыр.
Айта кететін тағы бір мәселе. Біз реализм туралм көн сөз еткеніміз соншалықты, ол туралы түсінік көбіне шаблонға айналған "өмір шындығы", "буржуазиялық қогамды сынау" және т.б. ұғымдардың жиынтығы сияқты боп көрінеді. Бірақ олардың көбі романтизмге де тән еді ғой. Сондықтан реализмнің пайда болу кезеңін оқығанда, оньщ сол уақытқа тән барлық жаңашылдығына айрықша көңіл бөлген жен. Демек мен бұдан ары қарай реализм туралы сөз айтқанда, ақиқат салыстыру кезінде анықталады деген жүйеге сүйене отырып, үнемі романтизмге аркд сүйеудің осындай себебі бар. Ендеше реализм мен романтизм арасындағы себеп-салдарлык байланысқа көз жеткізген сон енді олардың арасындығы айырмашылыктарды баііқау қиын емес.
Реализм өзінің аты айтьш түрғандай, өнердің шындқты, суреткерді қоршаған күнделікті өмірге кайырылу көрінісі екендігі белгілі. Біздің байқауымызша, қоғам дамуыньщ озі де, жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдар, материалкстік философияның алғашқы ағымдары да өнерден өмір шын-дығына кэйрылу кажетгілігін талап етгі. Буржуазиялық XIX ға-сыр басталған бойда-ақ, суреткерлерді олардың романтика-лық биіктікте шарықтауды қаншалывды калағанымеи де (Гофман), жерге карапайым өмірге оралуға өктемді түрде шақырды.
Ортодоксатіьды романтизмнің жақгаушылары реалистерді осы жер бетіне түскендігі үшін, буржуазиялық күйкі тірліктің жағымсыз прозасын зерттеуге үмтылысы үшін аз кіналаған жоқ. Тіпті оларды жәндіктерді зерттейтіл зос>лог-тарға теңестіріп, адамға да сондай сыиақтар жүргЬетін түрпайы зерттеушілер етіп көрсетуге тырысты.
Реалистерді кір-қоқысты тазалауға өте-мете қызьнушы-лық танытканы үшін де кіналады. Бұл түсінікті дс. Әрине, қоғам өзі жайлы ашық шындыктың көп айтылуына, өзінің ресми институтгары атынан басқаша қарай алмайды. Соны мен бірге романтикалық эстетиканың жақтаушылары реа-листердін жерге тым жақыіадығын кабыл ала алмады, сөйтіп өз сьшдарының орынды екендігін танытты. Міне, бұл жайт мәселенің осы бір жағын мұқият қарастыруымызға мәжбүр етіп отыр. Бүгінде, жүз жылдан астам уаідат өткен кезде, бізге сол кездегі Бальзак пен Флоберге немесе Теккерейге олардың салқынкзвды бейтараптығына (холодная беспристрастность) катысты айтылған жазғырулар біртұрлі көрінуі де мүмкін. Бальзактың Евгений Гранденің қор болған өмірі туралы повесш немесе Флобердің мадам Бовариін оқыған кезі-мізде, біз бұл жазушылар жаратылысты зерттеушілердің салқынқанды қызығушылығын басшылыққа алды, олар тек адам табиғатының ұждансыз тұстарын қазбалады деп айта алмас едік. Бірақ реалистердің атына айтылған тарихи сын-ескертпелерді түсіну үшін, бұл өдебиет жалпы дөрекі өмір прозаларымен принципті түрде жұмысы жоқ өдебиеттің орнына келгенін тағы бір еске алғанымыз жөн. Романтика-лық музыканттар, қиялшыл суретшілер, табигаты қызық адамдардан кейін әдебиетке күтпеген жерден өсімқорлар, пайдакорлар, шенеуніктер. мещандар тобыры ентелей кіріп келді де, ақшаларын санап, бір-бірін алдап, бірін-бірі аяғымен балшыққа таптап, кітаптың жүздеген беттерінен өздеріне ыңғайлы орын тапты. Басында бұл тым көп сияқты болып көрінді. Үзақ уақыт сыпайылық, мөлшер, таңдау принципі дегендерді бәрінен жоғары қойып келген әдебиетте ащы шындық тым көп болып кеткендей еді.
Бүл айтылған кінөлаулар қазіргі кезде бізге бүл әдебиеттің принципті жаңашылдықгарын түсінуге көмекте-седі. Осылардың бәрінің тым жаңа, тым үйреншікті еместігі соншалық, бүл шығармалардағы бүкіл қүштарлық пен қасірет шегушілікті сол кезде ешкім байқай да қойған жоқ, тіпті өнердщ талғампаз бағалаушыларының өздері де оны жете сезіне алған жоқ! Шындықты суреттеуден алған әсердің естен тандырғаны соншалық, Бальзак, Флобер, Теккерейдің барлык. шығармаларына өзек болып тартылған адамға жаны ашу тәрізді ішкі иірім тіпті байқалмай да қалды! Егер реалистік және романтикалық әдебиеттердің тым жалпы бағдардағы белгілерін салыстыруды жалғастыратын болсақ, реализм өлшемсіздікке, шындықгы кең ауқымда суреттеуге, дерек талғамаушылықкд ашкөздене үмтылуымен танғалдырады. Бұл жерде осы үш түрлі эмоцианалдық бояуы бар сөз тіркестері әдейі пайдаланылып отыр. Қорек талғамаушылық деген сөздің астарында айыптайтын сықақ бар (реализмнің романтикалық сыншылары да осыны желеу етті). Ал шындықгы кең ауқымда суреттеу дегенде жағымды бағалау сезіледі. Адам баласының тілі синоним-дерге бай, көбінесе мәселе олардың реңктеріне байланысты болып келеді. Сол бір кезден бері XIX және XX ғасыр-лардың көптеген жазушыларын объективизмі ұшін, келеңкелі түстарды қоюлатканы үшін жазғырып келеді. ал ондай жазушыларды актаған сыншылар көлеңке жақгарды көбірек көрсетуге деген үмтылыс оларды болдырмауға тырысудан туып отыр деп дәлелдеуге тырысты. Бір қарағанда мұны түсіну қиындау гәрізді, еркайсысы өзінше дүрыс. Бәлкім осы тұста әдебиеттің мәңгілігі деп дәріптелген классикалық тәжірибені еске алу жөн болар. Мүмкін, мұның бәрі болғанын, Бальзак нен Флобердін салқындығы деген атаудың шын мәнінде шындықты ымырасыздықпен толық ашып көрсетуге үмтылыстың өзі екенін еске алу керек шығар. Олар бүны табалау үшін емес, ақикаттың салтанат құруы үшін жасады, соның арқасында реализм уақыт сынына төтеп бере алды.
Сонымен, жаңа керкемдік әдістің айқын белгілерінің бірі ретінде шындықгы кең өрі толыққанды суреттеуге ұмтылуды атаймыз. Ең алдымен, ақиқатты (дерек) сурет-теуде барынша дәлдік қажет, тек соның негізінде ғана сол ақиқаттың мәні туралы қорытынды шығаруға болады. Егер дүниені жақсы жақкд қарай өзгерту мүмкін болатын болса, оны ақыл-кеңес, уағыз, еліктеуге болатын идеалдык образдар арқылы емес, тек әлемге ол туралы бар шындықты айтып беру арқылы жасауға болады. Егер дүние (әлем) сырқат болса, ең бастысы оның диагнозын қою қажет.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, кез келген баскд әдебиет сияқты, реалистік әдебиеттің де орталығында адам түр. Бірақ реалистік әдебиеттегі адам тек оның ішкі әлемін ғана жан-жақгы ашу арқылы емес, оны қоршаған ортаны барынша кең қамту арқылы көрсетіледі. Адам мөніне жету үшін адамдар арасындағы қарым-қатынас құпиясын ашуда еш нәрсе екінші дәрежеде болуы тиіс емес - адам жаны-ның нәзік тербелістері де, оның бөлмесіндегі жиһаздар мен киім-кешегіне дейінгі барлық тұрмысына қажет кішігірім детальдар да маңызды. Бұл XIX ғасырдағы алғашқы реалис-тер сенімі. Бальзак өз кейіпкерлерінің киім-кешегін, керемет жеке сарайларының интерьерін, қарапайым мансардтарды шынайы суреттейді, кейіпкерлердің рухани өмірі мен олар-дың бір-бірімен қарым-кдтынасын одан да аскдн дөлдікпен суреттейді.
Бұл ұқыптылықга көркемдік танымдағы ғылыми дәлдікке деген үмтылыс кана емес, сонымен бірге, бұрын айтып өткеніміздей, шындықка романтикалықпен мөн бермей. оны елемеген кезде жиналып қалған күш-қуаттын, сыртқа тасып төгілгеніндей сыртқы дүниеге, шындыккд кызу сезіммен үстемдік етуге тырысулар еді. Романтиктер сондықтан да кей-кейДе реалистер жазбаларынан өздеріне тен болмыстың куанышын көрсетуді байқап қалып, оларға буржуазиялық прозаны идеализациялауда деген сезіктен туған реніштерін білдірді.
Бірақ сыншыл реализм адамды зерттеуде өте үлкен эстетикалық жеңістерге қол жеткізді. Реалистер шығарма-ларында адам характерінің қандай типтері көз алдымыздан өтеді десеңізші. Романтиктер шынын айткднда, адамның төрт типін сомдады. Олар - байрондық бүлікшіл, өмірден күдер үзген меланхолик, жігерлі суреткер, пасык-тоғышар (филистер) типтері. Әрі бұлардың бәрі накты мінездік ерекшеліктерден ада, әдетте, шегіне жете жинақталған болып келеді. Алғашқы үш тип бір-бірімен өзара байланы-сып, араласыл кеткен романтикалық геройлар болса, төртіншісі оларға қарсы герой. Шатобриандық Рене, конс-тандық Адольф, гофмандық Крейслер, байрондық Чайльд Гарольдта ерекше бір мінез айырмашылығын көзге елестету мүмкін бе? Бүлар жалқы характерлер емес, адам көңіл-күйлері мен тәртіптерінің типі. Бальзактық Растинъяк пен стендальдық Жюльен Сорельді немесе флоберлік "Сезім гәрбиесіндегі" /"Воспитание чувств"/ Фредерикті шатас-тыру мүмкін бе? Ә, дегенде-ақ, бір-бірімен ұқсастығы байкалатын бүл геройларды әдейі алып отырмыз. Олардың бәрі бастапқыда романтикалық идеалистікпен өмірге енген сол баяғы романтикалық геройлар, бірақ олардың тек тағдырлары ғана емес, жеке бет-бейнелерінің әр келкілігі қандай десеңізші! Ал егер бұларға бальзактык Гобсек пен Гранде қартты, немесе Горионы, немесе Диккенстің мистер Домбиін, Теккерейдің Ребекка Шарпын қоссақ, бүл кейіпкерлер байлық жинауға қүмартқан дүниеқоңыз адамдар типіне жатқанымен, әр қайсысы өр түрлі. Олардың әрқайсысы айрықша жаратылған жеке-жеке мінез иесі, сондықтан да оларды бір-бірімен шатастыру мүмкін емес.
Адам мінезінің мүндай молшылығы реалистер шығар-маларында олардың арасындағы көп салалы әлеуметтік байланыстармен толыға түсті. Реалист- жазушылар әр түрлі тағдырларды ғана көрсетуге үмтылған жоқ, әр түрлі әлеу-меттік тағдырларды керсетуге тырысты. Олардың романда-рында қоғамдық иерархияның барлық сатылары, қоғамдык өмірдің барлық салалары көрініс тапқан. Мәселен, Стендаль езінің Жюльен Сорелін әлеуметтік баспалдақтың сатыларымен жоғары қарай, село ағаш ұстасының үйшігі-нен шет аймақтағы қала қоғамы арқылы жоғары қауымға жетелеп шығады. Бальзак өзінің үлы эпопеясы "Адам комедиясының" /"Человеческая комедия"/, "Шет аймак өмірінің көріністері"/ "Сцены провинциалыюй жизни"/, "Париж өмірінің көріністері" /"Сцены Парижской жизни"/. "Жеке өмірдің көріністері" /"Сцены частной жизңи"/ деген циклдарға бөледі. Осы циклдар ішінде ол ақсүйектер мен буржуалар, өсімқорлар мен дәрігерлер, заңгерлер мен жазушылардың әркдйсысын нақгы мамандықгары бойынша суреттеуді алдына мақсат етіп қойған.
Диккенс те дәл солай ез-өзіне тапсырыс беріп, соны орындап шығады. Ол Англия мектептеріндегі оқыту жүйе-сінің сұмдықтарьша кдтгы ашуланып - "Николас Никльбиді", ағылшын буржуазиялық сотына реніш білдіріп — "Суық үй'" /"Холодный дом"/ романын, еңбек пен капитал арасындағы қарама-қайшылыққа көңілі толмай — "Ауыр уақыттар'' /"Тяжелые времена"/ романын жазады.
Бұл қоғамдық құбылыстарды кеңінен қамтуға деген ұмтылыс реалистік шығармалардың жанрларынан да айқын байқалады. Реализм дәуірі - бүл, ең алдымен, роман-эпопеялардың гүлдену дәуірі. Олардын атының өзі айтып тұрғандай, авторлардың кендікке ұмтылғандығына дәлел бола алады. Бальзактьщ "Адам әжуасы" /"Человеческая комедия"/, Теккерейдің "Менмендік жәрмеңкесі" /"Ярмарка тщеславия"/, "Қызыл мен караньщ" /"Красное и черное"/ "Реставрация кезеңінің хроникасы" /"Хроника времен Реставрации"/ деген қосымша тақырыпшасы бар, ал Мериме өз тарихи романын "Карл IX кезеңінің хроникасы" деп атаған. Кендікке ұмтылу романтикалық едебиетке де тарала бастайды. Гюгоның кең көлемді романдары ("Аластатылғандар" /"Отверженные"/ мен "Тоқсан үшінші жыл" /"Девяносто третий год"/) осыған мысал бола алады. Бұл да уакыт нышанын танытады.
Бұл жерде мынаны ескерту орынды тәрізді, шындық аумағын кеңінен суреттеуге ұмтылу дегенде реалист жазу-шылардың бәрі бірдей солай етті, көп жазып, бірін-бірі басып озғысы келді деп түсінбеуіміз керек. Астын сызып айтар ой мынандай: бұл ұмтылыс суреткердің жекелік "менінің" тереңінде жатқан шындықтан романтикалық қашуға қарама-қайшы түрған тенденция ретінде өмір сұрді. Бұл ұмтылыс әсіресе Бальзак шығармашылығында өте жарқын керініс тапкан. Біз Стендальдьщ детальдар тандауда тым үнемшіл екендігіне, Мерименің одан кем түспейтін-дігіне көз жеткіземіз. Бірақ олар үшін де өмір шындығы мен күнделікті тұрмыс басты нысан болып қала береді.
Енді кеңдікке үмтылумен катар, теңдік сақгау факторьгның кэжетгілік сапасы ретінде аса дәлдікті детальдарды таңдауға үмтылыс қатар дамығанын айтар уақыт жетті. Бүл тенден-ция реализмде о баста-ақ болған. Егер Бальзак желісін Золя, Фрянс, дю Гар, Роллан жалгастырса, Стендальдан Мериме арқылы Флобер мен Мопассанға апаратын жаңа желі басталады. Бүл жағдайда өлшеусіз объектінің өзі -реалистік шындық таңцаудың көркемдік принциптерін талмай іздеуге, үнемшілдікке мәжбүр етеді. Осы жерде былайынша айтқанда, дәл осы нүктеде реалистер мен романтиктердің түрақты пікірталасына айналған проблемаға біз енді басқа бір жаңа деңгейде ораламыз. Мұның мәні мынада - сол бір кендік пен эстетикалык әмбебаптық өзімен бірге адамгершілік релятивизмге апарады, идеалдардың жоғалуы, мейірімділік пен қастандықтың моральдық кате-гориялары тәрізді зардаптарға ұшыратқан жоқ на? Егер жазушы жағымды герой мен жағымсыз геройды (герой-злодей) бірдей шабытпен көркемдеп әдемі жазса, бүл оныц жауызды эстетикаландыруын, демек, ез қаламын кімге арнаса да оған бәрібір дегенді білдірмей ме? Бүл жердс біз бірден әділін айтуымыз керек, реалистердің негізгі мақсаты жай ғана толыктық үшін толықтык емес, адам өміршдегі аса мәні бар, аса маңызы бар заңдылыктарды табу. Бүл жазушылардың буржуазиялық дүние төртібіне қатаң сын көзбен қарайтындығына күмөн туғызбайды. Осыдан келіп кеңдік ауқымынан баска, екінші ерекшелік бір туындайды, ол - сыншылдық. Тек біз дағдыланбагандықган да, реалистер "мейірімділік пен жауыздыққа селқостық" таныткаіщай көрінеді, әйтпесе олардың шығармалары арқылы әдебиотке өте көп детальдар мен деректер енді. Оларда пайымдау принципіне қарағанда сын жағы басымдылық таньпады деп айтуымызға өбден болады.
Буржуазиялық күйбің тірліктің (повседневность) аясында идеалдық кейіпкерлердін тұлғасын сомдауға бағытта Ітан әрекеттердің бәрі дерліктей сөтсіздіктерге ұщырап отырды. Диккенстің кейіпкерлері сүйкімді де жан сүйсінтерлік <юл-ғанмен, олардьщ өмірдегі сәітіліктері автордың қолымек жасалғанын, болмаса жай кездейсоқтық екенін оқырмал бірден түсіне қояды. "Иә, адам осылай болуы тиіс". Жорж Сандтың осы ойын ары қарай жалғайтын болсақ, ек а.ч дегенде адамның қандай болмауға тиістігін су]іеттедаң қажет екендігін мойындауымыз керек. Ал бұл - бурлсуа-зиялық қоғам жағдайында аса маңызды мәселе. Реалистер адам осындай деп жай ғана ықылассыз айтып койған хоқ, олар ездерінің барлық шығармашылық болмысымен адам Гобсек немесе Ребекка, Шарп немесе мистер Домби сиякты болмауы керек екенін, соны түйсінген кезде гана адалі жақсырақ болуга тырысатынын дөлелдей білді. Әрине, дүниеқоңыздыкден уланған жаман адамдарды тек реалис-тер ғана суреітеген жоқ. Бүл іс оп-оңай емес. Жорж Саижд пен Гюго жауыздар бейнесін жарқыратып аша алды. Мәселе олардың тым кдтгы, шамадан тыс жарқыратып жібергеніндс болып отыр. Қалыптасқан дәстүрге сай, ромаитизм солғын бейнелерді (полутона) мойындамайды. Орыс акыныиың мына жолдары естеріңізде ме: "Мен — патша, мен құл, мен - құрт, мен құдай" /1-Я царь - Я раб; Я червь - Я бог"/. Бұл - егер ол жақсы адам идеал болса, оның бойыкдагынық бәрі тамаша болуы керек, егер жаман адам болса ол жауыздыкуың нағыз өзі деген нормалык түсініктен туындаған пайым. Романтиктерде образдар айқын, жарқын болып шығады, бірақ олар кандай да бір жекеліктен ада, көбіне. схемаларға бой үрған типтер еді. Сонымен бірге олардын жауыздығы романтистік түрғыдан көбіне аса шектен шыққан (величественный) болып шықты, міне, осыған байланысты, реалистер енді тіпті романтиктердің оларға таққан кінәсін өздеріне кзрсы қойып, жауыздықты эстетикаға айналдырғандарын басты кінә етіп тағуына болар еді!
Егер романтикалық эстетика жағымды да, жағьшсыз да түргыда схемадан, типтен (мәселен жауыз) туындаса, реа-листік эстетика жеке характерден туындайды. Адам - өте күрделі қүбылыс. Жақсы адамда жаман кдсиеттер, жаман адамда жақсы қасиеттер, сезімінің оянуы, қызығулығы болуы әбден мүмкін. Әйтсе де, неліктен бір адамның бойында жамандық, екіншісінде жақсылық жеңетінін бақы-лау, анықгау қажет-ақ. Бұл көп жағдайда адамның езіне ғана емес, ол өмір сұретін қоршаған ортаға, ол тап болған накты өмір ахуалдарына байланысты болады. XIX ғасыр реалистерінің шығармаларында бізге нанымды картиналар-дан гөрі өшкерелеуші суреттер көбірек кездесуінде таңға-ларлық ештеңе түрған жоқ, шындық жолын қуушыларға міндетті болатындай, олар жақсы адамдарды - періште, жаман адамдарды албасты етіп бейнелемейді. Екеуінің де нақгы кемшіліктері мен жетістіктері бар адамдар. Бірақ реалистердің ең басты үлы еңбегі тіпті мүнда да емес, ол олардың адам бойындағы жамандық міндетті түрде оның табиғатынан туындайды деп емес, бәрінен бүрын ол тап болған жағдай, әлеумеітік ортаға тығыз байланысты екен-дігіи көрсете білгендігінде. Және бүның өзі адамның қоршаған жағдайларға деген қызығушылығының артуымен түсіндіреді. Дүние шындығын қамтудың өмбебаптығы мен оны катаң шыншылдықпен бейнелеуге үмтылу реалистік әдебиетгің өзіие тән тағы бір ерекшелігін туғызды. Әмбебаптықган бүл өнердің терең синтетикалығы шығады, Мүны тағы да романтиктермен салыстырып көрелік. Әмбе-бап өнер жасауды олар да сондай армандаған еді. Міне. уақыты жеткенде, олар өздерінің әмбебап шығармалары-ның оқуға қолайсыздығына көз жеткізді. Олардьщ әмбе-баптығы кебіне-көп бұлыңғырлыққа, аморфтыққа айналды. Осы мағынадан алғанда, реализм анағүрлым әмбебап, Реалистер өз алдына шындык кеңістігін кеңірек қамтып. молырақ зерттеуді максат етіп қойғандықтан, реализм өзіне кандай да бір сыртқы шектеулердің болу мүмкіндік-терін жоққа шығарды. Ал осыдан келіп көркемдік тәсілдер мен қүралдарды қолдануда толық еркіндік пайда болады
Реалистер, ұқыпты шаруақор әрі өз-өзіне сенімді үй иелері секілді әдебиет үйінде өздерін еркін сезінді және бүрынғы үй иелерінен қалғанды еш қысылмастан паі-Іда-ланды. Біз бүл тұрғыдағы реалистер шығармаларында ро-мантизммен көп ортактық барын жоғарыда атап өткен едік. Жеке түлғаның өзіндік ішкі әлемі бар болғандықтан да. оның өзіне төн армандары мен идеалдары, мүн-мұкг;іжы болатындығы шындық, ендеше олардың реалистік одебие-Іте де өмір сүруіне құқы бар. Реалистер шындыкты айқьшдау үшін фантастика, символика, гротеск бөрін де қолдаІІІІды. Олар тек бір нәрсені ғана - өздерінің ақиқатка жетуге ді-ген ұмтылысында қандай да бір канондар, дііш-нанымдық тиымдар, басқа да тиым - шектеулердің болуып кабыл алмады. Реапизм өзіне дейінгі дәуірлердің жетістікпфін бойына жинақтап, біріктіріп, оларды бір ғана ақиқат үшін қызмет етуге жүмылдырудың нәтижесінде аса жоғары син-тездік өнерге айналды. Реализмді өнердегі түрлі субьсі;ти-визмнен ерекшелейтін де, міне, осы.
Экспрессионизм, символизм, абстракционизм үғымлары шарасыздықтан өнер кекжиегін тарылту есебінен я:еке көркемдік моменттерге акцент жасау дегенді меңзейді, Реализм бұларға да қол жеткізе алды, бүлардың бәрі де реализмнің бойында бар, бірак олар өзінін реализмцеп орнын дүниені объективті түрде бейнелеу жүйесінен алған.
Енді бізге жоғарыда айтылғандардың бәріне қорытыиды жасау қалды. Реализмнін жоғарыда атап өткен нелзгі »іел-гілеріи топтастырайық. Олар - жағдайды, ахуалды. дет;шь-дарды бейнелеудегі шыншылдық, өмір шындығының барынша (максимально) дәлдігі, мінездердің жаркын дара-лығы, әмбебаптық, талдаушылық, аса бір ерекше деталь-дарды, аса бір маңызды зандылықтарды сұрыптауға ұмтылу. Міне, өнердегі шынайылық көрінісі болып табылатын реализм өдісінің біз жинақгаған көркемдік қасиеттері осы. Ол озі пайда болғалы бергі екі ғасырда талай қайшылықты пікірлер талқысына шыдап кана қоймай, әр кезеңце жаңа сипатқа ие болып, өзінің әдеби, өнери әдіс ретіндегі өмір-шеңдігін дәлелдеп келеді. Оның келешегі умітті, болашағы зор екендігіне күмән жоқ..