Ж. қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын



бет3/4
Дата14.05.2024
өлшемі78,36 Kb.
#202147
1   2   3   4
Байланысты:
бөж ясауи 1

ҚОРЫТЫНДЫ
Қожа Ахмет Ясауи шығармасы өскелең ұрпақты шынайылық пен әділдік үшін ғұмыр кешуді көздейді. Адал еңбегімен халыққа қызмет етумен байланыстырылады .
Қ.А.Ясауи өзінің ерекше қабілеті мен дарынын, күш жігерін түркі халқына, туған еліне жалпы түркі дүниесіне, әсіресе өскелең болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне жұмсаған ғұлама. Оның әдеби шығармалары бүкіл түркі әлеміне оның ішінде қазіргі қазақ әдебиетінің және әдеби тіліміздің кемелденуіне ерекше ықпалын тигізді. Ал, оқу-ағарту саласындағы көзқарастары бүкіл түркі әлеміндегі, оның ішінде еліміздегі педагогикалық ой-пікірлердің пісіп жетілуіне, хикметтері мен рухани адамгершілік мұралары ұлттық тәлім-тәрбие беруде ерекше мәнге ие. Сол себепті Ясауидің ілімі күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпақ емес.
Қорыта айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи ислам діні мен жергілікті дәстүрді сабақтастырып, халықтың рухани түрғыдан кемелденуіне өз үлесін қосты. Оның қарымды қаламынан туған «Диуани Хикмет» атты еңбегінде Құран-Кәрімнің сүрелері мен аяттарына мысалдар келтірілген. Елді бейбіт өмір мен имандылыққа шақырды. Хақты танудың бірден бір жолы ислами ілім жинау екендігін жете түсіндірді. Сауаттылық пен еңбекқорлық арқылы тұлғаның қараңғылықтан құтылып, жарық сәулеге енетіндігін жазды. Сәбилік күннен берілген өнегелі тәлім-тәрбиесі мен білімі баланың өміріне азығы боларын айтты . Қожа Ахмет Ясауидің қанатты дана сөздері қай кезеңде де , қай заманда да болсын өз құндылығын ешқашан жоймайтын асыл қазынамыз.

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ясауи Қожа Ахмет. Даналық кітабы. Аударған Ж.Әбдірашев. Шымкент, 1993 жыл.
2. Ясауи Ахмет. Диуани хикметтен сежмелер. Әзірлеген К.Ераслан. Анкара. 1991ж.
3. Әл-Афкар гинда әл-Ғазалий. – Байрут-Любнан: Әл-Мактаба әл-Арабия, 1983.
4. Құран хикаялары. Құрастырған Мұхаммед Ахмет Жадмолла. Алматы. 1992 ж
5. Кенжетаев Д.Т. Қожа Ахмет Иасауи философиясы және оның түркі дүниетанымы тарихындағы орны. Филос. ғыл. док. ғыл. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2007.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет